Циклы Авторы Сортировка

Жетінші хадис: Ерлердің бөтен әйел бар жерге кіруіне тыйым салынады

4 535
3 декабря, 15
عن عقبه بن عامر رضي الله - تعالى - عنه أن رسول الله - صلى الله عليه وسلم
قال»:  إياكم والدخول على النساء، فقال رجل من الأنصار: يا رسول الله أفرأيت -
الحمو؟ قال: الحمو الموت. متفق عليه

 
Уқбә ибн Әмірден (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят етілген: «[Бөтен] әйел бар жерге кіруден сақ болыңдар». Сонда бір аңсар: «Күйеуінің бауыры ше?» - деп сұраған. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Күйеуінің бауыры – ажал», - деген (әл-Бұхари мен Муслим).
 
Ибн Дақиқәл-Ид «Ихкамәл-Ахкам» кітабында былай дейді:
 
مخصوص بغير المحارم ، وعام بالنسبة إلى غيرهن ، ولا بد من اعتبار أمر آخر ، وهو
أن يكون الدخول مقتضيا للخلوة ، أما إذا لم يقتض ذلك فلا يمتنع
 
«Бұл хадистің махрамдарға қатысы жоқ. Бірақ, ол қалған адамдардың барлығына ортақ. Сондай-ақ, тағы бір айта кететіні, мұнда әйел мен еркектің оңаша қалуы жайында айтылған, олар оңаша қалмайтын болса, тыйым да салынбайды».
 
Сол себепті, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздері қарама-қарсы жыныс өкілімен оңашалануға тыйым салынатынын көрсетеді. Қоғамда ол адамдар туыс болып саналғанымен (мәселен, немере әпке-қарындасың немесе күйеуіңнің бауыры), Шариғат бүліктің алдын алу мақсатында олармен оңашалануға тыйым салады.
 
Имам ән-Нәуәуи «Шарх Муслимде» былай дейді:
 
وإنما المراد الأخ ، وابن الأخ والعم ، وابن العم ، وابن الأخت ونحوهم . مما يحل
له تزويجه لو لم تكن متزوجة ، وجرت العادة بالتساهل فيه فيخلو الأخ بامرأة
أخيه فشبه بالموت ، وهو أولى بالمنع من الأجنبي
 
«Бұл хадисте әйелдің күйеуінің бауыры, күйеуінің бауырының ұлы, күйеуінің әкесінің және анасының бауырлары, күйеуінің әкесінің және анасының бауырларының ұлдары, күйеуінің әпке-қарындастарының ұлдары және ол әйел тұрмыста болмаған жағдайда оған үйлене алатын еркектердің бәрі меңзелген.Әдетте адамдар бұл мәселеде немқұрайлылық танытады, бауырыңның әйелімен оңаша қалуды ұят көрмейді. Сол себепті де, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұны ажалмен салыстырған. Демек, мүлдем жат адамдарға қарағанда оларға қойылатын тыйым әлдеқайда қатаң».
 
Неге оларға салынатын тыйым әлдеқайда қатаң? Себебі, басқаларға қарағанда, оларға оңашалану оңай және бұл ешқандай күдік тудырмайды.
 
Әл-Қуртуби «Әл-Мәфхамда» былай дейді:

قال القرطبي في المفهم : المعنى أن دخول قريب الزوج على امرأة الزوج يشبه
الموت في الاستقباح والمفسدة أي : فهو محرم معلوم التحريم ، وإنما بالغ في الزجر
عنه وشبهه بالموت لتسامح الناس به من جهة الزوج والزوجة لإلفهم بذلك حتى
كأنه ليس بأجنبي من المرأة . فخرج هذا مخرج قول العرب الأسد الموت ، والحرب
الموت ، أي : لقاؤه يفضي إلى الموت ، وكذلك دخوله على المرأة قد يفضي إلى موت
الدين أو الى موتها بطلاقها عند غيرة الزوج أو الى الرجم إن وقعت الفاحشة
 
«Мұның мағынасы мынадай: күйеуіңнің жақын туыстарымен оңаша қалудың ажалға ұқсайтын себебі, бұл – ақыр соңында бір бәлеге душар ететін әбестік. Ерлер де, әйелдер де құдды ол адамдар әйелге бөтен емес сияқты, бұл мәселеге тым немқұрайлы қарайды. Бұл айтылған сөздер арабтардың мына мақалдарына ұқсайды: «Арыстан – ажал» немесе «Соғыс дегеніміз - өлім», яғни, олармен бетпе-бет келу өліммен аяқталады. Дәл сол сияқты, бөтен әйелмен оңашалану адамның дінінің түбіне жетуі мүмкін, не ол (әйел) құрдымға кетеді, яғни, күйеуі қызғаныштан онымен ажырасып тынуы ықтимал, не зина жасалғаны анықталса, мұның өлім жазасымен аяқталуы ғажап емес».
 
Расында да, біздің заманымызда адамдар бұл тыйымды орындауға өте салақ қарайды. Кейбір мұсылман халықтарында әйел адам күйеуінің туыстарына жанаса алады деп саналады, мәселен, өздерінің жақын туыс екенін көрсетіп, күйеуінің бауырын құшақтай алады. Мұның бәрі – жиіркенішті әдет-ғұрып. Адамдарды олардан сақтандыру керек.

Ал, ең дұрысын Алла біледі.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков