Image
Бірінші сәуір жайлы
Халид Байг Ақымақтар күні (Бірінші сәуір) жайлы сұраққа жауап бере келе былай дейді: «Мәселе «сіз оған неліктен қатысқыңыз келеді» деген сұрақта. Осы жайлы ойланыңыз және бұның бәріне сіздің...
2 948
31 марта, 16

Бірінші сәуір жайлы

2 948
31 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Бірінші сәуір жайлы
Халид Байг Ақымақтар күні (Бірінші сәуір) жайлы сұраққа жауап бере келе былай дейді:
 
«Мәселе «сіз оған неліктен қатысқыңыз келеді» деген сұрақта. Осы жайлы ойланыңыз және бұның бәріне сіздің араласуыңызды қалайтындарға осы жайлы сұрақ қойыңыз. Не үшін? Егер осы сауалға ой жүгіртер болсаңыз, онда нағыз ақымақтар – осы бір дәстүрдің соңынан кемсаулана еріп, неліктен бұлай істейтіндерін өздері де түсіне алмайтын адамдар екенін аңғарасыз.

Мұсылман адам тобырдың артынан ере бермейді. Ол бір іс-әрәкетті басқалардың жасап жатқандығы үшін ғана жасай бермейді. Ол – ойлана білетін, өз уақытын дүниеде де, ақыретте де ешбір пайда әкелмейтін ұсақ-түйекке жоғалтпайтын адам.

Хадисте айтылғандай:
 

«Адамның Исламдағы көркемдігінің бірі – оның пайдасыз нәрселерден бас тартуы». (Тирмизи)

 
Ал надан қоғамда, керісінше, адамдар басқалардың істеп жатқан әрекеттерін солардың істегені үшін ғана қайталап жасай береді. Олар БАҚ –тың, көпшіліктің ұсынған сәндік үрдістеріне, немесе қызықты идеяларына көзсіздікпен ере береді. Сондықтан, Құран оларды керең, мылқау, және соқыр деп сипаттайды. 
 

«Рас тозақ үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер». (Құран, 7 сүре, аят 179).

 
Ислам сіздерді надандық қоғамынан құтқарады. Шынымен де, кімде кімнің оны бағалаудың орнына, кері жолды таңдауы қасірет болар еді.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Әйеліме лайк басшы, бауырым!
Біз әлеуметтік желілердің парақшаларында хиджаб киген тұрмыстағы қыз-келіншектердің суреттерін ауық-ауық көріп тұрамыз. Кейде олар өз суреттерін өздері шығарады, кейде күйеулері жариялап жат...
9 318
9
18 марта, 16
Image
Шоқтан шығып отқа түсу
Аталмыш материал – бойымызды аулақ салуға тиісті болған кейбір шектен шығушылықтар жөніндегі біздің бақылауларымыз бен ойларымыздың көрінісі. ...
6 698
4 марта, 16