Image
Хадиша әпке: «Ораза ұстау мүмкіндігі, ол – Алланың мейірімі»
Алланың қалауымен, дінді жаңадан қабылдаған орыс ұлтты, Мәскеулік мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз . Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасына қа...
5 798
27 мая, 17

Хадиша әпке: «Ораза ұстау мүмкіндігі, ол – Алланың мейірімі»

5 798
27 мая, 17
АВТОР ЦИКЛА
Хадиша әпке: «Ораза  ұстау мүмкіндігі, ол – Алланың мейірімі»
Azan.kz
Источник:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Алланың қалауымен, дінді жаңадан қабылдаған орыс ұлтты, Мәскеулік мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз . Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасына қатысты әсері мен алғашқы Рамазан айы жайлы тәжірибесімен Хадиша әпкеміз бөліспек.
 
Хадиша, сенің Исламды 2009 қабылдағаныңды білемін. Сол кезден есіңде қалған оқиғалар мен алғашқы Рамазаның жайлы не айтар едің?
 
- Әссалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Әуелі айта кеткім келгені - Рамазанмен алғаш рет 2009 жылы танысқан едім, ол, менің Исламды қабылдауымнан бірнеше ай алдын болған. Мен ол кезде Мысырда болдым, сол уақытта Рамазан айы басталды да адамдар ораза ұстап жатты. Оған дейін Исламға еш қызықпаған едім және мұсылмандарды да кездестірмеген едім, сол себепті де айналамдағының барлығы мен үшін қызық болды. Ауа температурасы 50 градусқа жетіп тұрса да ішпей, жемей жүрген адамдарға деген құрметпен мен де ораза ұстап көрмек болдым. Шынын айтқанда, мен тек 2-3 күн ғана шыдадым. Мен тұрған қонақ үйдің басшылығы ұжымға және жалпы ауыз бекіткендерге ауызашар ұйымдастырды. Тамақтар өте дәмді болды, әсіресе, құрма мен сүттен жасалған сусын маған қатты ұнап, есімде қалыпты. Адамдар ішіп – жеуден өзінің діні үшін бас тартады, сондықтан да оларға деген құрметпен жабық киім киіп жүруге тырыстым, тіпті орамал да тағып алатын болдым, бәлкім сол кезде мен айналамдағыны әсте түсініп келе жатқан болуым керек. Әлі есімде, бір мұсылман әріптесім неге бұлай етіп жүргенімді сұрап, маған оразаның парыз еместігін айтты. Бірақ маған ораза маңызды болып көрінді әрі соны іштей сезінгім келді. Еуропалықтар үшін оңтүстікте, арабтардың  аптап ыстықта шөлдеп, бүкіл ағзасы құрғап, басы ауырғанына қарамастан ораза ұстауын елестету өте қиын нәрсе. Ондай ауа райында біз ауа салқындатқышсыз, душсыз, сусыз тұра алмаймыз, ал осы кезде жұмыс істеп, міндеттерін атқарып жүрген адамдардың жағдайы қалай болмақ?
 
Бірақ, өкінішке орай, мен басқа нәрсені де көрдім - күні бойы ішіп- жеуден тиылып жүрген адамдар, түн батысымен Исламдағы харам істермен айналысуға дейін барып, шарап ішіп, әйелдермен шариғат құптамайтын қарым-қатынасқа түсіп жатты. Ол кезде мен Ислам жайлы еш нәрсе білмейтінмін, бірақ оның жанға, оразаның мәніне сай еместігін сезетінмін.
 
Айт мерекесін де Мысырда қарсы алуға мүмкіндік туды. Көшелер әдемі шамдармен безендіріліп, айнала жап-жарық, өте әдемі болды. Адамдар жаппай көшеге шығып, бәрі көңіл көтеріп, қуанышты да мерекелі көңіл-күйде жүрді.
 
Ал келесі жылғы оразаны мұсылман ретінде ұстадың ба?
 
- Мен Исламды 2009 жылдың аяғында қабылдадым, сол себепті менің алғашқы Рамазаным 2010 жылы болды.  Рамазан келгенге дейін бірнеше рет дүйсенбі, бейсенбі күнгі сүннет оразаны ұстадым.

Рамазан алдында қатты толқыдым, себебі бір ай бойы шыдай алатыныма сенімді емес едім. Дегенмен, бұл менің міндетім екенін білдім, ұстауым керек екенін түсіндім, бірақ қалай ұстайтынымды білмедім.
 
Айта кету керек, ол кезде менің ешқандай мұсылман танысым болмаған. Сол үшін де мен Рамазан қарсаңында мешітте отырып, осындай уақытта жалғыз боламын ба деп  уайымдайтынмын. Бірақ, ораза алдында Лала есімді әзербайжан әйелмен таныстым. Ол маған үлкен демеу берді. Сондай- ақ Рамазанның соңғы он күнінде Мәскеудің Мемориалды мешітінде «Рамазан шатыры» ашылды, ол жерде ауыз ашар  берілді (қазір де «Рамазан шатыры» атты шара бір ай бойы өтеді). Біз ол кезде мешіттің жанында тұратынбыз, сондықтан да мен Рамазан айының көп уақытын мешітте, сол жерде танысқан мұсылман қыздармен өткіздім. Біз бірге ауыз ашатынбыз, тарауық намазын жамағатпен оқитынбыз, ауызашарларға баратынбыз және де мешіт жанында ұйымдастырылатын шараларға баратынбыз, осы уақытта мен мұсылман қыздардың демеуін сезіндім.
 
Демек, сен толқыған едің, бірақ достар пайда болды, бірге мешітте болдыңдар, бірге ауыз аштыңдар, тарауық оқыдыңдар, Алла тағала саған осы уақытты жеңіл етті ме?
 
- Иә, Алла тағала жеңілдік берді және де біздің ораза тұтуымыз ең алдымен, Алланың мейірімі. Егер Оның жәрдемі болмағанда бір ай бой оразаны қалай ұстар едім, елестете алмаймын. Менің анам тәбетім жақсы бола тұра жаздыгүні күні бойы тамақ ішпей жүргеніме үнемі таңқалып жатады.
 
Сол кездегі алғашқы Рамазанымда бір құрбымыздың сөзі қатты әсер етті. Ол маған егер кімде кім себепсіз бір күндік оразасын қаза етер болса, өмір бойы ораза тұтса да орнын толтыра алмайды деген хадисті айтты. Бұл жерде сол күнді толтырсаң да, сол күннің құндылығын, рухани байлығын ала алмайсың деген мағына айтылып тұр.
 
Түсінгенім бойынша, сол Рамазан өте жақсы өтті, өйткені достарың болды және мешітте көп уақыт өткіздің. Солай ма?
 
- Иә, біз мешітке жиналатынбыз, әр қыз бір тағам дайындап, ауызашарға алып келетін немесе, әлі есімде, ауызашарға мешітте ораза ұстаған адамдарға құрма, су, күріш және қарбыз тарататын. Ең бастысы, айналамда мені қолдайтын, маған жәрдем беретін адамдар болды. Маған осының бәрі үлкен көмек болды. Әлбетте, бұл Жаратушының мейірімі. Егер біз Ислам жолымен жүруді таңдар болсақ, Алла қаласа, дінді ұстанып жүргенде Алла тағала жәрдем беріп, жеңілдетіп қояды.
 
Кейде адамдар ораза – міндетіміз және ауыртпашылық деп ойлайды. Бірақ негізінде біздің ораза тұтуымыз – Алланың мейірімі, Ол бізге сондай мүмкіншілік береді. Бұл үлкен нығмет. Рамазан айы  - берекенің айы, бұл айда ерекше қуатты сезінесің, көп құлшылық жасағың келеді, Аллаға шүкір. Бұл ай мереке айы.
 
Яғни, ораза – ешқандай күш салу, ауырлық емес, қуаныш пен рахаттану ғой?
 
