Image
Алланың жәрдемінен сенім мен үмітіңізді ешқашан үзбеңіз
Мен өмірде адасқан бір қыздың хикаясын баяндап бермекпін. Ол өзінің өмірде жасамаған жиіркенішті ісінің қалмағанын айтып мойындады. Ол әке-шешесінен бөлек тұрған төрт жылдың ішінде көптеген ...
4 454
5 октября, 15

Алланың жәрдемінен сенім мен үмітіңізді ешқашан үзбеңіз

4 454
5 октября, 15
АВТОР ЦИКЛА
Алланың жәрдемінен сенім мен үмітіңізді ешқашан үзбеңіз
«Мен кәпірлерден де нашар өмір сүрдім»

Мен өмірде адасқан бір қыздың хикаясын баяндап бермекпін. Ол өзінің өмірде жасамаған жиіркенішті ісінің қалмағанын айтып мойындады. Ол әке-шешесінен бөлек тұрған төрт жылдың ішінде көптеген күнәлі іс жасаған. Бәрі музыкаға әуестенуден басталған. Ол жайында оның өзі былай әңгімелейді: «Мен музыкаға құмарттым: онсыз өмір сүре алмайтынмын. Күніне алты, жеті немесе сегіз сағат қатарынан музыка тыңдайтынмын. Құлаққапты құлағымнан шешкен сайын өзімді ақылымнан адасып бара жатқандай сезінетінмін». Оған сыныптастарының бірі (есірткі) шегуді үйреткен. Ол: «Музыканы тыңдаған сайын бір жаққа қашып кеткім (безіп кеткім) келетін», − деді. Ол есірткі пайдалануға белшесінен батып, көп ұзамай оған тәуелді күйге түскен. Әке-шешесі мұны байқап қалған. Содан кейін әке-шешесімен бір шаңырақтың астында тұрғысы келмей, үйінен кетіп қалған. Әлеуметтік қызмет оған тұрғын үй мен ақша берген. Көп ұзамай ол мектепті де тастап кеткен.
 
«Мен кәпірлерден де жаман өмір салтын ұстандым», − дейді ол. Зина, есірткі, ішімдік – осының бәрі оның өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған. Ол харам нәрселердің барлық түрлерін байқап көргеннен кейін не болғанын былай есіне алады: «Бірде таңертең ояндым да, анам мен үшін дұға жасағандықтан болар, өз-өзіме: «Осымен жетер», − дедім. Сөйтіп, ол әке-шешесіне қайтып баруға бел буған. Әке-шешесінің үйіне барып, есігін қаққанда есікті анасы ашқан. Ол анасын көріп, бетінен сүйіп: «Алла мені тура жолға салды», − деп, үйіне қайтып келгенін айтқан. «Алла Тағала мені тура жолға бастайды» деген ой оның үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Бірақ, өзінің ойынша, әке-шешесінің дұға жасағандары себепті, Алланың оған рақымы түскен. Оның әкесі әйелі екеуінің қыздары үшін дұға жасауды ешқашан  тоқтатпағандарын айтты.
 
Бәлкім, достарыңыз сіздің жаман істеріңізден хабардар болғандықтан, (қаншама күнә жасасаңыз да) әлі де намаз оқып жүргеніңізге қарап, сізді екіжүзді, өтірікші деп санайтын шығар. Намазыңызды қалдырмаңыз. Адамдар сізге күнә жасап жүргендіктен жақтырмай қарайды. Бірақ, мойымаңыз, Алладан сізге дұрыс бағыт көрсетуін сұраңыз. Кейбір ата-аналар балаларының адасып жүргендерін көріп, оларға дұға жасап, қолдау көрсетеді. Адам күнәға толы өмір сүрген кезде оның жаны насихатты аңсап, шөлдейді. Бұл − сізді шыңырауға әкетіп бара жатқан түнектегі сәуле іспеттес. «Әулие мен күнәһардың арасындағы жалғыз айырмашылық – әр әулиенің өткені бар, әр күнәһардың болашағы бар».
 
Ағаштан жапырақ түссе де, су төгілсе де, әлдебіреудің демі үзілсе де немесе біреу дүниеге келсе де, Алла оны біледі. Алла әрдайым бізбен бірге. Ол біздің Тозақ отына түскенімізді қаламайды. Жаратқан Иеміз − Рахман әрі Рахим, Мейірімді және Рақымды, Ол бізге жақсылық тілейді және біздің Жәннатта болғанымызды қалайды. Бірақ, ол үшін біз Оған жүгінуіміз керек, Оған бағынуымыз қажет, Одан күш-қуат пен тура жол сұрауға тиіспіз. Біздің әзірге, тірі тұрғанымызда Аллаға жалбарынып, түзелуге мүмкіндігіміз бар.
 
Иманның шыңына қалай шығуға болады
 
Кішкентай кезімде әкемнен бірдеңе сұрағым келген кезде, ол маған: «Маған айтпас бұрын алдымен екі рәкағат намаз оқып, Жаратушы Иеңнен сұра», − дейтін. Мен бала емеспін бе, соған таң қалатынмын. Барлық нәрсені маған Раббымның беретінін білетінмін, бірақ, әкемнің әмияны арқылы деп ойлайтынмын!
 
