Циклы Авторы Сортировка

Жиырма екінші хадис. Әйел қабырғадан жаратылған

3 892
7 апреля, 16

عن أبي هريرة قال : قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم - : استوصوا بالنساء
خيرا فإنهن خلقن من ضلع وإن أعوج شيء في الضلع أعلاه فإن ذهبت تقيمه
.كسرته ، وإن تركته لم يزل أعوج فاستوصوا بالنساء . متفق عليه

 
Әбу Хурейрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:«Сендерге әйелдеріңе жақсы қарым-қатынас жасауды өсиет етемін. Ақиқатында, олар қабырғадан жаратылған. Ал, қабырғаның ең қисық жері оның жоғарғы бөлігі. Оны түзетемін десеңдер, сындырып аласыңдар, ал, сол күйінде қалдырсаңдар, ол түзелмейді. Сендерге әйелдеріңе жақсы қарауды өсиет етемін»» (әл-Бұхари мен Муслим).

Молда Әли әл-Қари бұл хадисті былай түсіндіреді:

والمقصود المدارة معهن ، وقطع الطمع عن استقامتهن ، والثبات مع اعوجاجهن ،
 

«Бұл сөздердің мәні мынада: әйеліңмен «ол түзеліп кетеді» деп үміттенбей өмір сүру, оның «қисықтығына» қарамастан, онымен бірге болу».
 
Бұл хадисті неке туралы хадистердің ішіне кіргізгеніміздің себебі – жас жұбайлар үйленген сәттен бастап отбасылық өмірге аяқ басады, бір-бірімен жақын танысады, осылайша, екеуінің бір-біріне үйренісу кезеңі басталады.
 
Түсінуді қажет ететін және Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткен бірінші нәрсе – еркекке үнемі әйелді түзету керек сияқты көрініп тұрады. Сол себепті, бұл мәселеде орта жолды ұстану қажеттігін білуге тиіспіз: иә, рас, әйел күйеуінің ыңғайына жығылуы керек, ер де әйеліне әрдайым соны меңзеп, ұғындырып отыруы тиіс. Бірақ, шектен шықпаған жөн.

Кемшіліктерге сабырлық танытып, жүйкеңізге тиетін кейбір нәрселерге көндігіп, оларды қабыл ала білу қажет: бір әйел дүкенге бару үшін ұзақ жиналуы мүмкін, басқа әйел шамадан тыс назды (қыңыр) болуы ықтимал, тағы бір әйел тағамның бір түрін ұнатса, екінші түрін мүлде ұнатпауы әбден мүмкін, тіпті еркек сол екі тағамның арасында қандай айырмашылық барын түсінбесе де. Осы болмашы кемшіліктерге шыдай білген абзал. Себебі, әйелді «түзетемін» деп, «сындырып» алуың ғажап емес. Ал, бұл ажырасуға әкеп соғады.
 
Бұл хадис – қазіргі заманда өте өзекті. Өйткені, бүгінгі күнде балалар мен жасөспірімдер индивидуализм дәуірінде өсуде, керек десеңіз, бұл тіпті мұсылман отбасыларын да айналып өтпейді. Ымыраға келу, ортақ тіл табу деген ұғым жастардың санасына жат болып барады.
 
Имам ән-Нәуәуи былай дейді:

قال النووي : فيه الحث على الرفق بالنساء والإحسان إليهن والصبر على عوج
أخلاقهن واحتمال ضعف عقولهن وكراهة طلاقهن بلا سبب ، وأنه لا مطمع في
استقامتهن
 
«Бұл хадисте әйелдерге жұмсақ болу, жақсы қарау және олардың жаман мінезіне сабырлық танытуға үндеу бар. Өйткені, олардың ақылдары әлсіз (таяз) болар, ал, олармен ешбір себепсіз ажырасу – мәкрух және олардың түзелуіне үміт жоқ».
 
Әлбетте, мәмілеге келу және шыдамды болу қағидасы дінге қатысы жоқ және күнәға итермелемейтін мәселелерге байланысты айтылған.
 
Сондықтан, молда Әли әл-Қари былай деген:

والصبر على اعوجاجهن فيما لا إثم في معاشرتهن

«Олардың жаман мінезі күнәға әкелмейінше, оған сабырмен қарау».
 
Демек, әйелдің хиджаб кигісі келмеуі немесе «зайырлы өмір» сүруді қалауы сияқты жағдайлардың бұған қатысы жоқ. Өкінішке орай, бүгінде өздері намаз оқып, мешітке барса да, әйелдері діннен мүлде алыс мұсылмандарды көптеп кездестіруге болады. Мұндай жағдайда ешқандай «сабырлық» сені ақтап ала алмайды.
АВТОР ЦИКЛА
Әйелдер жайлы қырық хадис
Әбу Әли әл-Ашғари әл-Ханафи
Автор:
ӘБУ ӘЛИ ӘЛ-АШҒАРИ ӘЛ-ХАНАФИ
Урок вышел:
Новый урок:
Список уроков