Image
Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари: Шариғаттағы бидғат ұғымы мен оның категориялары
Сұрақ: Бидға ұғымының мағынасы мен оның категорияларын түсіндіріп бересіз бе? Фиқһтегі классикалық ғұламалардың пікіріне сәйкес, бидға ұғымы жаман және жақсы болып бөліне ме? ...
3 330
10 апреля, 15

Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари: Шариғаттағы бидғат ұғымы мен оның категориялары

3 330
10 апреля, 15
АВТОР ЦИКЛА
Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари: Шариғаттағы бидғат ұғымы мен оның категориялары
Сұрақ: Бидға ұғымының мағынасы мен оның категорияларын түсіндіріп бересіз бе? Фиқһтегі классикалық ғұламалардың пікіріне сәйкес, бидға ұғымы жаман және жақсы болып бөліне ме?

Жауабы:
 
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен.
 
«Бидғат» ұғымының екі анықтамасы бар: олардың бірі ─ тілдік, екіншісі ─ шариғи анықтама.
 
Тілдік мағынасында "бидғат" - бір нәрсенің діни мәселеге немесе дүниеуи істерге жататындығына, адам сол істің орындалуын діннің бір бөлігі деп санайтын-санамайтындығына қарамастан, жаңалық енгізу дегенді білдіреді.
 
Діни тұрғыдан қарағанда, бидғат құлшылық үшін көбірек сауап алу мақсатында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), әділ халифалардың (Алла оларға разы болсын) және мұсылмандардың бастапқы буындарының заманында болмаған жаңалықты дінге енгізу дегенді білдіреді. Сондай-ақ,  Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының заманында бұл істің қажет болғандығына қарамастан, ол жайында ауызша түрде айтылмаған болса, ол тәжірибе жүзінде, тікелей немесе жанама түрде жүзеге асырылмаған болса (Имам Бәркәуидің «Әт-Тарика әл-Мухаммадийясын», имам Шатыбидің «Әл-Итисамын», имам әл-Ләкнәуидің «Иқамат әл-Хужжасын» қараңыздар), осы түсінікке кіреді.
 
Бидғаттың жоғарыда келтірілген анықтамасынан түсінікті болғаны ─ автокөлік, ұшақ және т.б. сияқты заманауи қатынас көліктері тәрізді дінге жатпайтын, дүниеуи істерге қатысты жаңа технологиялар мен ұғымдар бидғат болып саналмайды. Өйткені, ешкім оларды ғибадатқа сауап алу мақсатымен енгізбейді. Дүниеуи нәрселердегі жаңалықтар харам етілген және күнәлі жаңалықтардың категориясына жатпайды. Сол себепті, шариғаттың өзге де үкімдеріне қайшы келмейінше, олар толықтай рұқсат етіледі.
 
Оның үстіне, асыл Пайғамбарымыз бен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларының және алғашқы буындардың кезінде (ауызша, тәжірибе жүзінде, айқын немесе айқын емес түрде) жүзеге асырылған іс-әрекеттер мен ғұрыптар да бидғатқа жатқызылмайды.
 
Оған қоса, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оның сахабаларының және алғашқы мұсылмандардың заманында аса қажет болмаған, бірақ, кейін белгілі бір діни мақсатқа қол жеткізу үшін керек болған (қандай да бір жаңа) іс-әрекет те бидғаттың санатына жатпайды.
 
Бұған мысал ретінде мыналарды келтіруге болады: діни мекеме құру, діни ғылымдар бойынша кітап жазу, Құран мен Сүннетті жақсырақ түсіну мақсатында жаңа діни пәндердің шығуы, қажылыққа бару үшін заманауи қатынас құралдарын пайдалану және тағы басқалар.
 
Сондай-ақ, бидғаның жоғарыда келтірілген анықтамасынан белгілі болғаны ─ Исламның алғашқы ғасырларында (қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін) дәл солай қажет болған, бірақ, енгізілмеген нәрсені дінге енгізу бидға болып есептеледі, сондықтан, харам.
 
