Image
Алтындалған немесе күмістелген ыдыс-аяқтан ас ішуге болады ма?
Сұрақ: Естуімше, мұсылмандарға алтын немесе күмістен жасалған ыдыс-аяқ қолдануға болмайды. Ал әшекейлеу мақсатымен үстінен алтын не күміс қабаты түсірілген ыдысты қолдануға болады ма? Тот ба...
2 144
15 марта, 16

Алтындалған немесе күмістелген ыдыс-аяқтан ас ішуге болады ма?

2 144
15 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Алтындалған немесе күмістелген ыдыс-аяқтан ас ішуге болады ма?
Сұрақ: Естуімше, мұсылмандарға алтын немесе күмістен жасалған ыдыс-аяқ қолдануға болмайды. Ал әшекейлеу мақсатымен үстінен алтын не күміс қабаты түсірілген ыдысты қолдануға болады ма? Тот баспайтын құрыштан жасалған ыдыстың үкімі қандай?
 
Жауап:
 
Ассалаумағалейкум уә рахматұллаһи уә бәрәкәту!
 
Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.
 
Ыдыс-аяқты жасалған материалдарына қарай төрт түрге бөлсе болады:
 
1. Толықтай алтыннан не күмістен жасалған ыдыс.

2. Алтын не күмістен тыс басқа материалдан жасалған ыдыс.

3. Басқа материалдан жасалып, алтын не күміс кесектерімен әшекейленген ыдыс.

4. Басқа материалдан жасалып, бөлінбейтіндей етіп, алтын не күміс қабатымен қапталған ыдыс.

Бұндай ыдыс жайлы шариғи шешім келесідей болмақ:

 Егер ыдыс толығымен алтын не күмістен жасалған болса, оны қолдануға болмайды.

 Алтын не күмістен бөлек басқа материалдардан жасалған ыдысты қолдануға рұқсат. Тот баспайтын құрыш осы категорияға жатады, демек оны қолдануға болады.
 
Кейбір фақиһтер мыс және мыс құйындысынан (мысалы, жез бен қола) жасалған ыдысты оның денсаулыққа тигізуі мүмкін зияны үшін қолдануды қалаулы емес деп санаған. Ал басқа фақиһтер мыс пен мыс құйындысынан жасалған ыдысты қолдануды рұқсат санаған. Демек, мыс пен мыс құйындысынан жасалған ыдысты қолданудың рұқсат не рұқсат еместігі оның денсаулыққа қаншалықты зиян болуына байланысты, өйткені мыспен жанасқанда кей тағам түрлері зиян қасиеттер алып, ал кейбірі алмайтыны ықтимал. Дегенмен, мыс не мыс құйындысынан жасалған ыдыс денсаулыққа зиян емес басқа бір материалмен қапталып, оны бөгеу етіп тұрса, ондай ыдысты еш кәрәһәтсіз (қалаулы емес етпей) қолдануға болады.
 
في الشامية: ( قوله ويكره الأكل في نحاس أو صفر ) عزاه في الدر المنتقى إلى المفيد والشرعة ؛ والصفر -مثل قفل وكسر الصاد - لغة النحاس ، وقيل أجوده ، مصباح. وفي شرح الشرعة: هو شيء مركب من المعدنيات كالنحاس والأسرب وغير ذلك ا هـ. ثم قيد النحاس بالغير المطلي بالرصاص ، وهكذا قال بعض من كتب على هذا الكتاب : أي قبل طليه بالقصدير والشب لأنه يدخل الصدأ في الطعام فيورث ضررا عظيما وأما بعده فلا ا هـ. أقول : والذي رأيته في الاختيار: واتخاذها من الخزف أفضل إذ لا سرف فيه ولا مخيلة ، وفي الحديث " { من اتخذ أواني بيته خزفا زارته الملائكة } " ويجوز اتخاذها من نحاس أو رصاص ا هـ. وفي الجوهرة : وأما الآنية من غير الفضة والذهب فلا بأس بالأكل والشرب فيها والانتفاع بها كالحديد والصفر والنحاس والرصاص والخشب والطين ا هـ. فتنبه
( رد المحتار: 9/566، كتاب الحظر والإباحة، دار المعرفة )
 
 Алтын не күміс кесектерімен әшекейленген ыдысқа келер болсақ, оны адам ішіп-жегенде алтын не күміске еш жері тимейді деген шартпен қолдануға болады. Мысалы, алтын не күміс ендірмелі шынаяқтан, адам оларға ернін тигізбесе, ішуге болады. Алтын не күміс кесектерімен әшекейленген тәрелке, поднос немесе құмырамен, адам ол алтын не күміске қолын тигізбейтін болса, қолдануға болады. Бұл шарттар орындалмаса, ондай ыдыс-аяқты пайдалануға болмайды.
 
Егер ыдыс басқа материалдан жасалып, алтын не күміспен ыдыстың негізгі материалынан ажыратылмайтындай етіп жалатылған болса (мысалы, алтын не күміспен шаңдату), ондай ыдысты пайдалануға болады, тіпті ауыз бен қол алтын не күміс қабатына тиетін болса да.
 
( رد المحتار: 9/564-569، كتاب الحظر والإباحة، دار المعرفة )
( الفتاوى البزازية: 2/486-487، كتاب الكراهية، السابع في اللبس، دار الكتب العلمية )
( فتاوى قاضيخان: 3/315-316، كتاب الحظر والإباحة، باب ما يكره من الثياب والحلي والزينة وما لا يكره، دار الكتب العلمية )
( الإختيار في تعليل المختار: 2/391-392، كتاب الكراهية، فصل في حكم الحرير والحلي، دار قباء )
( الهداية:  7/180-183، كتاب الكراهية، فصل في الأكل والشرب، مكتبة البشرى )
( فتاوى محموديه: 19/355-356، كتاب الحظر والإباحة، باب استعمال الذهب والفضة، ديوبند )
 
 

 

Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мешітте екінші жамағаттың болуының қалаулы еместігі
Сұрақ: Мешітте парыз намазды бөлек жамағат болып оқудың қалаулы еместігі жайлы хадистер бар ма? Мысалы, бір топ адам екінті намазын мешітте жамағатпен оқыды. Біраз уақыттан соң тағы бір топ ...
3 230
4 марта, 16
Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Истихара намазын дұрыс түсіну»
Адамдардың көбісі истихараның мағынасын түсінбейді. «Истихара» сөзі «хайыр» сөзінен шығып, «Алладан қайыр тілеу» дегенді білдіреді. Осылайша, бұл Алла Тағалаға шешімімізді қабылдап, бізге ос...
1 891
3 марта, 16