Image
Ғалымдардың ғажайып қабілеттері туралы хикаялар
Сұрақ: Кейбір діни кітаптарда мен ақылға қонбайтын хикаяларға кезіктім – мысалы, онда кей әлімдер, олардың ішінде ханафи мазхабының ірі ғалымы Ибн Әбидин (оған Алланың рақымы болсын) күніне ...
877
31 марта, 16

Ғалымдардың ғажайып қабілеттері туралы хикаялар

877
31 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Ғалымдардың ғажайып қабілеттері туралы хикаялар
Сұрақ: Кейбір діни кітаптарда мен ақылға қонбайтын хикаяларға кезіктім – мысалы, онда кей әлімдер, олардың ішінде ханафи мазхабының ірі ғалымы Ибн Әбидин (оған Алланың рақымы болсын) күніне 1000 нәпіл намаз оқитын делінген. Бұл қалайша мүмкін? Әр рәкағат орта есеппен 1,5 минут алады десек, ондай намаз 25 сағат алады ғой. Алайда, тәулікте тек 24 сағат, оған қоса, адам тамақтану, ұйықтау, тағы басқа істермен айналысуы керек. Ондай әңгімелер қаншалықты сенімді, және шариғат үйрететін ұстамдылыққа қарсы келмейді ме?
 
Жауап:
 
Ондай нәрселер тек Әһлі-суннаның Алла әулиелерінің кереметтеріне қатысты ұстанымын білмейтін адамға ғана оғаш көрінеді.
 
Ондай жолмен Алла Өзінің кейбір таңдаулы құлдарына уақыт берекетін беруі мүмкін, сондықтан ондай істер жасау олар үшін қиын емес. Оған қоса, ондай нәрселер көптеген әлімдер туралы сенімді, күмәнсіз дереккөздерде келтірілген. Мысалы, имам Нәуәуи (оған Алланың рақымы болсын) Сахих Мұслимге берілген түсініктемесінде тақуалардың ондай қабілеттерін жоққа шығарғысы келетін адамдарға қарсы біраз дәлелдер келтіреді (Шарх Сахих Мұслим, 1 том, 10 бет).
 
Төменде ондай оқиғалардың бірнеше мысалдары берілген:
 
1. Әт-Тирмизи (оған Алланың рақымы болсын) Мәсләмә ибн Амрдан Ұмайыр ибн Хани күн сайын 1000 рәкағат нәпіл намаз оқып, 100,000 тәсбих жасайтын деп риуаят етеді.
 
2. Имам Әбу Нұғайм (оған Алланың рақымы болсын) Әмір ибн Абдуллаһ туралы да солай хабарлайды.
 
3. Имам Мәлік (оған Алланың рақымы болсын) Әли ибн Хұсейін ибн Әли дүниеден өткенше түн сайын 1000 рәкағат намаз оқитын деп хабарлайды. Бұл риуаятты хафиз әз-Зәһәби «Китәбүл-Ғибар» еңбегінде келтіріп, растайды.
 
4. Хафыз Ибн Хаджар (оған Алланың рақымы болсын) Әли ибн Абдуллаһ ибн Аббас күн сайын 1000 рәкағат намаз оқитын деп хабарлайды. (Әт-Тәһзиб) (Абдүл-Хәй әл-Ләкнәуи мәулананың Иқаматүл Хүджасы, 64, 65, 71, 74 беттер).
 
Әуелгі әлімдерімізден келтірілген ондай әңгімелер сансыз көп.
 
Ондай оқиғалар жоғарыда аталған даңқты әлімдер мен мұхаддистермен жазылған. Олар ол хикаяларды оғаш санамаған, ендеше біздің олай ойлауға не хақымыз бар?
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Таң және екінті намаздарынан кейін Алланы еске алудың құндылығы
Сұрақ: Алланы таң және екінті намаздарынан кейін еске алудың құндылығы жайлы риуаяттар келтіріңізші....
3 494
29 февраля, 16
Image
Шейх Фәрәз Рәббәни: Әл-Кәһф сүресінің он аяты – Дәжжәлдан қорғаныш
1-ші сұрақ: Мұсылмандардың қазіргі қиын-қыстау заманында біз Дәжжәлдің фитнәсына дайын болуымыз керек. Естуімше, Кәһф сүресінің ең болмағанда 10 аятын жатқа білу керек, бірақ кей жерде алғаш...
4 505
25 февраля, 16