Image
Адамның Исламға дейінгі жасаған жақсы амалдары жайлы шешім
Сұрақ: Исламды қабылдаған адамның Исламға дейін жасаған игі істері қабыл алынады деген рас па?...
3 126
21 января, 16

Адамның Исламға дейінгі жасаған жақсы амалдары жайлы шешім

3 126
21 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Адамның Исламға дейінгі жасаған жақсы амалдары жайлы шешім
Сұрақ: Исламды қабылдаған адамның Исламға дейін жасаған игі істері қабыл алынады деген рас па?
 
Жауап:
 
Егер кімде-кім игі истер жасап, кейін исламға келіп, дүниеден иманды бола тұра өтсе, оған исламда жасаған игі істері үшін де, исламға дейінгі игі істері үшін де сауап жазылады. Бұл жайлы сахих хадисте айтылған:
 

Әл-Хәкім ибн Хизам (оған Алла разы болсын) Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай сұраған: «Менің жәһилияда жасаған игі істерім туралы не дейсіз? Маған олардан бірдеңе тиеді ме?» Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сен Исламға сол жасаған игіліктерің арқылы келдің», - деп жауап берген. (Муслім, 123)

 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.