Image
Халяла (әйел адамның үшінші талақтан кейін өзге еркекпен некеге тұруы) шешімінің даналығы неде?
Сұрақ: Менің сұрайын дегенім: әйел адамның үшінші талақты алғаннан кейін бұрынғы күйеуімен қайта некеге тұру үшін өзге еркекпен неке қидыруының қисынды негізі бар ма және оның қажеті қанша?...
6 860
8 апреля, 15

Халяла (әйел адамның үшінші талақтан кейін өзге еркекпен некеге тұруы) шешімінің даналығы неде?

6 860
8 апреля, 15
АВТОР ЦИКЛА
Халяла (әйел адамның үшінші талақтан кейін өзге еркекпен некеге тұруы) шешімінің даналығы неде?
Сұрақ: Менің сұрайын дегенім: әйел адамның үшінші талақты алғаннан кейін бұрынғы күйеуімен қайта некеге тұру үшін өзге еркекпен неке қидыруының қисынды негізі бар ма және оның қажеті қанша?
 
Жауабы:
 
 
 
Әссәләмуғалейкум уа рахматуЛлахи уа баракятух!
 
Мұсылман ретінде біздің өмір сүрудегі мақсатымыз ─ Алла Тағаланың әмірлері мен үкімдерін орындау. Аллаға бағынудың бірінші артықшылығы ─ Оның разылығы мен келешек өмірде мәңгілік бақытқа қол жеткізуде. Алла Тағала былай дейді:
 

وَمَن يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَيَخْشَ اللَّهَ وَيَتَّقْهِ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الْفَائِزُونَ


«Кімде-кім Аллаға,оның Пайғамбарына бағынса, сондай-ақ Алладан [бағынбаушылықтың салдарынан] қорқып, (Оның жазасынан) сақтанса, міне солар, қолы жеткендер [Жәннатқа кіреді]» (Құран, 24:52).

Құл өз қожайынының даналығына шүбәланбай, оның бұйрықтарының даналығы неде екенін сұрамай, әмірлерін бойұсынушылықпен орындайды. Сол себепті де, мұсылмандар Жаратушы Иеміздің әрбір әмірінің астарында қандай даналық жатқанын сұрамастан, Оның заңдарына күмәнданбастан бағынулары тиіс. Әйткенмен, Алла Тағаланың рақымы мынада: Оның әмірлеріне бағынудың пайдасы болашақ өмірде ғана көрініс тауып қоймай, өткінші өмірде де байқалады. Құранда Алла былай дейді:
 

منْ عَمِلَ صَالِحًا مِّن ذَكَرٍ أَوْ أُنثَى وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَنُحْيِيَنَّهُ حَيَاةً طَيِّبَةً وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَجْرَهُم بِأَحْسَنِ مَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ


«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе [Алланың әмірлерін орындап, Ол тыйым салған нәрселерден аулақ болса], әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі (Мәңгілік өмірде) оларға (жердегі өмірде) істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (Құран, 16: 97).

Бұл аятта Алланың әмірлеріне мойынсұнған адамға Оның бұл дүниеде тамаша өмір сыйлайтыны айтылған. Ғұламалардың айтуынша, сол игіліктердің бірі ─ материалдық байлық пен көңіл тыныштығы (1).
 
Оның үстіне, Аллаға бойсұнудың нәтижесінде материалдық игілікке қол жеткізуден басқа, шариғаттың әрбір үкіміне бағынатындар үшін арнайы тиімділіктер де бар. Спирттік ішімдік пен құмар ойындардан бас тартудағы береке тәрізді, сол дүниеуи тиімділіктердің кейбіреулері бізге көрінеді, кейбіреулері бізге көрінбейді. (Құран, 5: 91)
 
Дегенмен, шариғат үкімдерін орындау керектігіне негізгі себеп ─ дүниеуи пайдада немесе даналықтарда ғана емес екенін есте сақтау қажет. Егер оның себебі дүниеуиде ғана болса, біз шариғаттың әрбір заңының пайдасын білер едік. Шариғатқа бағынудың негізгі пайдасы ─  Аллаға бойсұнуда. Ал, мойынсұнудың өзі құлды өзінің ақиқи Раббысы мен Жарылқаушысының заңдарына бағынуға ынталандырады.
 