- Тек қуаныш деп айта алмаймын, әрине, бізде нәпсі бар, тамақ ішкіміз келеді, күн ыстықта су ішкіміз келеді, дәмді тамақты ұнатамыз, біздің табиғатымыз сондай. Алайда, осы бір ерекше айда біз құлшылықтан бақыт табамыз, бауырлармен жақындықтан осы берекені көреміз.
 
Рамазанның рухы дегенді қалай түсінесің? Өзің айтпақшы, мұсылмандардың ерекше бауырмашылығы, мереке, қуаныш десек болды ма?
 
- Әр жылда Рамазанды әртүрлі өткіземін. Айтып кеткенімдей, бірінші жылы өзге мұсылмандардың демеуіне мұқтаж болдым. Алла тағала маған өзге мұсылман бауырлардың жанында болуды нәсіп етті, маған иманды жандардың жәрдемі қатты көмектесті, бірге ауыз ашу, жамағатпен тарауық оқу. Бірақ уақыт өте келе Жаратушымен жалғыз қалуды қаладым. Онымен жақындықты сезінгім келді.
Рамазан жақындағанда оны тағатсыздана күтесің. Бұл ай, айтып өткендей, өте қадірлі уақыт, бұл айда ерекше күшке енесің, Алладан тауфиқ келеді, көп Құран оқығың келеді немесе зікір еткің келеді, Алланы еске аласың, алайда бұл деген сенің бір ерекше жан болғаныңнан емес, бұл айда саған жеңілдік жіберіледі. Бұл ерекше айда көптеп сауапты амал жасауға тырысасың. Құран оқисың – мен әлі оқи алмай тұрған кезімде, тәпсірін оқитынмын. Дін жайлы бірнәрсе болса да білуге тырысасың, Аллаға құлшылық етуге ден қоясың. Көптеген адамдар қазіргі таңда Ислами дәрістерге баруға, Құран оқып үйренуге тырысады. Біздің мешітімізде Рамазан айында Құран оқып үйрену үшін көптеген мұсылман қыздар келетін. 
 
Біздің имамдарымыз Рамазан – өмірдің өзгеретін айы, тазарғың келетін ай, өміріңді жақсартып, сол қалыпта келесі Рамазанға жетуге асығатын ай деп айтады.
 
Дәл осы уақытта су мен тамақтан айырылған адамдардың жағдайын түсінеміз. Өзіміздің әлсіз, Аллаға мұқтаж, Оның мейіріміне, асына, суына мұқтаж екендігімізді түсіне бастаймыз.
 
Маған имам Ғазалидің адамның ар-ожданына байланысты ораза үшке бөлінеді деп айтқан сөзі ұнайды. Бірінші, ең қарапайым деңгей – ол кезде сен физикалық тұрғыда ораза ұстайсың, оны бұзатын нәрселерден аулақ боласың. Екінші, күрделірек – бұл кезде тек оразаны бұзатын нәрселерден ғана емес, тиым салынған нәрселерден де аулақ боласың: ғайбат, бос сөз, харамға қарау. Үшінші, үлкен шыншылдардың деңгейі - ол кезде адам дүниеге мүлде алаңдамай, тек Жаратушыға жақындауға ден қояды. Біздерге осы биік деңгейге талпыну керек, Жаратушымен бірге көп уақыт өткізіп, тым болмаса Оның берген мейіріміне алғыс айтуды ұмытпау керек.
 
Алғашқы жыл өзге мұсылмандармен бірге көп болдым, ал қазір керісінше, Аллаға жақындықты сезіну үшін жалғыз қалған ұнайды дедің. Қоғаммен бірге болу қажеттілігін сезінбей, керісінше, жеке қалып, өзіңдегі бір нәрсені өзгерткің келеді ме?
 
- Иә, қазір өзіңе үңілетін заман, жалғыз өзің және Жаратушымен жалғыз қалатын уақыт. Негізі Рамазан айы біз үшін қонаққа бару, шараларға қатысу немесе ауыз ашар жасайтын сауық-сайран айы болып кетпеуі керек. Әрине, өзге мұсылмандармен араласқан жақсы, бірақ құлшылыққа да уақыт қалуы үшін, орнымен болуы керек. Бұл айда көбірек Құран оқып, зікір етіп, Алламен ерекше байланыс орнатуға тырысу керек сол кезде, Алла қаласа, сол қалып Рамазаннан кейін де сақталатын болады.
 
