Циклы Авторы Сортировка

Жиырма бірінші хадис. Той мұсылмандардың басын біріктіреді

5 921
17 марта, 16

وعن أبي هريرة قال : قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم - : شر الطعام طعام
الوليمة يدعى لها الأغنياء ويترك الفقراء ومن ترك الدعوة فقد عصى الله ورسوله
متفق عليه

 
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ең жаман ас – байлар шақырылып, кедейлер шақырылмайтын тойдың асы. Кім шақыруға жауап бермесе, ол Алла мен оның Елшісіне бағынбағаны»»  (әл-Бұхари мен Муслим).
 
Бұл хадис тойдың мұсылман қоғамындағы маңызды әлеуметтік рөлін көрсетеді: яғни,некенің қиылуына байланысты әр түрлі әлеуметтік таптардың ортақ қуаныш үшін бас қосуы.
 
Сонымен қатар, мұнда некені құлшылықтан, яғни, қонақтарға, әсіресе, кедейлерге ас беруден бастау керектігі меңзелген.
 
Қазіргі заманның жаман бидғаттарының бірі – мұсылмандардың тап-тапқа бөлінуі: байлар өздерінің орталарында жүреді, кедейлер де өз арасында. Бұл жақсы емес, себебі, әр түрлі таптарға жататын мұсылмандар бір-біріне бөтен болып кетеді. Дәл осы себепті де, большевиктерге кезінде мұсылмандарды алдап-соғу мүлде қиын болған жоқ: ауқатты мұсылман отбасыларының өздерінің кедей діндес бауырларынан алшақ болғаны сондай, олар мал-мүліктері тартып алынып, тәркіленген кезде де аса қатты қиналмады.
 
Мұсылмандардың басын біріктіруде мерекелердің маңызы зор: кедей-кепшіктер мен байлар бір дастарханның басында отырып, бір асты жегенде, ортақ мерекені тойлағанда адамдардың жүректерінің бірігетіні сөзсіз.
 
Бірақ, байлар ізгі амалдарын мақтан үшін не көрсету үшін жасамаулары тиіс! Кейбіреулер мешітті салдыруға менің ақша бергенімді бәрі көрсін деп, мешіттің алдына атын жазып қоюды сұрап жатады. Алла сондай риямен жасалған амалды қабыл алуы мүмкін бе, өзіңіз ойлаңызшы?!
 
Сол себепті, егер жас отау жаңа отбасылық өмірлерінде берекетке қол жеткізгісі келсе, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы орасан маңызды Сүннетін ескергені жөн.
 
Имам әл-Мусали«Әл-Ихтияр» кітабында былай жазады:

قال : ( ووليمة العرس سنة) قديمة وفيها مثوبة عظيمة ، قال عليه الصلاة
والسلام : أولم ولو بشاة « وهي إذا بنى الرجل بامرأته أن يدعو الجيران والأقرباء
والأصدقاء ويذبح لهم ويصنع لهم طعاما 

«Той – мол сауапқа кенелтетін ежелден келе жатқан сүннет. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Тіпті бір қозыдан ғана [тамақ пісірсеңдер де] той жасаңдар. [Той] дегеніміз – ер кісінің некеге тұрғаннан кейін көршілерін, жақындарын және ағайын туыстарын шақырып, [тамақ пісіру үшін] мал сойып, оларға ас әзірлеуі»».

وينبغي لمن دعي أن يجيب ، فإن لم يفعل أثم ( لقوله عليه الصلاة والسلام)
من لم يجب الدعوة فقد عصى الله ورسوله « فإن كان صائما أجاب ودعا ، وإن لم
يكن صائما أكل ودعا ، وإن لم يأكل أثم وجفا لأنه استهزأ بالمضيف ، وقال عليه
الصلاة والسلام : لو دعيت إلى كراع لأجبت
 
«[Тойға] шақырылған адам шақыруға жауап беруі қажет, егер жауап бермесе, күнә болады. Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзінен алынған: «[Тойға] шақыруға жауап бермеген адам Алла мен Оның Елшісінің алдында күнәһар болады». Егерде оның аузы берік болса, шақырған жерге барып, оларға дұға қылсын, аузы берік болмаса, астан дәм татып, дұға жасасын. Ал, егер астан аузына алмаса, күнәға батады және шақырған жердің қонақжайлылығына құрметсіздік танытып, әдепсіздік жасаған болады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендерді қойдың сирағына шақырса да, шақырған жерге барыңдар»».
 
Әрине, харам ас, ішімдік және сол сияқты жиіркенішті нәрселер болатын тойларға бұл айтылғандардың қатысы жоқ.
 
Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков