Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Истихара намазын дұрыс түсіну»
Адамдардың көбісі истихараның мағынасын түсінбейді. «Истихара» сөзі «хайыр» сөзінен шығып, «Алладан қайыр тілеу» дегенді білдіреді. Осылайша, бұл Алла Тағалаға шешімімізді қабылдап, бізге ос...
1 891
3 марта, 16

Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Истихара намазын дұрыс түсіну»

1 891
3 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Истихара намазын дұрыс түсіну»

Адамдардың көбісі истихараның мағынасын түсінбейді. «Истихара» сөзі «хайыр» сөзінен шығып, «Алладан қайыр тілеу» дегенді білдіреді. Осылайша, бұл Алла Тағалаға шешімімізді қабылдап, бізге осы және келесі дүниеде қайырлы болатын бағыт көрсетуі үшін арнайы дұға. Ол үшін бір ерекше түс көру не сезім сезу міндетті емес.

 
Өмірде қандай да бір маңызды мәселені шешу керек кезінде (бұл тек неке мәселелері емес!), әуелі туыстар мен құрбылардың, үлкен ақылды адамдардың кеңестері секілді барлық тысқы амалдарды қолдану қажет. Көптеген әлімдердің пікірінше, истихараның алдында истишара (кеңес іздеу) болу керек. Істерімізді өзге адамдар мақұлдағаннан кейін истихара келеді, ол деген Аллаға келесі үндеу:
 
«Мен қолымнан келгеннің бәрін істедім, сондықтан шешіміме қарай әрекет етпекпін. Егер бұл шешімде мен үшін қайыр болса, оны жүзеге асыруға көмектесе гөр, ал егер онда пайда болмаса, оны жасатқызба».
 
Истихара оқып болған соң адам шешіміне қарай амал етеді – ол көмекті шынай сұраған болса, Алла барлығын оның осы және келесі өмірі үшін игі болатындай етіп жасайды. Бұнда ол шешімге сай әрекет ету не етпеу үшін арнайы түс немесе белгі күтудің керегі жоқ. Ол шешім осы не келесі өмірі үшін игі болмаса, Алла Тағала барлығын ол адам ойдағысын іске асыра алмайтындай етіп жасайды.

Истихараның негізгі себебі мен мақсаты – Алланың Сүйіктісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне сәйкес амал ету. Ертедегі кейбір әлімдердің истихараны күн сайын оқу – күнде Алладан бар істерінде көмек сұрау әдеті болған. Мысалыға, олар истихараны жаңа жұмыс алдында оқыған – әрине, одан соң олар ұйқыға жатып, жұмысты бастау не бастамау белгісімен түс күткен жоқ.
 
Истихараны өзі оқу ең дұрысы болады, бірақ біз үшін біреудың дұға еткенін сұраған секілді оның да оқып бергенін сұрауға болады. Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Әйел намазда басқа әйелдерге имам бола алады ма?
Сұрақ: Білуімізше, әйелдердің бөлек жамағаты рұқсат емес, дегенмен, Айша мен Умм Саләма аналарымыз (оларға Алла разы болсын) намазда әйелдерге имам болған деген риуаяттар бар. Бұл екеуін қал...
2 748
25 февраля, 16
Image
Шам намазының алдында екі рәкағат нәпіл намаз оқуға болады ма?
Сұрақ: Шам намазының алдында екі рәкағат нәпіл намаз оқудың рұқсат екені жайлы хадис бар ма?...
2 988
24 февраля, 16