Әйел адамдарға мынандай кеңес бергім келеді. Көптеген дәстүрлі мұсылмандар отбасына қонақтар көп келуі мүмкін, сондықтан да әйелдер көп уақытын ас үйде, үйдің тірлігімен өткізгендіктен, құлшылықпен айналысуға уақыттары болмайтынын түсінемін. Алайда үй тірлігін жасап жүрген кезде де зікір етіп, салауат айтуға тырысыңыздар. Мұны кез келген уақытта, кез келген жерде жасауға болады.
 
Ең алғаш рет ораза тұтқалы отырған жандарға қандай да бір насихат айтуыңды сұрағым келіп отыр. Қорқынышты қалай жеңіп, ораза тұтуға қалай көмек беруге болады?
 
- Егер адам бұрын ораза ұстап көрмеген этникалық мұсылман болса, Алладан өзінің міндетін орындамағаны үшін кешірім тілеуі керек және де Алладан шынайы түрде өзіне күш-жігер беруін сұрауы қажет. Өміріміздегі кез келген іске Алладан жәрдем, тауфиқ сұрауымыз қажет. Пенде екенімізді танытып, әлсіздігімізді көрсеткен кезде Оған қатты мұқтаж боламыз, жеңілдетуші де, күш беруші де Алла.
 
Биыл менің жетінші Рамазаным болса да, жыл сайын «осы айда ораза ұстауға күшім жетеді ме, шыдай  аламын ба» деген толқыныста боламын. Ораза ұстауға шамам жететінін сеземін, бұл өзімді керемет санағаннан емес, жоқ. Бұл - Алланың жәрдемі, сондықтан да үнемі Алладан жәрдем сұраймын.
 
Жұмыс істейтін мұсылман қыздарға айтар кеңесім, бұл айда демалыс алуға тырысыңыздар, сол кезде жеңіл болады. Біздің бір орыс мұсылман әпкеміз биыл бірінші рет ораза ұстамақшы болған еді, ауыр жұмыста істейтін болғандықтан қалай шыдаймын деп қатты уайымдаған. Алайда Аллаға шүкір, ол жұмысынан демалыс сұраған еді, 24 күн демалыс берді. Көрдіңіздер ме, егер адам оразаға ниет етер болса, Алла тағала жолын да жеңілдетіп қояды. Алладан басқа күш- қуат Иесі жоқ.
 
Бұл кезде мұқтаж жандарды да естен шығармау керек. Кедей елдерде тіпті ауыздарын ашатын да нәрсе болмайды. Дәулетті мұсылмандар сол бауырларын да ойлап, азық – түлікпен қамтамасыз еткенін қалайсың. Және де ауыз ашар кезде мұсылмандар тамаққа құрметпен қараса екен дейсің, мешіттерде ауызашардан соң біршама тамақтар төгіліп жатқанын көресің. Олай болмауы керек, әлемде қаншама адам бір үзім нанға зар болып отырған жоқ па?
 
Сәресі және ауызашарда не жейсің? Тамақтану мәселесінде өзің нені қалайсың және қандай кеңес айтар едің?
 
