Image
Әйелді жәннатқа кіргізетін төрт нәрсе
Сұрақ: Әйел діни парыздарын орындап, күйеуіне бағынатын болса, жәннатқа кіре алады деп айтылған хадис сенімді ме? ...
2 803
10 марта, 16

Әйелді жәннатқа кіргізетін төрт нәрсе

2 803
10 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Әйелді жәннатқа кіргізетін төрт нәрсе
Ашуланба – Жәннәті боласың! Жұмаққа жетелейтін төрт амал

Сұрақ: Әйел діни парыздарын орындап, күйеуіне бағынатын болса, жәннатқа кіре алады деп айтылған хадис сенімді ме?

 
Жауап:
 
Хадисте былай айтылған:
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: 
 

«Егер әйел кісі күнделікті парыз етілген бес уақыт намазын қаза қылмаса, Рамазан айында ораза тұтса, өзін бөтен еркектерден сақтай білсе, күйеуіне адал болса, оған жәннаттың қалаған есігінен кіруге рұқсат беріледі».

 
Имам Ибн Хиббан (оған Алланың рақымы болсын) бұл риуаятты Әбу Хурейраға (оған Алла разы болсын) сілтей отырып, сенімді деп белгілеген.
 
(Сахих Ибн Хиббан; Әл-Ихсан, 4163 хадис. Мұснад Ахмад, 1 том, 191 бет)
 
Ғұлама Мүнәуи (оған Алланың рақымы болсын) жоғарыда аталғандарға әйел үлкен күнәлардан аулақ болу керек деген тағы бір шарт қосады. (Файдүл Қадир, 725 хадиске ескертпе)

Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Исламда алғаш шейіт болған әйел
Сумайя бинт Хуббат (Алла одан разы болсын) Ислам қабылдап, Мұхаммед Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) адал болуға ант берген алғашқы жеті адамның бірі болған....
2 637
1 марта, 16
Image
Instagram-дағы әйел адамның аккаунты
Сіздің мұсылман әйел ретінде өз міндеттеріңізді біліп-түсінуіңіз қуандырады. Алла Тағала Өзінің дінінде сізді қуаттасын. Ислам діні фитнаға (бүліктерге) апаратын барлық себептер мен жолдарды...
3 297
30 ноября, 15