Image
Әйел намазда басқа әйелдерге имам бола алады ма?
Сұрақ: Білуімізше, әйелдердің бөлек жамағаты рұқсат емес, дегенмен, Айша мен Умм Саләма аналарымыз (оларға Алла разы болсын) намазда әйел...
2 825
25 февраля, 16

Әйел намазда басқа әйелдерге имам бола алады ма?

2 825
25 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Әйел намазда басқа әйелдерге имам бола алады ма?

Сұрақ: Білуімізше, әйелдердің бөлек жамағаты рұқсат емес, дегенмен, Айша мен Умм Саләма аналарымыз (оларға Алла разы болсын) намазда әйелдерге имам болған деген риуаяттар бар. Бұл екеуін қалай үйлестірсе болады?

 
Жауап:
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: 
 

«Әйелдер жамағатында береке жоқ, егерде тек намазды ер адамдармен бір мешітте оқымаса, не жаназа намазында болмаса» (Мұснад Ахмад, 6 том, 66 бет, Иләус-Сунан, 4 том, 242 бет).

Бұл хадистің иснады әлсіз саналады, алайда ол басқа ұқсас риуаяттармен құпталады, мысалы, төменірек келтірілетін Әли халифаның (оған Алла разы болсын) сөздерімен, және басқа ұқсас хадистермен. (Мәжмәүз Зәуәид, 3 том, 26 бет, 2 том, 330 бет және 10 том, 77 бет). Ол хадистердің барлығында «әйелдер жамағатында береке жоқ…» деген сөздер қайталанады.
 
Халифа Әли (оған Алла разы болсын) әйелдерге намазды бөлек жамағатпен оқуға тыйым салғаны риуаят етіледі. (Мұсаннаф Ибн Әби Шәйбә, 4994 хадис. Мухаддис Зафар Ахмад Сәнәуи Иләус-Сунанда сенімді деп таныған, 4 том, 242 бет).
 
Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, ханафи мазһабының фақиһтері әйелдердің намазды, соның ішінде тарауих намазын, бөлек жамағатпен оқуы қалаулы емес (мәкрүһ) деп бекітті (Шәми, 1 том, 565 бет).
 
Шүбәсіз, «береке жоқ…» деген сөздер қатаң болып, мақұлдамауды білдіреді.
 
Келіспеушілік
 
Дегенмен, Айша және Умм Саләма аналарымыз (оларға Алла разы болсын) намазда әйелдерге имам болған деген риуаят жоғарыда берілген хадистермен келіспейді. (Мұсаннаф Ибн Әби Шәйбә, 4988-91 хадистер).
 
Ескертпе: Бұл хадистерде әйелдер намаз алдында азан шақырған деп айтылмаған.
 
Ханафи әлімдері бұл келіспеушілікті шешуінің қысқаша түсініктемесін төменде берген:
 
Айша мен Умм Саләма аналарымыздың әрекеті әйелдер жамағатының рұқсаттылығын көрсетеді, ал хадисте оның қалаулы еместігі (кәрәһәт) туралы айтылған.
 
Мүмкін Айша мен Умм Саләма аналарымыз ондай намазды әйелдерді үйрету үшін оқыған. Кейде қалаулы емес (мәкрүһ) амалдарды үйрету мақсатымен жасау рұқсат.
 
Намазды әйелдер жамағатымен оқу исламның алтын ғасырының әйелдерінің әдеті болды деген дәлелдеме жоқ. Бұхаридің риуаятында Айша анамыз (оған Алла разы болсын) өзінің малай әйеліне тарауих намазында имам болған делінеді, және бұл ол пікірді құптайды (Сахих Бұхари, 1 том, 96 бет, Қадими).
 
Соңында, мұхаддис ғалым Зафар Ахмад Сәнәуи (оған Алланың рақымы болсын), қалаулы емес (кәрәһәт) туралы айтылған хадис, Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) әрекетінің рұқсаттылығы (ибәһәт) жайында көрсеткен хадистен артығырақ дейді. Бұның негізгі қағидасы – екі дәлел бір-біріне қарама-қайшы келгенде, оның қалаулы еместікті көрсететіні артығырақ болады. (Иләус-Сунан, 4 том, 242-45 беттер).
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Шам намазының алдында екі рәкағат нәпіл намаз оқуға болады ма?
Сұрақ: Шам намазының алдында екі рәкағат нәпіл намаз оқудың рұқсат екені жайлы хадис бар ма?...
3 125
24 февраля, 16
Image
Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде?
Сұрақ: Сүннет пен әдептің айырмашылығы неде? Бұл дегеніміз, сүннет - хадистен алынып, әдеп хадистен алынбайды дегенді білдіреді ма? Олай...
2 862
13 января, 16