Әкемнің ақылының астарында жатқан даналықты түсінбей, лажсыздан айтқанын орындайтынмын. Бірақ, кейінірек келе, Раббыммен арадағы ерте жастағы байланысымның қалған өмірімдегі иманыма түпқазық болғанын түсіндім.
 
Ересек адамдардың да сенімі көп жағдайда соған негізделеді. Иә, Раббымыз – біздің тірегіміз, бізге ризық беретін Сол. Бірақ, логика өмірде жейтін нанымызды табу үшін жұмыс істеуіміз керектігін мойындауымызды талап етеді. Бұл ой тұжырымы ақылға қонымды. Алайда, олай ойлау көп жағдайда мүміннің иманының әлсіреуіне және Алланың жәрдеміне деген үмітінің кемуіне әкеп соғады.

Алла Тағала әйгілі Қудси хадисте былай дейді:
 

«Құлым Менен нені күтсе, Мен де оған сондай қарым-қатынаста боламын».

Алланың жәрдеміне деген толық, мызғымас үмітті сахабалардың өмірінен байқауға болады. Бұл иман –олардың Пайғамбармен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) араласқандарының, оның қасында болғандарының жемісі. Соның нәтижесінде олар адамдардың арасында иманның ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізді.
 
Бірде Омардың (Алла оған разы болсын) халифатты басқарып тұрған кезінде жанартау атқылай бастаған. Оның жалыны Мәдина жаққа қарай шапшаң қарқынмен тарай жөнелген. Сонда біреудің зәресі ұшып, көмек сұрауға Омарға қарай жүгірген. Алайда, болған жайтты естіген Омар еш қобалжымай, оған байсалды түрде былай деген: «Тәмим әд-Дариге бар. Ол бәрін реттейді». Әлгі адам әміршіге аң-таң болып қарап қалған. Ол сұмдық апат жайында хабарлап тұрса, әмірші жайбарақат қана оны қайдағы бір адамға жібергені ме?! Сөйтіп, ол адам Тәмимге дүдәмалды күйде барады. Ал, Тәмим орнынан тұрып, тауға барады да, қолын көтеріп, қолын тигізбей-ақ отты таудың ішіне қайта кіргізіп жібереді!
 
Мұндай хикаялардың саны есепсіз: Алла Жүністі (оған Алланың сәлемі болсын) киттің ішінен шығарды, Жүсіпті (оған Алланың сәлемі болсын) – түрмеден, Мұсаны (оған Алланың сәлемі болсын) перғауыннан құтқарды. Бадрдағы шайқаста Алла Тағала мұсылмандарға періштелерді көмекке жіберіп, жаңбыр жауғызып жәрдем көрсетті. Ор маңындағы шайқаста Ол қатты дауыл тұрғызды. Сол дауылдан қорқып, мұсылмандардың жаулары Мәдинадан безіп кетті. Меккені жаулап алу кезінде мұсылмандардың жеңіске жетуге ешқандай мүмкіншілігі болмай тұрғанда бейбітшілік келісімінің жасалуының өзі бір ғажайып болды. Мұндағы негізгі ұстаным біреу ғана – кәміл иман. Сол иман адамның логикасынан басым түседі!
 
Адамдарға байқала бермейтін Алладан келетін жәрдем жайлы бір хикая иманның биік шыңына қол жеткізген адамның тіпті тұрмыстық қажеттіліктерінің де өтелетінін көрсетеді. Бірде кешкісін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кішкентай немересімен ойнағаннан кейін бала анасының қасына қайтып баруы керектігін айтқан. Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) қараңғылық түсіп келе жатқанын көріп, баланы үйіне апарып салмақ болған. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қажеті жоқ екендігін айтып, аспанға қараған. Сол сәтте сондай қарапайым жағдайда да Алланың жәрдемі келген. Бұлттар тарап, ай көрініп, бала үйіне жеткенге дейін жолына ай жарығы түсіп тұрған. СубханАллах, сондай қарапайым істе де Алладан жәрдем келген. Өйткені, иман адамға қашанда патшалардың Патшасының жәрдеміне арқа сүйеуге септігін тигізеді.
 
Алла сол жәрдемді сипаттап, былай дейді:
 

ألا أن نصر الله قريب
 

«Негізінен Алланың жәрдемі жақын!» (2, 214).

 

Қаншама жылдардан бері әкемнің (бала кезімде маған үйреткен) осы қарапайым әрекеті маған адам логикасының шегінен шығып, логика бұзылған кезде де жәрдем келетінін түсінуге сеп болды.


Алла Тағала сізден бас тартпайды, тек мойымаңыз.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Түзелуге мүмкіндік
Мен бала кезімнен бері кішкентай, жабық жерлерден қорқатынмын және ондай жерлерден аулақ жүретінмін. Кейінірек, адамның мұндай күйінің клаустрофобия деп аталатынын білдім....
4 983
18 августа, 15
Image
Қайтсем порнографиядан бойымды аулақ саламын?
Мен 18 жастамын. Ұстаздың жетекшілік етуімен Ислам ілімін үйреніп жүрмін. Мәселе мынада: менің порнография көріп, содан соң өз-өзімді қанағаттандыратын (әдейілеп ұрық шығаратын) жаман әдетім...
10 985
2
10 августа, 15