- Ауызашарға келер болсам, ең бірінші, бірден тамаққа бас салмай, аздан жеу керек деп айтар едім. Сүннетке сай, аузымызды бірнеше құрмамен және сумен ашуымыз керек. Бұл жерде даналық бар. Ол бізге күш береді және күні бойы тұтқан оразадан кейін біртіндеп өз-өзімізге келуге мүмкіндік береді. Кейін, жақсылап сорпа секілді сұйық тамақ ішу керек. Және де сұйықтық көп ішіңіздер: су, шәй, бірақ газдалған сусын мүлде ішпеңіз. Мен тіпті тарауық намазын оқыған кезде үзіліс болғанда ішу үшін жаныма су қойып қоятынмын. Диеталық тағамдар жеген дұрыс, қайнатылған, бұқтырылған, қуырылмаған, ащы емес тамақтар жеу керек, ал ұнды және тәтті тағамдарды барынша азайтқан жақсы. Жеміс- жидек көбірек жеңіз. Сәресіге ботқа жеген жақсы. Мен көбіне тарыдан жасалған ботқа жеймін, себебі ол ағзаға қажетті заттарды береді. Сүтті тағамдар жеген де жақсы, құрма, жүзім, мейіз секілді құрғақ жемістер жеу керек. Егер кімде кім кофені жақсы көретін болса, оны түнімен сергек болу үшін ауыз ашқан соң ішкен дұрыс, бірақ таңертең ішер болсаң, ол шөлдетеді.
 
Егер мүмкіндік болса, күндіз ұйықтап алуға тырысыңыз. Мәскеуде түн қысқа болғандықтан таң намазына дейін ұйықтамаймыз, оның үстіне түнде көбірек құлшылық еткің келеді. Сондықтан да, кімнің мүмкіншілігі болса, күндіз ұйқыға уақыт бөлсін. Ұйқы күш береді.
 
Рамазан аяқталған соң қандай сезімде боласың: оразаны шыдап, ұстағаның үшін қуанасың ба әлде берекелі уақыт өтіп кетіп, еш нәрсеге үлгермедім деп мұңаясың ба?
 
- Жоғарыда айтып кеткенімдей, егер оразаны аяғына дейін ұстар болсақ, өзіңді керемет сезінудің қажеті жоқ. Бізге физикалық, моральдық тұрғыда тазару мүмкіншілігін берген Аллаға шексіз мадақ айту қажет және бұл айды Оған құлшылық етумен өткізу керек.
 
Жоғарыда оразаның үш түрлі деңгейін айтып өттім. Физикалық қана емес, рухани ораза өте маңызды, сондықтан да ғайбаттан, қарғыс сөзден бас тартып, сабырлы әрі мейірімді болуға ұмтылу керек. Сондықтан да, ораза біткен кезде Алла тағала қабыл алды ма, қателік жасап қоймадым ба, оразамызды жаман, ұнамсыз қылығымызбен бұзып алмадық па екен, деп уайымдаймыз.
 
Рамазан біткен кезде, құлшылықта ықыласты болдың ба, Алла қабыл етті ма деген қорқынышта боласың. Себебі бұл уақыт біздерге жақсы жаққа қарай өзгеріп, нәпсімен күресу үшін беріледі. Өзіңе ұнамайтын адамды кешіру, ашуланбау, өсек айтпау тамақ ішуден бас тартқаннан әлдеқайда қиын. Осы айда жүрегіміз қайда болды, жақсы жаққа қарай өзгере алдық па деп алаңдаймыз.
 
Тек Рамазан айында ғана мейірімді, бәріне жәрдем бергіш, кешірімді, көп Құран оқығыш немесе зікір еткіш болып, Рамазан аяқтала сала дүниеге айналып, бәрін тастап қоймас үшін, осы қалыпты өзге уақытта да сақтаған дұрыс. Ораза  - рухани күрес, нәпсімен күрес, жақсы жаққа өзгеру. Біз жақсы болып өзгерсек, ол Алланың сыйы.
 
Жоғарыда этникалық мұсылмандардың Рамазан айында ұнамсыз қылықтары таңғалдырғанын айттың. Адамдар оразаны тек салт немесе әдет ретінде тұтып, күн батқан соң тиым салынған, харам істерді жасағанын айтып өттің.
 
- Біреуді сөз етудің қажеті жоқ. Жүректегіні тек Алла ғана білді. Бәлкім, ол адам әлі де түзеліп кетер, жақсы адам болар. Ішіп – жеуден ғана тиылып, ораза ұстадым деген болмайды. Оразаның мәні жаман қасиеттерден бас тарту, жүректі тазалау, көркем мінезділікке ұмтылу. Бұл өмірге жалғыз келіп, жалғыз кететініңді естен шығармау қажет. Сондықтан да оразаны міндетті болғаны үшін немесе отбасылық дәстүр болғаны үшін емес, шынайы түрде, Алла разылығы үшін ұстау қажет.
 
