Image
Дұғаны қалай дұрыс жасаған жөн?
Біріншіден, дұға қылушының жүрегі мойынсұнылған әрі ықыласты, санасында Алла Тағала дұғасын қабыл ететіндігіне толық сенім болуы керек. Егер дұғасына бұл дүниеде жауап ала алмаса, үмітсіздік...
16 445
2 апреля, 16

Дұғаны қалай дұрыс жасаған жөн?

16 445
2 апреля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Дұғаны қалай дұрыс жасаған жөн?
Сұрақ: Дұғаны қалай дұрыс жасаған жөн? Дұғаның алдында және соңында айтылатын арнайы салауаттар бар ма?

Жауап:
 
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен!
 
Әссәләмуғалейкум уа рахматуллахи уә бәрәкәтуһ!
 
Дұға – белгілі әдебі бар құлшылықтың түрі:

Біріншіден, дұға қылушының жүрегі жинақы әрі ықыласты, ал санасында "Алла Тағала дұғамды қабыл ететінді" - деген нық сенім болулары керек. Егер дұғасына дереу немесе тіпті бұл дүниеде жауап ала алмаса, үмітсіздікке салынудың қажеті жоқ. Мұның себебі, Алла Тағала құлының сұрағанын бұл өмірде бермесе, одан да жақсысын Ақыретте береді немесе дұғасының жауабы ретінде бір жамандықтың алдын бетін қайтарады.

Екіншіден, адам тек халал тамақ жеуі керек әрі табысының Шариғат заңына сәйкес жолмен келіп жатқанын қадағалауы тиіс.

Үшіншіден, мүмкіндігінше дәретте болғаны дұрыс я болмаса жақсы амал жасап барып дұға қылса жақсы, мәселен: намаз оқу, садақа беру, т. б., себебі ізгі амалдар дұғаның қабыл болу мүмкіндігін арттырады.

Төртіншіден, дұғаны Алла Тағалаға мадақ пен Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудан бастап, аяқтағанда да салауатпен аяқтаған жөн. Мұның себебі, салауаттар қабыл болады, сол себепті салауаттардың ортасында жасалған дұғаның да қабыл болуы ықтимал.

Бесіншіден, дұға жасағанда екі қолды жоғары көтеріп, жүзді Құбылаға қаратып, Алла Тағалаға Оның Көркем Есімдері арқылы жалбарып, әрі әр сұраған нәрсені үш реттен қайталау қажет. Өз әлсіздігіңізден,  надандығыңыздан және қателіктеріңізден қорған сұрап, Алла Тағаланың Ұлылығын, Мейірімі мен Жомартығын мадақтаңыз.


Соңында, дұға жасау үшін дұға қабыл болатын уақыттарға мән беру керек (азан мен қамат арасында, түннің үштен бір бөлігінде, парыз намаздан соң т.б.) және де дұға қабыл болатын сөздерді пайдалана отырып дұға қылу тиіс. Мысалы Жүніс пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасы:

 

لَا إِلَهَ إِلا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ

«Лә илаһә илла әнтә, субханака, инни кунту минә-ззалимин»

"Сенен басқа ешбір құдай жоқ! Сен - Пәксің! Шын мәнінде мен (күнәға барып), өз-өзіне зұлымдық жасағандардан болдым".

 
Алла жақсы Білуші

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ғалымдардың ғажайып қабілеттері туралы хикаялар
Сұрақ: Кейбір діни кітаптарда мен ақылға қонбайтын хикаяларға кезіктім – мысалы, онда кей әлімдер, олардың ішінде ханафи мазхабының ірі ғалымы Ибн Әбидин (оған Алланың рақымы болсын) күніне ...
878
31 марта, 16
Image
Таң және екінті намаздарынан кейін Алланы еске алудың құндылығы
Сұрақ: Алланы таң және екінті намаздарынан кейін еске алудың құндылығы жайлы риуаяттар келтіріңізші....
3 494
29 февраля, 16