Бидғаға қатысты тағы бір жайтты қаперде тұту керек: шариғатта абзал (мәндуб) немесе өте абзал (сүннет) болып саналатын құлшылықтың белгілі бір іс-әрекеттері бар. Бірақ, ол іс-әрекеттердің нақты қалай немесе қандай тәсілмен жүзеге асырылатыны көрсетілмеген. Ғибадаттың кейбір түрлері үшін сауап уәде етілген. Бірақ, сол амалдарды жүзеге асырудың нақты тәсілі белгіленбеген, мұсылмандардың өз құзырына қалдырылған. 
 
Ондай іс-әрекеттерде шариғат берген жалпыға ортақ рұқсатты ұстану қажет. Егер әлдекім сол іс-әрекетті белгілі бір тәсілмен жүзеге асыру керек десе немесе бір тәсілді басқаларына қарағанда жақсы десе, бұл харам етілген жаңалық болады.
 
Бидғаның жіктелуі
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Жаңалықтан сақтаныңдар; (дінге) енгізілген нәрсенің бәрі ─ жаңалық, ал, әрбір енгізілген жаңалық, ол қандай болмасын, ─ адасушылық» («Муснадта» имам Ахмад риуаят еткен, 4/126-127, имамдар Әбу Дауд, Тирмизи және Ибн Маджа өздерінің Сунан жинақтарында сенімді иснадпен жеткізген).

 
Жоғарыда келтірілген хадиске сәйкес, ғұламалар шариғаттық тұрғыдан алғанда әрбір бидғттың сөгуге тұрарлық және күнәлі екенін айтқан. Қандай да бір іс-әрекет бидғаттың жоғарыда келтірілген шариғаттық анықтамасына сәйкес келсе, оны дұрыс және рұқсат етілген деп санауға болмайды. Енгізілген жаңалықтардың бәрі дұрыс емес, сол себепті, харам.
 
Имам Мәлік (Алла оған разы болсын) былай деген:
 
«Бұл - жақсы (амал) (хасана) дегенді айтып, (дінге) жаңалық енгізген адам, Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят етілгендей, оның пайғамбарлық (миссиясына) қарсы шығады. Себебі, Алла Тағала былай деген: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым …» Сол күні дінге жатқызылмаған нәрселердің бәрі бүгін діннің бір бөлшегі бола алмайды» (Әл-И’тисам, 1/48).
 
Алайда, тілдік анықтама тұрғысынан қарағанда, бидғатты категорияларға бөлуге болады. Жоғарыда айтылғандай, (тілде) бидғат - жаңа бірдеңені енгізу дегенді білдіреді ─ (тілдік тұрғыдан алғанда) кез келген жаңа нәрсе бидғат деп аталады.
 
Осындай пікірге сәйкес, енгізілген жаңалық парыз, мүстахап және харам болуы мүмкін. Ғұламалар жаңалықты категорияларға бөлгенде тілдік тұрғыдан бөледі.
 
Осылайша, Құран мен Сүннетті түсіну үшін қажетті араб тілінің ғылымдарын (грамматика, синтаксис және т.с.с.), хадис ғылымдарын (шынайы хадис пен жалған хадисті ажырату тәсілдері) үйрену, ислами мектептер тұрғызу, сонымен қатар, электр қуаты, автокөлік, ұшақ және т.б. секілді заманауи технологиялар тәрізді енгізілген жаңалықтар тілдік мағынада жаңалық болып саналғанымен, шариғатта жаңалық болып есептелмейді. Сондықтан, жоғарыда аталған нәрселердің бәріне рұқсат етілген болып саналады.
 