Бірақ, мен күндіз ауыр жұмыс істеп, ораза тұтып жүрген адамдарды көргендіктен, оларға деген құрметпен ораза тұтып, орамал таққанымды айттым. Тағы мынаны қосқым келеді, тамақсыз, сусыз шыдай алмай қалған кезде мен ауыз ашарға келуді де тоқтаттым. Өйткені мен сондай алуан – түрлі дәмді ас тек ораза тұтқандарға арналған деп санадым.
 
Егер кей адамдар денсаулығына байланысты немесе жүктілігіне орай немесе емізулі баласы болса ораза ұстай алмайды. Оларға не істеу керек? Қасиетті айдың берекесінен құр алақан қалғандай сезімде болмауы үшін уақытын қалай өткізу керек? Оларға қандай кеңес берер едің?
 
- Ол адамдар көп нәрсе жасай алады. Мысалы: ораза ұстаушыларды тамақтандыру, ораза ұстаушыны тамақтандырған адам дәл сондай сауап алады деген хадис бар емес пе? Қайырымдылықпен айналысып, садақа беруге болады. Құран оқып, зікір етіп, салауат айтып, өзгелер үшін жақсылық жасай алады. Дінімізде дұрыс ниеттің өзі құлшылық бола алады. Жаратушы жайлы ой жүгіртудің өзі құлшылық болып табылады. Адам қандай жағдайда болмасын, тым болмаса пайдалы нәрсе жасауға мүмкіндігі бар. Бұл айдың бос өтіп кетуіне жол бермеңіздер.
 
Сонымен қатар, адамдардан көшеде тамақ жемеуін сұраса жақсы болар еді, себебі ол жерде аузы берік адамдар болуы мүмкін. Өздері ораза тұтпаса да, ораза ұстағандарға құрмет ретінде.
 
Сөз соңында, Рамазан – қуаныш, бақыт, береке мен өзіңді өзгертуге берілген мүмкіндік айы. Алла тағала осы қалпымыз Рамазаннан соң да сақталып қалуын нәсіп етсін. Берекелі Рамазандарға жете берейік, осы айда жақсылығымыз көп болсын, мұсылмандар бірін бірі жақсы көріп, бір біріне жақсылық жасап, осы қалыптарын Рамазаннан соң да сақтауын нәсіп етсін. Әмин.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Памятка – что нарушает и не нарушает пост (ханафитский мазхаб)
Дорогие друзья! Вашему вниманию предлагается наша памятка, где перечисляются все основные действия, которые нарушают или, наоборот, не нарушают пост согласно ханафитскому мазхабу. Памятка со...
42 921
60
16 мая, 18
Image
Дозволено ли чистить зубы во время поста?
Всем известен хадис о том, что запах изо рта постящегося приятнее для Аллаха, чем запах миска (благовоний). Однако, нужно принимать во внимание, что во время Рамадана многим мусульманам прих...
10 750
16 мая, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мариям әпке: «Мен үшін Рамазан айы – Аллаға барынша жақындау мен шүкірлік ету уақыты»
Алланың қалауымен, Ислам дінін жаңадан қабылдаған Мәскеулік, орыс ұлтты мұсылман қыздарының алғашқы Рамазандары жайлы мақалалар топтамасын жалғастырамыз. Қазір өзінің алғашқы ұстаған оразасы...
5 354
27 мая, 17
Image
Рамазанның келгенін қалай сезінуге болады?
Рамазанның басталғанына бірталай уақыт өтті. Айналаңыздағы адамдар осы шақты жақсы көретіндерін, шайтандар кісендеулі кезде құлшылыққа ден қоюдың оңай екенін айтып, жалпы қуаныштарын білдіру...
8 973
21 мая, 17