Image
Амалдарымыз Аллаға қай уақытта жеткізіледі?
Сұрақ: Кейбір хадистерде біздің амалдарымыз Аллаға Шағбан айында, ал басқа хадистерде Қадыр түнінде келтіріледі дейді. Қайсысы дұрыс?...
6 253
20 мая, 16

Амалдарымыз Аллаға қай уақытта жеткізіледі?

6 253
20 мая, 16
АВТОР ЦИКЛА
Амалдарымыз Аллаға қай уақытта жеткізіледі?
Қасиетті түндерде ғибадат етудің жеңіл жолы Шағбан айының 15 күні ораза ұстаудың үкімі Шағбан айының 15-ші күнінің маңыздылығы
Сұрақ: Кейбір хадистерде біздің амалдарымыз Аллаға Шағбан айында, ал басқа хадистерде Қадыр түнінде келтіріледі дейді. Қайсысы дұрыс?

Жауап:
 
Ассалаумағалейкум уә рахматұллаһи уә бәрәкәту!
 
Алла Тағала адамдардың барлық істері жайлы біледі. Әр уақыт сайын, қандай да бір себептермен періштелер Оған адамдардың амалдарын ұсынады. Хадистерде амалдар әр-түрлі кезеңдерде ұсынылатындығы айтылады.
 
Амалдарды күнделікті ұсыну
 
Сахаба Әбу Мұса әл-Әшаридің (оған Алла разы болсын) хабарлауынша, Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген:
 

«Алла Тағала ұйықтамайды, және Оған ұйқы тән емес…Оған түнгі істер күндізгі істерден бұрын келтіріледі, және Оған күндізгі істер келесі түннің істерінен бұрын көтеріледі» (Сахих Муслим, 446).

Амалдарды апталап ұсыну
 
Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай дегенін хабарлайды:
 

«Адамдардың амалдары Алла Тағалаға әр дүйсенбі мен бейсенбі күндері келтіріледі, ал Алла Оған серік қоспаған және бір-біріне қастық сақтамаған адамдардың қалағанын кешіреді» (Сахих Муслим).

Жылдық амалдарды ұсыну
 
Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) неліктен Шағбан айында ораза тұтатындығы жайлы сұрағанда, ол: 
 

«Бұл айға адамдар көңіл бөлмейді… Бұл айда адамның амалдары Аллаға көтеріледі. Мен амалдарымның ораза тұтқан кезімде көтерілгенін қалаймын» - деген.

Ғұлама Мұнауи бұнда Шағбанның 15-ші түні туралы айтылған дейді (Әт-Тәйсир, шейх Абдуллаһ Сиражүддиннің "Сұудүл-әкуәл уә рәфүл әмәл" кітабы, 70 бет).
 
Дегенмен, бұнда еш қарама-қайшылық жоқ. Амалдардың әр ұсынылуының өз себептері мен даналығы бар. Ғұлама Мұнауи мұны былай түсіндіреді: «Амалдарды дүйсенбі мен бейсенбі сайын келтіру жалпы өтеді, ал Шағбанның 15-ші түні бір жылғы амалдар толықтай егжей-тегжейімен келтіріледі… Амалдарды күнделікті келтіру де дәл солай,  егжей-тегжейлі  өтеді».
 
Сондай-ақ, ол былай жазады:
 
«Амалдарды әлденеше рет келтірудің мағынасы – періштелерге сол амалдарды істеген адамдардың тақуалығын көрсету». (Әт-Тәйсир, шейх Абдуллаһ Сиражүддин, "Сұудүл-әкуәл уә рәфүл әмәл", 70 бет).
 
Ғалымдар амалдарды келтірудің басқа да көптеген себептерін береді. Олардың бірі – Алла Тағала күнәлі істер жасап, тәубе қылған адамдардың кешіруі.

Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Анарды қабығымен жеудің пайдасы
Сұрақ: Анарды қабығымен жеу пайдалы екендігі туралы сөз сенімді ме, және оны кім айтқан?...
3 474
1 апреля, 16
Image
Меккені алғандағы шайтанның ашынуы
Сұрақ: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалар Меккеге кіргенде, шайтан ашынып: «Бүгіннен бастап Мұхаммедтің үмбетін пұтқа табындыруға мүмкіндігіміз қалмады!» - деп ...
3 009
17 марта, 16