Image
«Алла алпыс жасқа жеткен кісіге ақтау қалдырмады» деген хадисті қалай түсінуге болады?
Сұрақ: Келесі хадис сахих пе және оны қалай дұрыс түсінуге болады: Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды: «Ажалы ...
3 718
25 января, 16

«Алла алпыс жасқа жеткен кісіге ақтау қалдырмады» деген хадисті қалай түсінуге болады?

3 718
25 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
«Алла алпыс жасқа жеткен кісіге ақтау қалдырмады» деген хадисті қалай түсінуге болады?
Сұрақ: Келесі хадис сахих пе және оны қалай дұрыс түсінуге болады: Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды: «Ажалы алпыс жасқа толғанға дейін кідіртілген адамға Алла Тағала еш ақтау қалдырмады».
 
Жауап:
 
Бұл хадисті имам Бұхари өзінің Сахихінде (6419 хадис) келтіреді, демек ол сахих хадис.

Имам Тирмизидің жинағында сахаба Әбу Хурейрадан (оған Алла разы болсын) келтірілгендей, үмбетімізде адам өмірінің орташа ұзақтығы 60-70 жылды құрайды.
 
Хадиске түсініктеме берушілер бұл хадисті былай түсіндіреді:
 
егер адам алпыс жыл өмір сүрсе, Алланың оған Өзіне құлшылық етіп, игі істер жасап өткізуге жеткілікті ұзақ өмір бергені. Ал адам оның орнына күнәһар өмір кешкен болса, алпысқа толған соң Алла одан тәубеге келіп, игі істер жасамағаны үшін еш ақтау қабылдамайды.
 
Сондықтан, адам алпысқа жеткенде оған мүмкін болғанша көбірек истиғфар айтып, о дүние туралы жиі ойланғаны жөн. (Фатхүл Бәри, Умдатүл Қари, 6419 хадиске түсініктеме және Файдүл Қадир, 1148хадис).
 
Ескертпе: Әрине, Алла Тағала әркімді Өз Мейірімімен кешіре алады. Бұл хадис адам 60 жасқа дейін тәубе етіп өмірін өзгертпесе, кешірімге үміті жоқ дегенді білдірмейді. Бәлки, Алла оған ажал алдында тәубе етуге тағы бір мүмкіндік берер.
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасымен уақыттың кері бұрылғаны рас па?
Сұрақ: Оқуымша, бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әли (оған Алла разы болсын) екінті намазын оқып үлгеруі үшін күн кейін бұрылғанын сұрап дұға жасаған. Осы тақырыпқа қ...
3 365
22 января, 16
Image
Мұса пайғамбар(оған Алланың сәлемі болсын) және өлім періштесі
Сұрақ: Өлім періштесі Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жанын алуға келгенде, ол оны ұрып көзін ағызғаны туралы хадис бар ма?...
4 495
20 января, 16