Image
Есте сақтау қабілеті мен тілді дамытудың жолдары
Алла Тағала әр адамды әр түрлі қабілетпен және мүмкіншілікпен жаратты. Біреудің интеллекті жоғары, есте сақтау қабілеті ерекше болса, біреулер басқа салада сондай бірегей қабілетке ие. Адамн...
12 651
20 марта, 15

Есте сақтау қабілеті мен тілді дамытудың жолдары

12 651
20 марта, 15
АВТОР ЦИКЛА
Есте сақтау қабілеті мен тілді дамытудың жолдары
Сұрақ: Мен есте сақтау қабілеті мен тілді дамытатын дұға іздеп жүрмін. Өтінемін, осы мақсатыма қол жеткізуге қол ұшын берсеңіздер. Алла сауабынан жазғай.

Жауабы:

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен. Әссәләмуғалейкум уа рахматуЛлахи уа баракятух!
 
Алла Тағала әр адамды әр түрлі қабілетпен және мүмкіншілікпен жаратты. Біреудің интеллекті жоғары, есте сақтау қабілеті ерекше болса, біреулер басқа салада сондай бірегей қабілетке ие. Адамның есте сақтау қабілетінің төмен болуы ─қалыпты жағдай. Дегенмен, оны жақсарту үшін түрлі тәсілдерді пайдалануға болады.
 
Күнәдан аулақ болу
 
Ұлы ғұлама Мухаммад ибн Идрис әш-Шәфии, рахимахуллах, бірде өзініңұстазына шағымданған:
 
شكوت إلى وكيع سوء حفظي            فأرشدني إلى ترك المعاصى
 
وأخبرني بأن العلم نور                  ونور الله لا يهدى لعاصتي

«Шағымдандым Уакиге мұңымды айтып,
«Оқығаным есімде тұрмайды», - дедім шағынып,
«Баз кеш», - деді күнәдан, бәледен аулақ боп.
«Өйткені, білім Алладан берілетін нұр,
Ал, нұрдың күнәһарға берілуі мүмкін емес!» (1)

Имам Уаки ибн Джаррахтың тағы бір шәкірті, хадистер жинағының алтауында да аты аталатын ғұлама да оның (имам Уакидің) тамаша есте сақтау қабілетіне қызығушылық танытқан:
 
قَالَ عَلِيُّ بنُ خَشْرَم: مَا رَأَيْتُ بِيَدِ وَكِيْعٍ كِتَاباً قَطُّ، إِنَّمَا هُوَ حِفْظٌ، فَسَأَلتُهُ عَنْ أَدوِيَةِ الحِفْظِ، فَقَالَ: إِنْ عَلَّمْتُكَ الدَّوَاءَ، اسْتَعْمَلتَه? قُلْتُ: إِيْ وَاللهِ. قَالَ: تَرْكُ المَعَاصِي، مَا جَرَّبْتُ مِثْلَهُ لِلْحِفْظِ

Әли ибн Хашрам былай деген: «Мен Уакидіңқолынан ешқашан кітап көрген емеспін (басқаша айтқанда, ол бар білімді жадында сақтайтындықтан, кітап ұстап жүруге зәру болмаған). Бірде мен одан есте сақтау қабілетін қалай жақсартқанын сұрадым. Ол: «Саған сол амалды айтсам, оны пайдаланасың ба?» ─ деп жауап берді. Мен: «Иә, Алланың атымен ант етейін!» ─ дедім. Сонда ол: «Күнәдан бас тарт; мен ешқашан ондай нәрселерге (жаңсақ іс-әрекеттерге) бой алдырған емеспін» (2).
 
Егер адамның есте сақтау қабілеті жақсы болса, бірақ, бар зейіні күнәлі істерге бағытталған болса, онда оның бұл қабілетінің мүмкіншіліктері де харам амалдарға бағытталады. Ондай жағдайда оның миын дұрыс, ізгі ойлар емес, күнәға толы ойлар меңдеп алады.
 
Жадты жаттықтыруға күш салу
 
Егер біреудің табиғатында есте сақтау қабілеті нашар болса, көбірек ақпаратты есінде сақтауға тырысып, үздіксіз жаттығулармен дамытып отыруына болады. Сондықтан, ол миында ақпарат сақталып қалуы үшін үнемі күш салып отыруы қажет. Бірте-бірте ми ақпаратқа толады, сөйтіп, ақпаратты сақтау қабілеті ұлғая түседі.
 
Сәбидің дене бітімінің дамуы да осыған ұқсайды. Дамудың бастапқы кезеңдерінде оның аяғы әлсіз болады. Жүруді үйрене бастағанда аяғы көбірек күш-қуат алып, біртіндеп бекиді де, жүру қабілеті жақсарады. Уақыт өте келе оның аяғы адамды үлкен қашықтыққа алып бара алатындай күшке ие болады.
 
Фиқһ, тәпсір және хадисте табысты болған көптеген ислам ғұламалары миларын және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырып, тынымсыз еңбек етудің нәтижесінде сондай жетістікке қол жеткізген. Алла Тағала адамның талпынысын бағалап, есте сақтау қабілетін нығайтады. Алла Құранда былай дейді:
 

إِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ


«Расында Алла, жақсылық істеушілердің еңбегін жоймайды!» (11, 115) (3).
 
Мидың жұмысына пайдалы ас ішу
 
Жоғарыда айтылған екі амал – күнәдан аулақ болу мен жадты жаттықтырудан басқа мидың жұмысына пайдалы тағамды пайдалану арқылы да есте сақтау қабілетін нығайтуға болады. Мәселен, оған төмендегілер жатады:
 
Ислам тұрғысынан қарағанда
 
(Ислам) ғұламалары: бал, мейіз, жаңғақ (мәселен, грек жаңғағы немесе бадам, пісте және т.б.), сондай-ақ, шайырдың белгілі бір түрлерін шайнау сынды есте сақтау қабілетін нығайтатын кейбір азық-түлік түрлері мен заттарды айтып кеткен.
 
Бал
 
Риуаятта хабарланғандай, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

إِنْ كَانَ فِي شَيْءٍ مِنْ أَدْوِيَتِكُمْ خَيْرٌ، فَفِي شَرْبَةِ عَسَلٍ، أَوْ شَرْطَةِ مِحْجَمٍ، أَوْ لَذْعَةٍ مِنْ نَارٍ، وَمَا أُحِبُّ أَنْ أَكْتَوِيَ


«Сендердің дәрілеріңнің арасындағы ең жақсысы ─ бал мен күйдіру; бірақ, менің екінші тәсілге жүгінгім келмес еді» (4)
 

عَلَيْكُمْ بِالشِّفَاءَيْنِ: الْعَسَلِ، وَالْقُرْآنِ


«Екі нәрседен шипа іздеңдер: бал мен Құраннан» (5)

 
Имам Зухри, имам Хатиб әл-Бағдадидің «Әл-Джамиінде» былай делінгенін жеткізген:
 
قَالَ الزُّهْرِيُّ: «عَلَيْكَ بِالْعَسَلِ فَإِنَّهُ جَيِّدٌ لِلْحِفْظِ»

«Бал жегендерің абзал. Себебі, ол - есте сақтау қабілетін жақсартудың жақсы амалы» (6)
 
Бал қосылған ұнтақталған зире:

Зире ұнтағының жарты шай қасығын алыңыз да, оған бір шай қасық бал қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырыңыз. Сол қоспаны күніне екі рет ішіңіз.

Даршын ұнтағы қосылған бал:

Бір ас қасық бал алыңыз да, оған бір шөкім даршын қосыңыз. Ұйықтар алдында ішіңіз [7]
 
Мейіз
 
Сондай-ақ, имам әз-Зухри, рахимахуллах, былай деген:
 
عَنِ الزُّهْرِيِّ، قَالَ: " مَنْ سَرَّهُ وَقَالَ الْهَاشِمِيُّ: مَنْ أَحَبَّ أَنْ يَحْفَظَ الْحَدِيثَ فَلْيَأْكُلِ الزَّبِيبَ 

«Хадистерді есінде сақтағысы келген адамның мейіз жегені абзал» (8)
 
Бадам
 
Біздің ата-бабаларымыз түнде және таңертеңгілік жеті бадам жейтін болған. Себебі, мұның да мидың жұмысын нығайтуға пайдасы зор.
 
Бадамды-сүтті коктейль
 
Үйде жасалатын бұл сусынның студенттерге және ой еңбегімен айналысатын адамдарға пайдасы орасан. Бір есте сақтайтын жайт - қайнатылған коктейльді аш қарынға ішкен жөн. Содан соң кем дегенде екі сағат бойы басқа ештеңе жемеген дұрыс.
 
Жеті дана бадамды түнде суға салып қойыңыз. Таңертеңгісін оны тазалап, ұнтақтаңыз. Қоймалжыңқоспаны бір стақан сүтпен араластырыңыз. Сол қоспаны біршама уақыт қайнатыңыз. Нәтижесінде жасалған коктейльді есте сақтау қабілетін жақсарту үшін 15-40 күн үздіксіз ішіп тұрыңыз.
 
Бадам мен сүт
 
7 дана бадамды түнде суға салып қойыңыз. Ертеңіне таңертеңгісін оларды қабығынан тазартыңыз. Сөйтіп, бір стақан жылы сүтпен жеңіз.

Сұлы, сүт, бадам және бал:

Бір стақан сұлы алыңыз. Бір стақан сүт, 3 дана ұсақтап туралған құрма және ұсақтап туралған бадамныңүшеуін қосыңыз. Оған 1 шай қасық бал қосыңыз. Соның бәрін жақсылап араластырыңыз. Сол қоспаны таңғы асқа пайдаланыңыз. Содан кейін алма жеңіз.
 
Қазіргі ғылыми зерттеулер
 
Заманауи зерттеулерге сәйкес, есте сақтау қабілетінің нашарлығы шаршауда, күйзелісте немесе ұйқының жетіспеушілігінде болуы мүмкін. Көп тамақ жеу де адамныңұйқысын келтіріп, еріншек етеді, сана-сезімін жаншып тастайды, сонымен қатар, әр түрлі дертке шалдығуына алып келеді. Қазіргі кезде пайда болған көптеген аурулар – дұрыс тамақтанбаудың салдары. Қышқыл тағам да еріншектік пен есте сақтау қабілетінің нашар болуының бір себебі. Есте сақтау қабілетін жақсартудың жоғарыда келтірілген тәсілдерін ғылым да растайды. Оған қоса, төмендегі тәсілдерді кеңес етеді:
 
Грек жаңғағы
 
Бұл бірегей өнім есте сақтау қабілетін жақсартудыңүйде жасалатын еңүздік тәсілі болып табылады. Күніне 20 грамм жаңғақ пен 10 грамм мейіз немесе күріш жеп отырса, жаңғақ кешенді (күшейтілген) әсер береді.
 
Сонымен бірге, құрамында тиамин (В1 дәрумені) көп болғандықтан, пістенің де пайдасы зор.
 
Жеміс-жидек пен көкөніс
 
Есте сақтау қабілетін күшейтуде көптеген жемістердің маңызы зор. Фосфорға бай жемістер ─ нашар есте сақтау қабілетін жақсартудың ең жақсы амалы. Алма, жүзім, інжір, қаражидек, құрма және апельсин есте сақтау қабілетін дамытудыңүйде жасалатын ең тиімді жолдары болып саналады.
 
Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін жақсартуға сәбіз, жұмыртқа және бамия пайдалы.
 
Шөптер
 
Есте сақтау қабілетін нығайтуға «дәрілік гүлшетен» атты өсімдік өте пайдалы болып саналады. Оны «есте сақтау шөбі» деп те атайды. Гүлшетен – ұмытшақтық пен ақыл-ойдың шаршауынан арылтатын тамаша құрал. Ақыл-ой қабілетіңізді дамытқыңыз келсе, осы шөптен шай демдеп, тым болмағанда, күніне бір немесе екі рет ішіп тұрыңыз.
 
Шөптердің көпшілігі жадқа оңәсерін тиігізеді. Олардан шөптік шай демдеп ішіңіз: 1 стақан ыстық суға 1 шай қасық шөп салып, он минут тұндырып қойыңыз. Ойды жинақтау қабілетін күшейтіп, психологиялық титықтаудан арылтып, жадты жақсартатындықтан, жалбыз шөбінің де пайдасы орасан. [9]
 
Хиджама
 
Есте сақтау қабілетін нығайтуға және ұмытшақтықты азайтуға көмектесетін тәжірибемнен белгілі тағы бір тәсіл - хиджама. Ибн Омар (Алла оған разы болсын) да осы тәсілді кеңес еткен (10).

Дұға мен Құран аяттары
 
Әр парыз намазын оқығаннан кейін қолыңды маңдайыңа қойып, төмендегі дұғаны 11 рет айту кеңес етіледі:
 

یا قوی


Транслитерациясы: ЙаҚауйи (Я, Күшті)

Келесі дұғаны әрбір парыз намаздан кейін жеті рет оқыған абзал:
 

 اللهم نور قلبي بعلمك واستعمل بدني بطاعتك


Транслитерациясы: Аллахумма нәууирқальби би ‘ильмика уәста’миль бәдани би та’атика.

Әзіреті Әли Сәнуи, рахимахуллах,өзінің «Қасиетті Құранның амалдары» атты кітабында Құраннан төмендегі дұғаны келтірген:
 

رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي (25) وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي (26) وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَانِي (27) يَفْقَهُوا قَوْلِي (28


Транслитерациясы: «Рабби ишрах ли садриуәяссир ли әмриуахлюль уқдата-м-мин әл-лисәни яфқахуқаули».

Аудармасы: «Я, Раббым! Көңілімді кеңейткейсің! Ісімді оңайластырғайсың! Тілімнің түйінін шеше көр. Олар сөзімді түсінсін!» (Құран, 20:25-28). (11)
 
Ескертпе: «Есте сақтау қабілетін нығайтып, ілімде алға өрлеу үшін осы аятты әрбір парыз намаздан кейін 20 рет оқыған жөн».
 
Сондай-ақ, шейх Сәнуи былай жазады:
 
«Егер кімде-кім «әл-Муддәссир» сүресін (74-сүре) жүйелі түрле оқып, содан соң дұға жасайтын болса, Алланыңқалауымен, Қасиетті Құранды жаттау оған оңай болады».
 

Оған қоса, төмендегі аятты жиі айтып жүрген абзал:

 

ربى زدنى علما

Транслитерациясы: «Рабби зидни ‘ильма»
 
Аудармасы: «Я, Раббым, білімімдіарттыр!» (20, 114) (12)
 
Тілді дамытуға арналған дұға
 
Сіз тілді дамытуға арналған дұғаны да сұрадыңыз. Құранда келтірілген Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) дұғасын жиі оқып тұрсаңыз болады:
 

رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي (25) وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي (26) وَاحْلُلْ عُقْدَةً مِنْ لِسَانِي (27) يَفْقَهُوا قَوْلِي (28)

 
«Рабби ишрах ли садриуәяссир ли әмриуахлюль уқдата-м-мин әл-лисәни яфқахуқаули».
 
Аудармасы: «Я, Раббым! Көңілімді кеңейткейсің! Ісімді оңайластырғайсың! Тілімнің түйінін шеше көр. Олар сөзімді түсінсін!» (Құран, 20:25-28).

 
Ең дұрысын Алла Тағала біледі.
 
[1] وما أحسنَ قولُ تلميذِ وَكِيعٍ الكُوفيِّ(1)، قيل إنَّهُ الإمامُ الشَّافعيُّ:
شكوتُ إلى وكيعٍ سوءَ حِفْظِي فأرشدني إلى تَرْكِ المَعَاصِي وقال: اِعلمْ بأنَّ العِلْمَ نُورٌ وَنُورُ اللهِ لا يُؤتَاهُ عَاصِي
ويروى بدلَ الشِّعرِ الأخيرِ: وذلكَ أنَّ حفظَ العلمِ فضلٌ وفضلُ اللهِ لا يؤتى لعاصي
[تذكرة الراشد برد تبصرة الناقد للکھنوی، ص٢٤٧، مرکز العلما]

[2] سير أعلام النبلاء ط الحديث (7/ 565)
قَالَ عَلِيُّ بنُ خَشْرَم: مَا رَأَيْتُ بِيَدِ وَكِيْعٍ كِتَاباً قَطُّ، إِنَّمَا هُوَ حِفْظٌ، فَسَأَلتُهُ عَنْ أَدوِيَةِ الحِفْظِ، فَقَالَ: إِنْ عَلَّمْتُكَ الدَّوَاءَ، اسْتَعْمَلتَه? قُلْتُ: إِيْ وَاللهِ. قَالَ: تَرْكُ المَعَاصِي، مَا جَرَّبْتُ مِثْلَهُ لِلْحِفْظِ.
شعب الإيمان (3/ 244)
أَخْبَرَنَا أَبُو عَبْدِ اللهِ الْحَافِظُ، قَالَ: سَمِعْتُ أَبَا الطِّيبِ مُحَمَّدَ بْنَ أَحْمَدَ الذُّهْلِيَّ، يَقُولُ: سَمِعْتُ مُسَدَّدَ بْنَ قَطَنٍ، يَقُولُ: سَمِعْتُ عَلِيَّ بْنَ خَشْرَمٍ، يَقُولُ: شَكَوْتُ إِلَى وَكِيعٍ قِلَّةَ الْحِفْظِ، فَقَالَ: " اسْتَعِنْ عَلَى الْحِفْظِ بَقِلَّةِ الذُّنُوبِ "

[3] {وَاصْبِرْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ (115)} [هود: 115]
{إِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ (120)} [التوبة: 120]
{وَيَصْبِرْ فَإِنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُحْسِنِينَ (90)} [يوسف: 90]
{وَأَنَّ اللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجْرَ الْمُؤْمِنِينَ (171)} [آل عمران: 171]

[4] صحيح البخاري (7/ 125)
حَدَّثَنَا إِسْمَاعِيلُ بْنُ أَبَانَ، حَدَّثَنَا ابْنُ الغَسِيلِ، قَالَ: حَدَّثَنِي عَاصِمُ بْنُ عُمَرَ، عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: «إِنْ كَانَ فِي شَيْءٍ مِنْ أَدْوِيَتِكُمْ خَيْرٌ، فَفِي شَرْبَةِ عَسَلٍ، أَوْ شَرْطَةِ مِحْجَمٍ، أَوْ لَذْعَةٍ مِنْ نَارٍ، وَمَا أُحِبُّ أَنْ أَكْتَوِيَ»
صحيح البخاري (7/ 122)
حَدَّثَنِي الحُسَيْنُ، حَدَّثَنَا أَحْمَدُ بْنُ مَنِيعٍ، حَدَّثَنَا مَرْوَانُ بْنُ شُجَاعٍ، حَدَّثَنَا سَالِمٌ الأَفْطَسُ، عَنْ سَعِيدِ بْنِ جُبَيْرٍ، عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: " الشِّفَاءُ فِي ثَلاَثَةٍ: شَرْبَةِ عَسَلٍ [ص:123]، وَشَرْطَةِ مِحْجَمٍ، وَكَيَّةِ نَارٍ، وَأَنْهَى أُمَّتِي عَنِ الكَيِّ " رَفَعَ الحَدِيثَ وَرَوَاهُ القُمِّيُّ، عَنْ لَيْثٍ، عَنْ مُجَاهِدٍ، عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «فِي العَسَلِ وَالحَجْمِ»

[5] سنن ابن ماجه (2/ 1142)
حَدَّثَنَا عَلِيُّ بْنُ سَلَمَةَ قَالَ: حَدَّثَنَا زَيْدُ بْنُ الْحُبَابِ قَالَ: حَدَّثَنَا سُفْيَانُ، عَنْ أَبِي إِسْحَاقَ، عَنْ أَبِي الْأَحْوَصِ، عَنْ عَبْدِ اللَّهِ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: " عَلَيْكُمْ بِالشِّفَاءَيْنِ: الْعَسَلِ، وَالْقُرْآنِ "
[تعليق محمد فؤاد عبد الباقي]
في الزوائد إسناده صحيح رجال ثقات.

[6] الجامع لأخلاق الراوي وآداب السامع للخطيب البغدادي (2/ 262)
أنا مُحَمَّدُ بْنُ الْحُسَيْنِ الْقَطَّانُ، أنا دَعْلَجُ بْنُ أَحْمَدَ، أنا أَحْمَدُ بْنُ عَلِيٍّ الْأَبَّارُ، أنا أَبُو مُعَاذٍ التِّرْمِذِيُّ الْجَارُودُ بْنُ مُعَاذٍ، نا عُمَرُ بْنُ هَارُونَ، عَنِ ابْنِ جُرَيْجٍ قَالَ: قَالَ الزُّهْرِيُّ: «عَلَيْكَ بِالْعَسَلِ فَإِنَّهُ جَيِّدٌ لِلْحِفْظِ»

[8] الجامع لأخلاق الراوي وآداب السامع للخطيب البغدادي (2/ 262)
عَنْ إِسْمَاعِيلَ بْنِ مُسْلِمٍ الْمَلَكِيُّ، عَنِ الزُّهْرِيِّ، قَالَ: " مَنْ سَرَّهُ وَقَالَ الْهَاشِمِيُّ: مَنْ أَحَبَّ أَنْ يَحْفَظَ الْحَدِيثَ فَلْيَأْكُلِ الزَّبِيبَ "

[10] [الحث علی حفظ الحدیث للخطیب بغدادی]
[الطب النبوی لابن القیم]
سنن ابن ماجه (2/ 1153)
حَدَّثَنَا سُوَيْدُ بْنُ سَعِيدٍ قَالَ: حَدَّثَنَا عُثْمَانُ بْنُ مَطَرٍ، عَنِ الْحَسَنِ بْنِ أَبِي جَعْفَرٍ، عَنْ مُحَمَّدِ بْنِ جُحَادَةَ، عَنْ نَافِعٍ، عَنِ ابْنِ عُمَرَ، قَالَ: يَا نَافِعُ قَدْ تَبَيَّغَ بِيَ الدَّمُ فَالْتَمِسْ لِي حَجَّامًا وَاجْعَلْهُ رَفِيقًا، إِنِ اسْتَطَعْتَ، وَلَا تَجْعَلْهُ شَيْخًا كَبِيرًا، وَلَا صَبِيًّا صَغِيرًا، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، يَقُولُ: «الْحِجَامَةُ عَلَى الرِّيقِ، أَمْثَلُ وَفِيهِ شِفَاءٌ، وَبَرَكَةٌ، وَتَزِيدُ فِي الْعَقْلِ، وَفِي الْحِفْظِ، فَاحْتَجِمُوا عَلَى بَرَكَةِ اللَّهِ، يَوْمَ الْخَمِيسِ وَاجْتَنِبُوا الْحِجَامَةَ، يَوْمَ الْأَرْبِعَاءِ، وَالْجُمُعَةِ، وَالسَّبْتِ، وَيَوْمَ الْأَحَدِ، تَحَرِّيًا وَاحْتَجِمُوا يَوْمَ الِاثْنَيْنِ، وَالثُّلَاثَاءِ، فَإِنَّهُ الْيَوْمُ الَّذِي عَافَى اللَّهُ فِيهِ أَيُّوبَ مِنَ الْبَلَاءِ، وَضَرَبَهُ بِالْبَلَاءِ يَوْمَ الْأَرْبِعَاءِ، فَإِنَّهُ لَا يَبْدُو جُذَامٌ، وَلَا بَرَصٌ إِلَّا يَوْمَ الْأَرْبِعَاءِ، أَوْ لَيْلَةَ الْأَرْبِعَاءِ»

[11] سورة طہ، الایة ۲۵

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
"Қасиетті Валентин" күні және басқадай ерсіліктер
Кейбір әдет-ғұрыпты бидағаттың егіз бауырлары деп қарастыруға болады. Бидағат сияқты, олар да екі факторға негізделген: надандық пен сыртқы ықпалға. Бидағат сияқты, олар да белгілі бір салт-...
6 908
14 февраля, 18
Image
Рамазан айында жақсы қалыпты қалай сақтап қалуға болады?
Рамазан айындағы ораза рухани тазару ғана емес, бұл мәселеге дұрыс көзқараспен қарайтын болсақ, физикалық тұрғыдан ағзалардың тазаруы да бек мүмкін. Күнделікті ауыз бекітуге бүкіл ағзаны дұр...
1 598
12 июня, 17

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Жәннатқа бастайтын 18 жол
Бұл мақалада Жәннаттың жұпар иісін сезінгісі келетіндерге Жаратқан Алланың сүйіктісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , құнды сый ретінде қалдырып кеткен қосымша құлшылыққа қатыс...
11 486
3
19 марта, 15
Image
Сопылардың хулюль және иттихад (адам мен Құдайдың бірлігі және Алла Тағаламен бірігу мүмкіндігі) сенімдерін ұстанатындары рас па?
Жақында Ғаламтордан сопылық (тасаууф) жайында түрлі мақалаларды қарап отырып, салафит-авторлар жазған мақаланы көзім шалып қалды. Олар сопылықты бидғатқа толы жалған жол, сопылар хулюль мен ...
3 563
5 марта, 15