Image
Исламда алғаш шейіт болған әйел
Сумайя бинт Хуббат (Алла одан разы болсын) Ислам қабылдап, Мұхаммед Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адал болуға ант берген алғашқы жеті адамның бірі болған....
2 637
1 марта, 16

Исламда алғаш шейіт болған әйел

2 637
1 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Исламда алғаш шейіт болған әйел
Сумайя бинт Хуббат (Алла одан разы болсын) Ислам қабылдап, Мұхаммед Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адал болуға ант берген алғашқы жеті адамның бірі болған. Ұлы сахаба әйелдердің бірі етін. Көкесі Әбу Тәліптің беделі үшін, әрі Әбу Бәкр секілді ауқатты, ықпалды достары болғандықтан Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) пұтқа табынушылар зиян келтіре алмады. Алайда кедей және қарапайым адамдар арасынан шыққан сахабалар қуғын-сүргін мен қиыншылықтардан құтыла алмады.
 
Осындай адамдардың арасында Сумайя бинт Хуббат, жолдасы Ясир мен ұлдары Аммар (Алла олардан разы болсын) да бар болатын, мүшріктер тарапынан езгіге ұшырап, көп қиындық көрді. Бір күні Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сауда орнынан өтіп бара жатып, мүшріктер осы отбасындағы үш кісіні де қинап жатқанын көреді. Сол уақытта өзі де дәрменсіз болған ол (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларға да көмектесе алмады. Ол тек жұбатып былай деді:
 
«Уа, Ясир отбасы, сабырлы болыңдар! Барар жерлерің Жәннат!»
 
Осман (Алла одан разы болсын) Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адамдарды жұбатқан осындай сөздерін естігендігін жеткізген. Аммар (Алла одан разы болсын) қашып құтылған соң Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп, мұсылмандарды қуғындау қашан бітетіндігін сұрайды, Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оны жұбатып, оның жанұясы үшін Алладан тозақ отынан сақтауын тілеп дұға жасады.
 
Хишам ибн Амр Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ең ірі дұшпандарының бірі болған, Пайғамбарға және басқа да мұсылмандарға барынша зиян келтіруге тырысатын, сондықтан Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған Әбу Жахл (надандардың әкесі) деген лақап ат қойған.
 

Әбу Жахл Исламнан қайтуы үшін Сумайяны (Алла одан разы болсын), мәжбүрлеп азапқа салады, алайда Сумайя еш сескенбестен өз дегенінен қайтпайды. Оның қайраттылығы мен табандылығынан Әбу Жахл ызаланып, оның жүрегіне найзаны сұғып алады да, Сумайя сол жерде мерт болады. Сумайя бинт Хуббат (Алла одан разы болсын) Исламдағы алғашқы шейіт деген атаққа ие болды. Бұл оқиға хижраға дейін жеті жыл бұрын болған. Оның күйеуі Ясир де (Алла одан разы болсын) құрайштықтардың жәбірінен азап шегіп өледі. Осыдан кейін қос ата-анасынан айырылған Аммар (Алла одан разы болсын) Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жүрегінде ерекше орын алып, оны жиі Ибн Сумайя деп атаған. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Ясирдір отбасы жайында жиі мақтау сөздерін айтып отырған.

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) соңынан ерушілері арасында талас-тартыстар мен ұрыс пайда болғанда Ибн Сумайя әрқашан шындық пен әділеттілік тарапында болады деп бір күні айтқанын Абдуллаһ ибн Масғуд (Алла одан разы болсын) жеткізген.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Instagram-дағы әйел адамның аккаунты
Сіздің мұсылман әйел ретінде өз міндеттеріңізді біліп-түсінуіңіз қуандырады. Алла Тағала Өзінің дінінде сізді қуаттасын. Ислам діні фитнаға (бүліктерге) апаратын барлық себептер мен жолдарды...
3 297
30 ноября, 15
Image
Күйеуіңізді бақытты қылатын он жеті әдіс
Оны сұлу кейіпте қарсы алыңыз. Ол жұмыстан, оқудан, сапардан немесе сізден алыс әлдебір жерден оралған кезде көтеріңкі көңіл күймен сәлемдесіңіз. ...
9 512
1
17 ноября, 14