Имам әл-Ләкнәуи мұны имам әл-Бәркәуидің Әт-Тариқа әл-Мухаммадийясынан оның сөзін келтіріп, былай түсіндіреді:
 
«Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «әрбір енгізілген жаңалық ─ адасушылық» деген сөзі мен (ғұламалардың) бидғатты парыз, мүстахап және харам деп бөлуінің арасында қарама-қайшылық жоқ па?» деген сұрақ туындайды. Біздің айтарымыз ─ бидғат сөзінің тілдік мағынасы бар: жалпы алғанда, құлшылық саласына жататындығына немесе адамның тіршілік әрекетіне байланысты ма, жоқ па, оған қарамастан, бұл ─ пайда болған жаңа дүниелердің барлығы. Шариғатта да бидғат ұғымының анықтамасы бар. Онда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сахабаларының кезінде болмаған нәрсені ауызша түрде, тәжірибе жүзінде, тікелей немесе жанама түрде (дінге) енгізу немесе діннен шығарып тастаудың бидғат деп аталатыны нақтырақ айтылған. Осылайша, шариғаттық бидғатқа дүниеуи істер жатпайды. Ол тек қана белгілі бір сенімдермен және іс-әрекеттермен шектеледі» (Икама әл-Худжжа, 21-22 беттер).
 
Бұдан шығатын тұжырым ─ біз бидғатты тілдік тұрғыдан әр түрлі категорияға бөлеміз. Ал, оған бидғаттың шариғаттық анықтамасы жатпайды. Дәл осы тұрғыдан алғанда, Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) тарауих намазын жамағатпен оқу туралы: «Неткен тамаша бидға!» - деген.
 
Оның үстіне, діни мектеп салу сынды бидғаттың шариғаттық анықтамасына сәйкес келмейтін іс-әрекеттер лингвистикалық бидғат болып саналады. Бірақ, тілдік мағынадағы енгізілген жаңалықтардың бәрі сөгуге лайық емес.
 
Оған қоса, әділ халифарадың, басқа да сахабалардың және олардың ізбасарларының (баршасына Алла разы болсын) заманында пайда болған іс-әрекеттердің бидғат санатына жатқызылмайтынын есте сақтау қажет. Ханафи мәзһабының  ұлы факихі және хадис ғұламасы имам Абдульхай әл-Ләкнәуи өзінің «Иқамат әл-худжжа әлә ән әл-иксар фи әт-тааббуд лейса бидға» атты әйгілі трактатында осы пікірді қолдауға түгелдей бір тарауды арнаған.
 
Ол былай жазған:
 
«Жұма намазға екінші азанды енгізу, жиырма рәкағат тарауих намазын оқу және т.б. сынды Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде болмаған, сахабалардың (Алла оларға разы болсын) мақұлдауымен енгізілген іс-әрекеттер шариғатта бидғат болып саналмайды.
 
(Бұл пікірді қуаттайтын) көптеген дәлелдер бар. Солардың кейбіреулері төменде көрсетілген:
 
1. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің сүннетім мен менің әділ халифтерімнің сүннетін ұстаныңдар». (Әбу Дауд, Ахмад, Тирмизи және тағы басқалар сенімді иснадпен).
 
2. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің екі ізбасарым Әбу Бәкір мен Омардың соңынан ілесіңдер» (Ахмад, Тирмизи және Ибн Маджа сенімді иснадпен)».
 
Толығырақ ақпарат алу үшін шейх Абдуль Фаттаһ Әбу Ғудданың ескертпелері келтірілген имам әл-Ләкнәуидің «Иқамат әл-Худжжасының» 25-58 беттерін қараңыздар.
 
Ең дұрысын Алла біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ханафи мен Матуриди – екеүі бір ұғым
Біз «ханафи» мен «матуриди» ажырамас ұғымдар екенін түсінуіміз керек. Адам фиқһта ханафи, ал ақидада муджассим немесе Ибн Тәймиянің ізбасары болуы мүмкін емес. Бұлар ажыратып қарауға жатпайт...
4 041
2
1 декабря, 14
Image
«Әәмиин» сөзі мен басқа да ислами сөздер жайында
Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде пікір білдірушілердің «әәмиин» сөзін дұрыс қолданбай жатқан жайы жиі байқалады. Осы жағдай күнәлі іске айналып, наразылық тудырмас үшін (өйткені, көп жағда...
8 159
1
26 ноября, 14