Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Діни шараларды ойын-сауыққа айналдырмаңыздар»
Қазіргі кезде исламдық сұхбаттардың, дәрістер және өзге шаралардың саны басқа кездерден де көп, алайда біз олардың адамдар өміріне деген практикалық әсерін көрмейміз, яғни өміріміздегі өзгер...
2 085
13 января, 16

Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Діни шараларды ойын-сауыққа айналдырмаңыздар»

2 085
13 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Діни шараларды ойын-сауыққа айналдырмаңыздар»
Бұл жайлы мен көп уақыт ойландым. Қазіргі кезде исламдық сұхбаттардың, дәрістер және өзге шаралардың саны басқа кездерден де көп, алайда біз олардың адамдар өміріне деген практикалық әсерін көрмейміз, яғни өміріміздегі өзгерістер ондай дәрістер мен сұхбаттар санына мүлдем үйлеспейді. Бұрынғы заманда ондай шаралар әлдеқайда аз болып, нәтижелері әлдеқайда үлкен болатын – жүздеген адамдардың өмірін өзгерту үшін бір ғана дәріс жеткілікті еді. Мысалы, Индия субконтинентінің көптеген әлімдерінің қызметі нәтижесінде жүздеген адамдар күнәларі үшін тәубе етіп, Исламды қабылдаған.
 
Бұндай өзгерістердің көптеген себептерінің арасында бір маңызды фактор бар – ол дәрістер мен шаралардың бәрі өмір өзгертетін құрал емес, жай ғана нысана болып кетті. Біз дәріске жай қатысқанымыз үшін міндетімізді орындағандай сезінеміз. Дәрістердің өздері анағұрлым ойын-сауық пен көңіл көтеретін болды – уағызшылар дауыстарын әдемілеп сөйлеп, жұртты жылатуға не күлдіруге тырысады, ал жұрт секіре тұрып, тәкбір айқайлайды, және т.б. Көбіміз ислами дәрістерді осындай қағида бойынша таңдаймыз – олардың қаншалықты көңіл көтергіштігіне және қызықтығына қарай. Бізге сан алуан әсер беретін дәріске қатысу үшін біз үлкен ара қашықтық кешуге дайынбыз, ал практикалық кеңестер тұрғысынан пайдалы дәрістерді елемейміз.
 
Менің үлкен ұстаздарымның бірі шейх Таки Усмани (хафизахуллаһ) тыңдармандарына әрдайым оның дәрістері адамдар жай қызық үшін қатысатын шара ретінде қарастырылмауы керектігін ескертеді. Оның әр кездесуінің басты мақсаты – Алланың және Оның жаратылыстарының хақын сақтай отыра, қалай үздік адам болуды түсіну үшін жиналу. Қатысушыларға дәрісте талқыланған тақырыптарды үйге қайтқанда жүзеге асыру үшін іліп жазып алу жөн.
 
Сондықтан, уағызшы ретінде де, қатысушы ретінде де ислами шараларға деген қатынасымды олар біз үшін жай бір көңіл көтеретін шара емес, білім алып, өмірімізді жақсартатын құралы болсын деп өзгертейік. Алла бізге бұл мәселеде тәуфиқ берсін. Әмин.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Алланың жәрдемінен сенім мен үмітіңізді ешқашан үзбеңіз
Мен өмірде адасқан бір қыздың хикаясын баяндап бермекпін. Ол өзінің өмірде жасамаған жиіркенішті ісінің қалмағанын айтып мойындады. Ол әке-шешесінен бөлек тұрған төрт жылдың ішінде көптеген ...
4 453
5 октября, 15
Image
Түзелуге мүмкіндік
Мен бала кезімнен бері кішкентай, жабық жерлерден қорқатынмын және ондай жерлерден аулақ жүретінмін. Кейінірек, адамның мұндай күйінің клаустрофобия деп аталатынын білдім....
4 983
18 августа, 15