Image
Қайтсем порнографиядан бойымды аулақ саламын?
Мен 18 жастамын. Ұстаздың жетекшілік етуімен Ислам ілімін үйреніп жүрмін. Мәселе мынада: менің порнография көріп, содан соң өз-өзімді қанағаттандыратын (әдейілеп ұрық шығаратын) жаман әдетім...
10 983
2
10 августа, 15

Қайтсем порнографиядан бойымды аулақ саламын?

10 983
2
10 августа, 15
АВТОР ЦИКЛА
Қайтсем порнографиядан бойымды аулақ саламын?
Жастарға арналған 10 кеңес
Сұрақ: Мен 18 жастамын. Ұстаздың жетекшілік етуімен Ислам ілімін үйреніп жүрмін. Мәселе мынада: менің порнография көріп, содан соң өз-өзімді қанағаттандыратын (әдейілеп ұрық шығаратын) жаман әдетім бар. Содан соң тәубе жасаймын, бірақ, бірнеше күннен кейін тәубемді қайта бұзамын. Порнографияны телефонымнан және компьютерімнен көремін. Бұл сорақы әдеттен арыла алар емеспін. Осыған байланысты қосымша ораза да ұстаймын, бірақ, мұның да әсері ұзаққа созылмайды. Осы әдеттен арылмаған күйі күпірлікте көз жұмамын ба деп қорқамын. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші.

Жауабы:

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Әссәләмуғалейкум уа рахматуЛлахи уа баракатуху!

Осындай жиренішті әдетіңіз барын уайымдап, алаңдайтыныңыздың өзі мақтауға тұрарлық. Бұл – осы күнәдан арылу жолындағы алғашқы қадам. Бойыңызды бұл сұмдықтан тазартуға Алла Тағала жеңілдік бергей.

Порнография мен әдейілеп ұрық шығару (мастурбация) – адамның өмірінің құт-берекесін қашыратын аса жаман, жиіркенішті күнәлар. Онымен айналысқан адам иманның тәтті дәмінен мақұрым қалады, оның жан-дүниесі мен жүрегі көмескі тартады, сөйтіп, оның тұла бойында құлшылық пен Аллаға жақындыққа деген жиреніш пайда болады.

Алла Тағала былай дейді:
 

إِنَّالنَّفْسَلَأَمَّارَةٌبِالسُّوءِ


«Расында нәпсі жамандыққа бұйырады...» (Қасиетті Құран 12:53)
 
Адамның нәпсісі кішкентай бала іспеттес – үнемі қалағанын сұрайды. Баланың әке-шешесі оған ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін біледі. Бала айқайласа да, жыласа да, олар оның қалағанының бәрін орындай бермейді. Керісінше, олар баланың тәртібіне байланысты шара қолданады. Асыл қасиеттерге ие парасатты адам болып өсуі үшін тәрбие береді. Біз де сол сияқты нәпсімізді тәрбиелеуіміз керек, оны жүгенсіз жіберіп, еркіне қоя беруге болмайды.
 
Сіз 18 жастасыз, қылшылдаған жассыз. Жастық шағыңыздың қадірін біліп, дұрыс пайдалана білуіңіз тиіс. Өйткені, өміріңіздің қалған жағын қалай өткізетініңіз осы жылдарда-ақ белгілі болады. Өз нәпсісін тізгінде ұстап, құмарлыққа бой алдырмаған адам иманның тәтті дәмін сезініп, ақыретте жоғары дәрежеге ие болады.
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Алланың көлеңкесінен басқа көлеңке болмайтын Күні Ол Өз көлеңкесіне алатын жеті адам бар: әділ әмірші; жастық шағын Раббымызға құлшылық етумен өткізген адам….» [1]

 

Сізді ешбір жан көрмесе де, Жаратқан Иемізден ештеңе таса қалмайтынын және Оның жүрегімізде жасырын жатқан нәрселердің бәрін білетінін қаперіңізде тұтқаныңыз жөн. Біз бірде-бір амал байқаусыз және есепсіз қалмайтын Қиямет Күнінен қорқуымыз керек. Ол Күні тіпті біздің көзіміз де өзімізге қарсы куәлік етеді.
 

Порнографияның кесірін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қысқаша айтар болсақ, ол адамның шынайы қасиеттері мен руханилығына нұқсан келтіреді. Оның салдарынан өмір мәнін, иман дәмін жоғалтады. Шын жүректен тәубе қылған жағдайда бұл жамандықтан құтылуға болады, бұл адамның қаншалықты шын өкінетініне байланысты.
 
Төменде сіздің мәселеңізді еңсеруге септігін тигізетін бірнеше ақыл-кеңес келтірілген:
 
 Жаман орта, сауда орталықтары, жағажай, тағы сол сияқты тән құмарлығын оятатын жерлерден іргеңізді аулақ салыңыз.
 
