Image
Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…
Ережеп айында ай жаңадан туғанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Рамазан айының келуіне дайындалу керектігін айтқан. Бұл екі ай бізге сол мақсатта (Рамазан...
9 969
17 марта, 18

Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…

9 969
17 марта, 18
АВТОР ЦИКЛА
Ережеп пен Шағбан айларына қадам басу…
The Jamiatul Ulama
Источник:
THE JAMIATUL ULAMA

The Council of Muslim Theologians

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Вступая в месяцы Раджаб и Шаабан…
Ережеп
 
Ережеп айында ай жаңадан туғанда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Рамазан айының келуіне дайындалу керектігін айтқан. Бұл екі ай бізге сол мақсатта (Рамазанға дайындалу үшін) берілген. Әдетте адамдар өмірде түрлі жетістіктерге қол жеткізу үшін өмір сүреді. Ал, мүмін болса, керісінше, осы айлар сияқты қасиетті айларды асыға күтіп, соларға жетуді тілеп ғұмыр кешеді.
 
Әнас ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ережеп айы басталғанда төмендегі дұғаны оқитын болғанын риуаят еткен:
 
اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَانْ
 
«Аллахумма бәрик ләнә фи Раджаба уа Шаабана уа бәлиғна Рамадана»
 
«Я, Алла, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр».
 
(Шуабуль-Иман, 3534, Ибну Сунни, 660, Мухтасар Зәуәид Бәззар, 662, сондай-ақ, Әл-Әзқар, 549 қараңыз. Хафиз Ибн Раджаб бұл хабарламаның аталмыш дұғаны оқудың құндылықтарын көрсететіндігін айтқан. Истихбаб, Ләтаиф, 172-бет).
 
Ережеп ислам күнтізбесінде төрт қасиетті (харам) айдың (әшхуруль-хурум) (соғысуға тыйым салынған айлардың) екіншісі болып табылады («Тәубе» сүресі, 36 қараңыз). Қалған үш ай – Зүл-қада, Зүл-хижжа және Мұхаррам.
 
Ғұламалар бұл айдың маңыздылығын түсіндіре келіп, осы айларда жасалған игі амалдардың Алланың алдында анағұрлым ізгілікті, ал, зұлымдықтың Оның алдында әлдеқайда жиренішті екенін атап өткен (Ләтаифуль-Маариф,163-бет).
 
Бір діндар, тақуа адам Ережеп айы кірмес бұрын сырқаттанып қалған. Сонда ол Алладан, ең болмаса, Ережеп айы кіргенге дейін жанын алмауын сұрап, дұға қылған. Өйткені, ол Ережеп айында Алланың адамдарды жазадан босататынын естіген. Алла Тағала оның дұғасын қабыл алған (Ләтаифуль Маариф, 173-бет).
 
Шағбан
 
Шағбан айына келер болсақ, осы айдың 15-ші түнінің ерекше маңыздылығын сипаттайтын сенімді хадистер бар (осы тақырыпты толығырақ ашатын мақаланы мына жерден қараңыз).
 
Хабарланғандай, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 
«Расында, Алла Тағала бұл түнде Оған серік қосқандардан және өзгелерге (мүміндерге) өшпенділік танытатындардан басқа кешірім сұрағандардың бәрін кешіреді» (Сахих Ибн Хиббан, 5665, Әт-Тарғыб, 3-том, 459-бет, Мәджәмәу з-зәуәид, 8-том, 65-бет, Ләтаифуль-Маариф, 194-бет).
 
Көрнекті тәбиғиндердің бірі имам Әта ибн Ясар (Алла оны рақым етсін) былай деген:
 
«Ләйләтүл-Қадірден кейін, Шағбанның ортасындағы түннен артық түн жоқ» (Сол жерде, 197-бет).
 
Имам Шәфиғи (Алла оны рақым етсін) былай деген:
 
«Алла Тағаланың дұғаларды, әсіресе, мына бес түнде қабыл алатынын естідім: жұмаға қараған түні; екі мейрам (Айт) кезіндегі түндер; Ережептің бірінші түні және Шағбанның ортасындағы түн» (Ләтаифуль Маариф, 196-бет).
 
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген адамдардың тәжірибесі Алла Тағаланың Ережеп айы бойы дұғаларды қайтармайтынын көрсетеді. Имам Ибн Әби Дунья өзінің «Муджабу Даауа» кітабында  соған бірнеше мысал келтірген (сол жерде).
 
Ережеп айында немесе Шағбанның 15-ші түнінде құлшылықтың үкім етілген белгілі бір түрлері жоқ. Өз қалауыңмен құлшылықтың кез келген түрін жасауға болады.
 
Сахабалар мен тәбиғиндер осы айларда (әсіресе, Шағбанда) Рамазанға дайындалып, Құран аяттарын мейлінше көбірек оқуға тырысқан. (Ләтафуль Маариф, 192-бет).
 
Ережепте жаңа туған ай мұсылмандар үшін жаңа маусымның келуін, үмітке, рақымға және кешірімге толы кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл «маусым» үш айдан кейін Ид әл-Фитр күні аяқталады.

Шейх Әбу Бәкір Бальхы (Алла оны рақым етсін) былай деген:
 
«Ережеп – игіліктің дәнін шашатын, яғни, ғибадатымызды арттыратын ай. Ал, Шағбанда егінді суарып, Рамазанда соның жемісін көреміз» (Ләтаиф, 173-бет).

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Ережеп айының айрықша оқиғалары
Барша халықтардың тарихында елеулі оқиғалар, елеулі күндер, апталар және айлар бар. Мұсылмандардың да тарихы да сондай. Біздің тарихымыз еске алуға тұрарлық оқиғалар мен құбылыстарға бай. ...
7 516
23 марта, 18
Image
Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар
Əссəлəумағалейкум уə рохматуллаһи уə бəрəкəтуһ, құрметті бауырлар мен əпке-қарындастар! Алланың қалауымен 2018 жылдың 18 наурызында мүбәрак Ережеп айы басталды, осыған орай, жиі қойылатын сұ...
14 622
19 марта, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мүфти Тақи Усмани Рабиуль-әууәл айы және Сүннетті жаңғырту жайында
…Біз Рабиуль-әууәл айында Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мүбәрак сирасын еске алу үшін сан түрлі іс-шаралар, жиындар мен конференциялар өткіземіз. Бірақ, сіздерден а...
1 538
1 декабря, 17
Image
Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі
Үстіміздегі жылдың 19-қарашасында мұсылман ай күнтізбесінің үшінші айы Рабиул-әууәл басталды. Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі? Көпшілік мақұлдаған пікірге сәйкес, дәл осы айда Раббымыздың со...
2 965
20 ноября, 17