Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Үйлену тойы Сүннет болудан қалғанда...»
Жақында ғана үйленген бір бауырымыз әйелімен бірге демалуға барғысы келіп, бірақ, қаражатының бәрін той үшін жаратып қойғаны себепті, бара алмағандығын айтқан еді. ...
3 043
2 февраля, 16

Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Үйлену тойы Сүннет болудан қалғанда...»

3 043
2 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Үйлену тойы Сүннет болудан қалғанда...»
Жақында ғана үйленген бір бауырымыз әйелімен бірге демалуға барғысы келіп, бірақ, қаражатының бәрін той үшін жаратып қойғаны себепті, бара алмағандығын айтқан еді. Меніңше, бұл нағыз орынсыз нәрсе! Ақшаның бәрін бұлай бейберекет тойға бола шашып, жұрттың жақсы әсеріне қалуды ғана оайлаудың не қажеті бар?! Оның орнына, сол кеткен қаражатын жеке басына жұмсап, мысалы, әйелімен бірге демалыс алып, той өткесін Умраға барса болар еді...
 
Өкінішке қарай, біз «Өзгелер не дейді? Басқалар не ойлайды?» деген сөздің белең алып, өміріміздің үлкен бөлігіне айналған уақытта өмір сүрудеміз. Көптеген сансыз қаражат кейде Ислам тәртібіне қарама-қайшы болса да, әйтеуір қоғам үшін жақсы әсер қалдырып, адамның атын жаңғырту мақсатында өтіп жатқан той мен мерекелерге арналуда. Ал, ақшасы болмағандар тіпті, несие алып болса да тойлатып жүр!
 
Сол үшін біз, адамдарды сүннет амал болған уалима жасауға шақырып, себепкер бола аламыз, бірақ, біріншіден, ниетіміз бір ғана Алла разылығы үшін болуы тиіс, екіншіден, уалиманы өткізерде қолда бар қаражатқа қанағат еткен абзал.

Мынаны білген жөн - сіз барлық адамның бірдей көңілін тауып, бақытты ете алмайтыныңыз анық, себебі, адамдардан шағымды да, теріс  ниетті пікірді де күтуге болады. Ең дұрысы, той өткізерде қарапайым қалпыңызды сақтаңыз, қонақтарды барынша шын көңілмен шақырыңыз және қалған ақшаны өзіңізге, жан жарыңызға арнаңыз!

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
«Шарли Эбдоға» жасалған шабуылға ислами көзқарас
Біз мұсылман ретінде сотсыз адам өлтіруді қолдамаймыз, рұқсат етпейміз және ынталандырмаймыз. Біз соттан тыс жазаға кесудің («Линч сотының») құзыреттілігіне сенбейміз. Ешбір адам өз бетімен ...
4 360
16 января, 15