 Сізге махрам емес әйелдерге көз салудан аулақ болыңыз.

 Шынымен де қажеттілік туындамаса, ғаламторға кірмеуге тырысыңыз. Ыстық қазанға май салсаң, ериді емес пе? Сол сияқты, электр сымына қол тигізсең, тоқ соғары сөзсіз. Дәл сол секілді, егер сіз азғындаған сайттарға емін-еркін кіре алатын болсаңыз, бұл күнәнің шырмауына оралатыныңыз даусыз.

 Компьютер мен сол сияқты құрылғыларды қосқан кезде басқа адамдар сіздің не көріп отырғаныңызды көре алатындай жерге қоюға тырысыңыз. Сол күнәні жасауға құмарлығыңыз оянған бойда құрылғыны өшіріңіз.

 Жалғыз қалмаңыз, қол қусырып отырмаңыз. Іспен айналыспай бос отырған адамға әзәзілдің неше түрлі ой салатыны есіңізде болсын.

 Жиі-жиі мешітке барып, діндар адамдармен уақыт өткізіңіз. Рухани жетекшіні, имамды өзіңізге тәлімгер етіп алыңыз. Көп уақытыңызды жамағатпен өткізіңіз.

 Бұл әдеттен немесе қандай болмасын басқа да зиянды әдеттен бас тарту үшін ендігәрі ондай күнә жасамайтыныңызды айтып, Алла Тағалаға серт беруге де болады. Сонда сондай күнәға ұрынған сайын, қайырымдылыққа немесе жергілікті мешітке белгілі бір сома беріп отыруыңыз қажет болады. Алайда, ол көңілге қонымды сома болуы тиіс.

 Мұндай күнәлардан арылуыңызды жеңілдетуін сұрап, Жаратушы Иемізге дұға қылудан таймаңыз. Қолыңыздан келгенінше тәубе жасай беріңіз. Егер шын  өкініп, тәубе еткен болсаңыз, Алла бұл күнәдан арылатындығыңызға кепілдік береді. Талпынудан талмаңыз. Шайтанның уәсуәсіне ермеңіз. 

Алғашында күнә жасаудан тыйылу қиын көрінуі мүмкін. Бірақ, әрдайым күресудің және нәпсіні жазалаудың нәтижесінде нәпсіңізді тізгінде ұстауды үйренесіз. Әне, сонда күнәдан бас тартудың тәтті дәмін сезінесіз. Алла Тағала Өзіне жақын болғысы келетін пендесіне жәрдем береді.

Осы ақыл-кеңеске құлақ түргендер Алланың қалауымен мұндай күнәлардан құтылады.

Ал, ең дұрысын Алла біледі.

Уәссәләм.
 
[1] حَدَّثَنَا مُحَمَّدُ بْنُ بَشَّارٍ بُنْدَارٌ، قَالَ: حَدَّثَنَا يَحْيَى، عَنْ عُبَيْدِ اللَّهِ، قَالَ: حَدَّثَنِي خُبَيْبُ بْنُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، عَنْ حَفْصِ بْنِ عَاصِمٍ، عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: " سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ، يَوْمَ لاَ ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: الإِمَامُ العَادِلُ، وَشَابٌّ نَشَأَ فِي عِبَادَةِ رَبِّهِ، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِي المَسَاجِدِ، وَرَجُلاَنِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ اجْتَمَعَا عَلَيْهِ وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ طَلَبَتْهُ امْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ، فَقَالَ: إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ، أَخْفَى حَتَّى لاَ تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ
[بخاري رقم الحديث ٦٦٠ دار البشائر الاسلامية]

Комментарии: 2

Правила форума
Avatar
janibek muslim
3
Ен дурысы үйлену керек
10 августа, 15
Avatar
l abc
0
Ата-ана үйленуге рұқсат бермесе не істеу керек?
12 августа, 15

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Жастарға арналған 10 кеңес
Өзіңізді қарапайым ұстаңыз, кейбір кезде масаттанып «мұрныңызды шүйіргеннен гөрі», ұяңдықпен басыңызды төмен салып жүргеніңіз әлдеқайда артық. Жүректегі тәкаппарлықты құртыңыз....
8 330
1
27 апреля, 15
Image
Мүфти Ибрагим Десаидан ақыл-кеңес: Намазда қалай ойыңды жинақтауға болады
Адамның өз алдына қоятын маңызды тапсырмаларында табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы оның психологиялық ахуалына байланысты. Егерде ол көксеген мұратына жетемін деп, өз-өзін саналық тұр...
6 392
1
17 февраля, 15