Image
Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар
Əссəлəумағалейкум уə рохматуллаһи уə бəрəкəтуһ, құрметті бауырлар мен əпке-қарындастар! Алланың қалауымен 2018 жылдың 18 наурызында мүбәрак Ережеп айы басталды, осыған орай, жиі қойылатын сұ...
14 624
19 марта, 18

Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар

14 624
19 марта, 18
АВТОР ЦИКЛА
Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар
Мұхаммад Абасұмар
Автор:
МҰХАММАД АБАСҰМАР
Мүфти
Ибрагим Десаи
Автор:
ИБРАГИМ ДЕСАИ
Мүфти, Құран хафызы
Hadith Answers
Источник:
HADITH ANSWERS

An online source for Hadith Fatwas

Askimam.org
Источник:
ASKIMAM.ORG

Recent Fatwas by Mufti Ebrahim Desai

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Əссəлəумағалейкум уə рохматуллаһи уə бəрəкəтуһ, құрметті бауырлар мен əпке-қарындастар! Алланың қалауымен 2018 жылдың 18 наурызында мүбәрак Ережеп айы басталды, осыған орай, жиі қойылатын сұрақтар бағанын жариялап отырмыз.
 
1. Ережеп айының басында оқылатын дұға
 
Сұрақ: Біз Ережеп айының басында оқылатын дұға туралы білеміз, алайда кейбір адамдар оны сенімсіз әрі оны оқу - дінге енгізілген жаңалық деп санайды. Дұрысы қалай болмақ?
 
Жауап:
 
Әнәс ибн Мәлік Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Ережеп айы туғанда келесі дұғаны оқығанын келтірген:
 
اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَانْ
 
Аллахумма бәрик ләнә фи Раджабан уә Шаъбанә уә баллиғнә Ромадан
 
Иә, Алла, бізді Ережеп және Шағбан айларында есіркеп, Рамазанға жетуімізге жәрдемдес.
 
(Шу’абул Иман, 3534 хадис, Ибни Сунни, 660 хадис, Мухтасар Зауаид Баззар,  662 хадис, сондай-ақ, Әл-Азхарды қараңыз, 549  хадис)
 
Хадис әлсіз деп саналады, алайда оны ұстануға болады. Бұл дұғаны дінге енгізілген жаңалық деп айту шектен шыққандық. 
 
Имам Нәуауи (рахимахуллах) бұл хадисте біршама әлсіздік бар деп айтқан (Әл-Азхар,  549 хадис).
 
Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (рахимахуллах), бұл хадис осы амалдың (Ережептің басталарында дұғаны оқу) құндылығын дәлелдеуге жарамды деген (Латаиф, 172 б.).
 
Әлләмә Мұхаммад Тахир әл-Фатани (рахимахуллах) бұл хадис әлсіз, бірақ осы жағдайда мұны ұстануға болады деген (Тазкиратул Маудуат, 117 б.).
 
Бұл орайда, әлсіз хадистерде келтірілген дұғаларды қолдануға болатындығын айта кеткен жөн. (Мустадрак Хаким, дұға туралы тараудың басы және хафиз Ибн Хаджардың «Натаиджул Афкары», 5 т, 291 б.)
 
2. Ережеп айының басындағы үш күндік ораза жайлы
 
Сұрақ: Ережеп айының басындағы үш күндік ораза туралы келесі хадис сенімді ме: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан: “Ережеп айының бірінші күніндегі ораза үш жылдық күнәні өтейді, екінші күнгі ораза екі жылдық күнәні өтейді, ал үшінші күнгі ораза бір жылдық күнәні өтейді, одан әрі әрбір оразаның күнінде бір айдың күнәсі өтеледі”?

Жауап:
 
Әбу Мұхаммед Әл-Халля бұл хадисті өте әлсіз иснадпен келтірген, сондықтан бұл хадисті дәйексөз ретінде келтіруге болмайды. (Джамиу с-Сағыр, 5051 хадис, Файдул Кадир мен Ат-Тайсир би шархиль Джами ас-Сагырды қараңыз. Сондай-ақ, Ахмад Сиддик әл-Гумаридің «Әл-Мугырын» қараңыз).
 
Алайда,  Молла Әли Қари (рахимахуллах) жалпы айтқанда Ережеп айында бізге мүмкіндігінше қосымша (нәпіл) ораза ұстау қажет деп жазады. (Әл-Адаб фи Раджаб, 30 б.)
 
