Циклы Авторы Сортировка

Үшінші хадис: Неліктен әйелдің үйінен шықпағаны жөн

5 272
5 ноября, 15

عن عبد الله بن مسعود - رضي الله تعالى عنه - عن النبي - صلى الله عليه وسلم
قال: -«إن المرأة عورة فإذا خرجت استشرفها الشيطان وأقرب ما تكون من وجه
 ربها في قعر بيتها» أخرجه الترمذي، وابن خزيمة وابن حبان


Ибн Мәсғуд (Алла оған разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят еткен: «Расында, әйел – әурет, ол далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді. Оның Аллаға ең жақын болатын кезі – үйінің ең түкпірінде отыратын шағы» (әт-Тирмизи, Ибн Хузеймажәне Ибн Хиббан).
 
«Фәйдәл-Қадирдің» авторы «әйел – әурет» деген сөзді былай түсіндіреді:

أي هي موصوفة بهذه الصفة ومن هذه صفته فحقه أن يستر والمعنى أنه يستقبح
تبرزها وظهورها للرجل والعورة سوأة الإنسان وكل ما يستحي منه ؟ كنى بها عن
وجوب الاستتار في حقها
 
«Яғни, олар осы қасиетпен сипатталған. Ал, осы қасиетпен сипатталғандардың міндеті – бүркену. Мұның мәні – олардың ер адамдардың көздеріне көрініп, алдарында ашық жүрулерінің құпталмайтындығында. Адамның әуреті – оның жыныстық мүшелері және ұялтатын нәрселердің бәрі. Сондықтан, бұл сөз бүркенудің міндет екенін айрықша баса айту үшін салыстыру ретінде қолданылған».
 
Басқаша айтқанда, негізінде, әйел адам ибалықпен, инабаттылықпен сипатталған. Осы қасиеттер әйел мінезінің әу бастағы жаратылысында бар. Сондықтан, әйелдің орны мен рөлі дәл осы ұстанымға негізделуі тиіс. Ал, ер мен әйелдің қоғамдағы әлеуметтік рөлі мен орны бірдей болуы керек дейтіндер адамның қоғамдағы белгілі бір рөлге деген бейімділігіне тікелей әсер ететін ер мен әйелдің арасындағы менталдық және физиологиялық ерекшелікті мүлде ескермейді. Дініміздің үкімдері болса, ─ әр жынысқа өз жынысының табиғатына сәйкес келетін рөлді анықтап берген Жаратушымыздың үкімдері.
 
Ал, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ол далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді» деген сөзіне Молда Әли әл-Қари «Мирқат» кітабында төмендегідей түсініктеме береді:
 
أي زينها في نظر الرجال وقيل : أي نظر إليها ليغويها ويغوي بها

«Яғни, ол әйелді еркектің алдында әдемі етіп көрсетеді, яки оны тура жолдан тайдыру үшін және оның көмегімен өзгелерді де жолдан тайдыру үшін [шайтан әйелге] қарайды».
 
Расында, әйел – шайтанның адамдарды азғырып, тура жолдан тайдыру мақсатында қолданатын қаруы. Бар мәселе мынада: әйелдердің еркектерге деген қызығушылығына қарағанда ерлердің әйелдерге деген қызығушылығы мен құштарлығы әлдеқайда күштірек. Сол себепті, әйел адам өзінің ер адамдарды еліктіретінін әрдайым жадында түйіп жүруі тиіс.
 
Қазіргі күндері азғырудың тағы бір түрі – әлеуметтік желілер. Онда көптеген мұсылман қыз-келіншектер өз суреттерін жариялап жатады. Біз әйелдердің әуреттерін ашып түскен суреттерін аузымызға да алып жатқан жоқпыз. Біз мұнда дін үкімдерін орындап жүрген, хиджаб киген мұсылман әпке-қарындастарымыздың суреттері жайлы айтып отырмыз.
 
Базбіреулердің: «Онда тұрған не бар? Оған тыйым салынған ба еді?» - деп сұрауы ғажап емес.
 
Біз бұған былай жауап береміз: «Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «ол далаға шыққанда шайтан оны әдемі қып көрсетеді» деген сөзі көшеге хиджабсыз шығатын әйелдерге қатысты ма?».
 
Сондықтан, мұсылман қыз-келіншектер әлеуметтік желілерде өздерінің суреттерін жариялап, көптеген еркектер үшін іріткі тудырады. Сондай суреттерді көргенде еркектің бойын билейтін сезім, оған «лайк» басып: «МашаАллаһ, қарындасым», - деп жазуына түрткі болатын сезім діни құлшыныстан туындаған сезім емес екені хақ. Бұл – нәпсіқұмарлық. Сол арқылы шайтан оған таяп келіп, күнәға итермелейді. Өз-өзімізді алдаудың қажеті қанша?
 
Ал, өз үйінің төрт қабырғасында бой тасалайтын, шайтанның өзін азғыру құралы ретінде пайдалануына жол бермейтін «әйелдің Аллаға ең жақын болатын кезі – үйінің ең түкпірінде отыратын шағы».
 
Біз бір нәрсені ұғынып алуымыз керек, құлшылықтың табиғаты –намаз немесе зікір секілді біз жасайтын қандай да бір іс-әрекеттер ғана емес. Бұл, сондай-ақ, Алла разылығы үшін белгілі бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту болуы да мүмкін. Мәселен, таң намазының парызын оқығаннан кейін басқа намаз оқымаған абзал, сондықтан, Алланың әміріне бойсұнып, сол уақытта намаз оқудан бас тарту да - құлшылық.
 
Дәл сол сияқты, ешкімге өзін көрсетіп, еліктіргісі келмейтін, еріксіз фитнаға себепкер болғысы келмейтін, ғаламторда өзінің суреттерін дүйім жұрт көре алатындай жариялап, ар-ұятына дақ түсірмейтін мұсылман әйел де - Алла мен Оның Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) разылығына ең жақын әйел.
 
Біздің заманымыздың ата-бабаларымыздың заманынан тағы бір ерекшелігі – қазіргі кезде әйелдердің үйлерінде өткізетін бос уақыттары өте көп. Олар немен айналысуды білмей, зерігудің нәтижесінде көшеге шығады.
 
Ата-ананың міндеті – қыздарын үй шаруасынан, тұрмыс қамынан қол үздірмей, оларға Құранды үйретіп және дін бойынша бастапқы білім беріп тәрбиелеу. Балалық шақ пен жастық шақ, яғни, балалары кішкентай кезде ата-аналарының жіберген қателіктері ─ басқасын былай қойып, дінді ұстанатын мұсылман қыз-келіншектердің, тіпті үйде отыру керектігін және солай дұрыс болатынын саналы түрде түсінетін әйелдердің өзінің үнемі үйде отыруды қиын көруіне бірден-бір себеп. Басқалар туралы айтпасақ та болатын шығар. Себебі, олардың мектеп қабырғасындағы жылдары көшеде, шуылдаған адамдардың арасында, ұл-қыздармен аралас-құралас ойнаумен өтті емес пе, қала берді, кейбір әйелдер студенттік жылдарын да солай өткізді. Содан соң кенеттен «қамаудағы өмір» басталады. Бұл аса діндар деген адамның өзіне өте қиын соғады.
 
Сол себепті де, ата-ананың ең маңызды міндеті – қыздарын үйде отыруға үйрету, қыз балаға үйі мен отбасы жеткілікті болуы тиіс. 
 
Ең дұрысын Алла біледі.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков