Image
Ғайыпты (кәшф) білемін деу әрдайым ширк болып саналады ма?
Сұрақ: Әбу Ханифа (оғанАлланың рақымы болсын) туралы бір кітапта ол «дәрет алып отырған адамның дене мүшелерінен су тамшыларымен бірге күнәлары ағып жатқанын көретін» деп айтылған. Ал менің ...
2 568
26 января, 16

Ғайыпты (кәшф) білемін деу әрдайым ширк болып саналады ма?

2 568
26 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Ғайыпты (кәшф) білемін деу әрдайым ширк болып саналады ма?
Сұрақ: Әбу Ханифа (оған Алланың рақымы болсын) туралы бір кітапта ол «дәрет алып отырған адамның дене мүшелерінен су тамшыларымен бірге күнәлары ағып жатқанын көретін» деп айтылған. Ал менің естуімше ғайып нәрсе тек Аллағаның білімінде, сондықтан адамның ол білімге таласуы ширкке жатады. Бұны қалай түсінуге болады?
 
Жауап:
 
Кіші дәрет күнәларды жуатыны жайлы хадисті түсіндіре отырып, ғұлама Сүюти (оған Алланың рақымы болсын) былай жазады: 
 
«Бұл хадистің анық мәнін түсіну керек. Бұның себебі – күнәлар адамның ішінде және сыртында ұйысқан түнек пішінін алады да, кәшф (ғайыпты білу) берілген адамдардың бәріне анық көрінеді» (Фатхүл Мүлхим, 2 том,663 бет).
 

Көзге көрінбейтін/ғайыптың көрінуі мен ғайыпты білудің арасында үлкен айырмашылық барСіз айтқандай, ғайыпты тек бір Алла Тағала біледі. Бұл әр мұсылманның күмәндануға болмайтын іргелі сенімі. Алайда, онымен көрінбейтіннің көрінуінің арасында айырмашылық бар, ол адам үшін мүмкін және тарихта сахабалар өмірінен бастап біздің заманымызға дейін әлденеше рет болған нәрсе.

 
Мысалы, Алланың періштелері күнделікті өмірде бізге көрінбейді, бірақ біз олардың бар екендігіне сенеміз. Солай-ақ, қабір азабы хақ екенін де білеміз, алайда ол бізге көрінбейді. Дегенмен, кей сахабалар ондайды көре алған, мысалы, Аиша анамыз (оған Алла разы болсын) немесе Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) періштелерді көрген. Қабір азабын да көретін сахабалар болған (Хайәтус-сахаба, 3 том, 777, 841 беттер).
 
Осылайша, кейбір адамдарың кіші дәрет алғанда күнәлардың жуылып жатқанын көруге мүмкіндігі бар, әйтсе де бұл ғайып бөлшегі.
 
Тағы бір мысал.
 
Мәлім бір оқиғада Омар халиф (оған Алла разы болсын) Мединеде бола, Парсы елінде тұрған әскерінің орнын көруге мүмкіндің алған. Ол әскерін өлімнен құтқара алу үшін Алла оған сондай мүмкіндік берді оған (Әбу Нұғаймның Даләилун-Нубууа кітабы және Хайәтус-сахаба, 3 том, 808 бет).
 
Ол жағдайда Алла Омарға (оған Алла разы болсын) қасындағы басқа адамдарға көрінбейтін нәрселерді анық етті.
 
Осылайша, кәшф (көрінбейтінді көру мүмкіндігі) әлденеше рет болған, сондықтан оны мойындамау – надандықтың белгісі.
 
Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Адамның Исламға дейінгі жасаған жақсы амалдары жайлы шешім
Сұрақ: Исламды қабылдаған адамның Исламға дейін жасаған игі істері қабыл алынады деген рас па?...
3 126
21 января, 16