3. Ережеп айындағы истиғфар жайлы
 
Сұрақ: Жақында маған Ережеп пен Шағбан айларында оқылатын арнайы истиғфар жайлы хаттама келді. Осыған қатысты мына хадистің негізі бар ма: "Кімде-кім осы истиғфар дұғасын Ережеп пен Шағбан айлары бойы күніне жеті рет оқып тұрса, Алла Тағала сол адамның амалдарын жазып тұратын періштелеріне күнәлары жазылған амал дәптерін жыртып тастауды бұйырады: Астағфируллаһә ғазыймә-лләзи лә Иләһә илләһу әл-хайюл қайиюму уә әтубу иләйһи тәубәтан ғәбдин залимил-линәфсиһи лә йәмлики ли нәфсиһи мәутан бәлә хайтән уә лә нүшүр"?  
 
Жауап:

Сіздің сауалыңызда келтірілген хабарлама кейбі кітаптарда санадсыз (тізбексіз) келтіріледі, сол себепті мен оның сахихтығын растай алмаймын (қараңыз: Әл адаб фи Раджаб, 39 бет)
Ережеп айы ислам күнтізбесіндегі төрт қасиетті айлардың (әш-шухур хурум), бірі болып саналады, сол себепті осы айда құлшылықты, соның ішінде истиғфарды да (кешірім сұрау) барынша көбейткен абзал. 
 
Молла әли-Қари (рахимахулла) өз ұстазының Ережеп айында истиғфар дұғаларын көбірек оқитын болғандығы жайлы жазады (әл Адаб фи Раджаб, 38 бет).  
 
4. Рағайыпты (Ережеп айының бірінші жұмасына қараған түнді) ерекше атап өту жайлы
 
Сұрақ: Көптеген мұсылман елдерінде Рағайыб түнін, яғни дұғаладың қабыл болатын Түнін атап өту кең таралған. Бұл түні Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, анасының құрсағына біткен деп есептеледі, сондықтан Алла осы түні Өзінің сүйікті Пайғамбары үшін, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мүміндерге олардың тілегендерін береді делінген. Осы түні мешіттер таң атқанша ашық болады және мүміндер ерекше намаз - сәләтүл-Рағайыпты оқиды. Осы амал жөнінде не айта аласыздар?  

Жауап:

Рағайыб түніндегі ерекше намаздың құндылығы туралы айтылатын хадистерді біздің үмбетіміздің көптеген мұхаддистері ойдан шығарылған деп жарияланған болатын.

Осындай хабарламаларды дәйексөз ретінде келтіруден, сондай-ақ, әлдебір ерекше атап өтулерден немесе осы түнгі құлшылық әрекеттерінен бойды аулақ ұстаған жөн.  Хафиз Ибн Раджаб (рахимахуллах) былай жазған:
 
«Осы түні ерекше құлшылық әрекеттерін орындаудың ешбір дәлелдері жоқ.  Ережептің бірінші жұмасындағы түні оқылатын ерекше намаз «сәләтүл-рағайыб» туралы айтылған хадистер жалған әрі ойдан шығарылған. Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, бұл әрекеттер дұрыс емес, дінге енгізілген жаңалық (бидғат) болып табылады.  Мұндай тәжірибе (бұл түнді атап өту) бірінші рет бесінші ғасырда пайда болған…». (Латаифул Маариф, 228 б.
 
Сондай-ақ, Хафиз Ибн Хаджардың «Табинул Аджабын», 7 б;  Мұхаммад Тахир әл-Фатанның «Тазкиратул Маудуатын»  116-117 б,  Молла Әли Каридің «Әл-Маснуын’, 259 б, 464 хадис,  шейх Абдул Хай Лякнавидің «Әл-Асарул Марфу’асын», 44 пен 48 б; «Раддул Мухтарды» (Ибн Абидиннің), 2 т, 26 б. қараңыз).
 
5. «Ережеп айында мұсылманның жағдайы жеңілдетіледі...» деген хадис жайлы

Сұрақ: «Кімде-кім Ережеп айында мүміннің бейнетін жеңілдетсе, оған Алла Жұмақтан сарай сыйлайды» - деген хадистің растығын тексеріп берсеңіздер.

Жауап: 
 
Хафиз Ибн Хаджар (рахимахуллах) бұл хадистің мәтінін ойдан шығарылған деп айтқан. Сондықтан хадисті дәйексөз ретінде келтіруге болмайды. (‘Хафиз Ибн Хаджардың «Табиинул Аджабын» қараңыз, 27 б, 12 хадис)
​​​​
6. Ережап айына қатысты жалған хадис жайлы
 
Сұрақ: Келесі хадис сенімді ме: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан: «Ережеп айы - Алла жақсы істерді көбейтетін ай. Сондықтан, кімде-кім Ережеп кезінде бір күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады; кімде-кім жеті күн ораза ұстаса, оған Тозақтың жеті қақпасы жабылады, кімде-кім сегіз күн ораза ұстаса, оған Жұмақтың сегіз қақпасы ашылады; кімде-кім он күн ораза ұстаса, ол Алладан тілегендерінің бәрін алады. Кімде-кім он бес күн ораза ұстаса, оған көктен мынандай дауыс болады: «Негізінде, сенің бұрында жасағандарыңның (жамандықтарың) бәрі кешірілді, сондықтан енді  жақсы істеріңді көбейт». Ережеп кезінде Алла Нұхты, оған Алланың сәлемі болсын, алты айға кемеге міндірді, оның соңғы күні Ашура күніне келді, сол күні кеме Жуди тауына келіп тоқтады, сонда  Аллаға разылықтарын білдіріп, Нұх және онымен бірге болғандар, тіпті жануарлар да, ораза тұтқан екен...».
 
Жауап:
 
Имам Табарани (рахимахуллах) және басқа мұхаддистер бұл хабарламаны жазып алған (Әл-Муджамул Кабир, 5538 хадис).
 
Имам Байхақи (рахимахуллах) бұл хадистің шынайылығын теріске шығарған. Хафиз Захаби (рахимахуллах) хадисті ойдан шығарылған деп жүйелеген. Сондықтан бұл хадиске жүгінуге болмайды.
 
7. Миғраж түні Ережептің 27-не түседі дегеннің дәлелі бар ма?
 
Сұрақ: Миғраж түні Ережептің 27-не дәл келуінің дәлелі бар ма?

Жауап:
 
Ережептің 27-ші жұлдызы Миғраж түніне анағұрлым жақынырақ болып табылады және кейбір ғалымдар бұл оқиғаның осы түні болғаны туралы пікірді ұстанған. Алайда, жалпылама алғанда,  осы күн жөнінде ғалымдардың пікірлері екіге бөлінгендіктен, Миғраждың дәл осы түні орын алғандығын сеніммен бекітіп айтуға болмайды.
 
Хафиз Ибн Хаджар Әсқаләни (рахимахуллах) өзіне Миғраж күні туралы оннан астам пікірлер белгілі екенін жазған. (Фатхул Бари, 7  т, 254-255 б, 3887 хадис).
 
Муфассирлердің бірі (Құранға түсінік берушілер) Әл-Қуртуби (рахимахуллах) Миғраж оқиғасы Рабиүл-ахир айында орын алған деген пікірді дұрысырақ көрген. (Тафсир Қуртуби, 5 т,  551 б.).
 
Мұхаммад Шафи (рахимахуллах) оның пікірімен келісіп, былай айтқан: «Мұхаддистер (Миғраждың) нақты орын алған күніне тоқталмаған, дегенмен Ережептің 27-і күні деген пікір кең таралған және танымал» (Ма’арифул Құран,  5 т,  443 б, сондай-ақ, Сырат-и-Мустафаны қараңыздар, 1 т, 288 б).
 
Хафиз ибн Абдул Барр (рахимахуллах) мұның Ережеп айында орын алғанына келіскен және  имам Нәуәуи «Ар-Раудта» оның пікірімен келіскен.
 
Жоғарыда айтылғандардан анық болғандай, ғалымдар әлдебір нақты күнге келісе қоймаған. Мұны мүфти Мұхаммад Таки Усмани «Ислам айлары» кітабында растаған.
 
Менің ұстазым шейх, мухаддис Фадлюл Рахман Азами (хафизахуллах) Миғраж тақырыбына арналған қысқа мақаласында былай жазған:
 
«Істің мәні - Миғраж түнінің кесімді күнін тұжырымдау мүмкін еместігінде».
 
8. Миғраж түнін ерекше атап өтудің дәлелдері бар ма?
 
Сұрақ: Менің сұрағым Миғраж жөнінде: бұл оқиғаның Ережеп айының тура 27-ші күні болғаны туралы Құранда немесе хадистерде дәлелдер бар ма? Осы түні жасалатын әлдебір құлшылық түрлері  бар ма?
 
Жауап:
 
Мұсылмандардың көпшілігі Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көкке Ережеп айының 27-де көтерілген деп санайды. Бұл пікірді дәлелдейтін бірнеше хабарламалар бар, алайда басқа күндер көрсетілген өзге де хабарламалар бар. Сондықтан бұл түннің қай уақытта болуы керектігі туралы бізде нақты мәліметтер жоқ.
 
Әз-Зуркани (рахимахуллах) Миғраждың қай айда орын алғандығы туралы бес түрлі пікірлер келтіреді:  Рабиүл-аууәл, Рабиүл-ахир, Ережеп, Рамазан және Шәууәл айлары. Мұхаддис Абдул-Хакк Дехляви (рахимахуллах) ғалымдардың көпшілігі ең дұрысы - Миғраж оқиғасы Рамазан немесе Рабиүл-әууәл айында болған деп санайтындарын атап көрсеткен.
 
Ғалымдардың осы оқиғаны нақты бір күнге жатқызуға тырыспайтындығы, дәл осы түні ерекше құлшылық түрлерін жасаудың қажет еместігін көрсетеді. Егер де осы түнгі ғибадаттың әлдебір ерекше орны болатын болса, онда, әлбетте, Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары бізге бұл жөнінде хабарламалар жеткізер еді. Сахабалар, олардың бәріне Алла разы болсын,  біздің сүйікті Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өмірінің барлық егжей-тегжейлігін сақтаған, сол себепті олардан осы түні жасалатын (егер сондай амалдар болған болса), әлдебір ерекше құлшылық түрі бізге жетер еді. 
 
Егер кімде-кім осы түнді құлшылықпен өткізгісі келсе, онда ол әрбір түні жасалуы мұстахап болған кез-келген ғибадатты орындай алады: нәпіл намаз оқу, Құран оқу, зікір, дұға жасау және т.б.  Алайда оларды осы түні жасалатын ғибадат үшін әлдебір ерекше сауап болар деген сеніммен жасамау қажет.
 
Ақыры, осы түні адмдар мешітке жиі жиналатын болғандықтан, имамдар мен ғалымдар осы уақытты адамдарды игілікке шақырып, жамандықтан қайтарып, осы түн туралы дұрыс пікірді түсіндіру үшін пайдаланулары керек. (Махмудийя пәтуасы, 3/283-285, Фарукия), (Ислам айлары, 49-63, Маариф).
 
9. Ережептің 27 күні тұтатын оразаның мұстахап екендігінің дәлелі бар ма?
 
Сұрақ: Ережептің 27-де ораза ұстаудың мұстахап  екендігінің дәлелдері бар ма?
 
Жауап:
 
Хадис ғалымдары Ережеп айының әлдебір ерекше күнінде ораза ұстаудың қажеттілігін дәлелдейтін хадистердің жоқтығына бірауыздан келіседі.
Ережеп айының кез-келген күнінде ұсталатын оразаның жалпы құндылығын дәлелдейтін бірнеше хадистер бар, себебі Ережеп - бұл қасиетті төрт айдың бірі. Осы айлардың (Ережеп, Зул-қағда, Зул-хижа, Мұхаррам) бірінде орындалған кез-келген ғибадат өте бағалы болады. (Табийнул Аджаб, 7-11 б, Латаифуль Маариф, 228 б, Әл-Адаб фи Раджаб, 25 б).
 
Жоғарыда айтылып өткендей, ин ша Алла, адам Ережептің кез-келген күнінде ұстаған оразасы үшін сауап алады деп айта кету керек, бірақ дәл 27-і күні ұсталған оразаның сауабы  ерекше болады деп сену қажет емес. 
 
Менің ұстаздарымның бірі,  шейхул-хадис Фадлюл Рахман Азами (хафизахуллах) Миғраж туралы мақаласында былай жазған:
 
«Ережеп айындағы оразаға келер болсақ: оның қай бір күнінде ұсталған оразаның құндылығын дәлелдейтін сенімді хадистер жоқ. Алайда Ережептегі оразаның құндылығы туралы айтылған бірнеше ойдан шығарылған немесе өте әлсіз хадистер бар.Әлләма Суюти (рахимахуллах) сондай хадистерді жазып алып, олардың әлсіз екендігін көрсеткен.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Ережеп айының айрықша оқиғалары
Барша халықтардың тарихында елеулі оқиғалар, елеулі күндер, апталар және айлар бар. Мұсылмандардың да тарихы да сондай. Біздің тарихымыз еске алуға тұрарлық оқиғалар мен құбылыстарға бай. ...
7 517
23 марта, 18
Image
Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…
Ережеп айында ай жаңадан туғанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Рамазан айының келуіне дайындалу керектігін айтқан. Бұл екі ай бізге сол мақсатта (Рамазан...
9 972
17 марта, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…
Ережеп айында ай жаңадан туғанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Рамазан айының келуіне дайындалу керектігін айтқан. Бұл екі ай бізге сол мақсатта (Рамазан...
9 972
17 марта, 18
Image
Мүфти Тақи Усмани Рабиуль-әууәл айы және Сүннетті жаңғырту жайында
…Біз Рабиуль-әууәл айында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүбәрак сирасын еске алу үшін сан түрлі іс-шаралар, жиындар мен конференциялар өткіземіз. Бірақ, сіздерден а...
1 540
1 декабря, 17