Ал, қозғалып отырған мәселенің өзіне келер болсақ, Алла Тағала ол туралы былай дейді:
 

فَإِن طَلَّقَهَا فَلاَ تَحِلُّ لَهُ مِن بَعْدُ حَتَّىَ تَنكِحَ زَوْجًا غَيْرَهُ

«(Екіден кейін) ер, әйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды» (Құран, 2: 230).

Осы аятта қойылған тыйымнан-ақ  халяла ережесін не үшін орындау керектігі түсінікті болады.
 
Оған қоса, бұл жайында хадисте де айтылған:
 

«Рифаа әл-Куразидің әйелі Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, былай деген: «Мен Рифааның әйелі едім. Ол маған үш рет талақ берді. Содан кейін мен Әбдуррахман ибн әз-Зубайрға тұрмысқа шықтым». Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп сұраған: «Рифааға қайтып барғың келе ме? Жоқ, сен оның балының дәмін татпайынша, ол сенің балыңның дәмін көрмейінше (яғни, екеуінің арасында жұбайлық қарым-қатынас орын алмайынша), оған орала алмайсың» (Сахих әл-Бұхари) (2).

 
Ғұламалардың айтуынша, бұл үкімнің даналығы ер адамды әйеліне асығыс талақ беруден сақтауда. Себебі, өзінен басқа тағы біреудің әйелімен жақын қатынасқа түсетіні ер адамның жанына маза бермейді ғой. Осылайша, (өзге еркекпен неке қидыру керектігін әмір ететін) бұл үкім ажырасудан тежейтін (қайтаратын) күшті фактор болып табылады (3). Ажырасу Исламда өте сөгуге тұрарлық іс болып саналады. Өйткені, ол қоғамда адамгершілік қасиеттерінің, пиғылдың бұзылуына әкеп соғады.
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«(Алла) рұқсат еткен нәрселердің ішіндегі ең жиіркеніштісі ─ ажырасу» (4).

 
Бұдан шығатын қорытынды, халяла үкімінің даналықтарының бірі ─ ажырасу санын мейлінше азайту, соның нәтижесінде қоғамдағы азғындаудың алдын алу.
 
Ең дұрысын Алла біледі.
 
[1] هذاوعدمناللهتعالىلمنعملصالحاً،وهوالعملالمتابعلكتاباللهتعالىوسنةنبيهصلىاللهعليهوسلممنذكرأوأنثى،منبنيآدم،وقلبهمؤمنباللهورسوله،وأنهذاالعملالمأموربهمشروعمنعنداللهبأنيحييهاللهحياةطيبةفيالدنيا،وأنيجزيهبأحسنماعملهفيالدارالآخرة،والحياةالطيبةتشملوجوهالراحةمنأيجهةكانت. وقدرويعنابنعباسوجماعةأنهمفسروهابالرزقالحلالالطيب. وعنعليبنأبيطالبرضياللهعنه: أنهفسرهابالقناعة،وكذاقالابنعباسوعكرمةووهببنمنبه،وقالعليبنأبيطلحةعنابنعباس: أنهاهيالسعادة. وقالالحسنومجاهدوقتادة: لايطيبلأحدحياةإلافيالجنة. وقالالضحاك: هيالرزقالحلالوالعبادةفيالدنيا،وقالالضحاكأيضاً: هيالعملبالطاعةوالانشراحبها،والصحيحأنالحياةالطيبةتشملهذاكله (تفسيرابنكثير،دارابنحزم،١٠٧٥-٦).

[2] فتحالباري،دارالسلام،ج٥ص٣٠٨

[3] المقصودمنتوقيفحصولالحلعلىهذاالشرطزجرالزوجعنالطلاقلأنالغالبأنالزوجيستنكرأنيفترشزوجتهرجلآخر،ولهذاالمعنىقالبعضأهلالعلمإنماحرماللهتعالىعلىنساءالنبـيأنينكحنغيرهلمافيهمنالغضاضة،ومعلومأنالزجرإنمايحصلبتوقيفالحلعلىالدخولفأمامجردالعقدفليسفيهزيادةنفرةفلايصحجعلهمانعاًوزاجراً (التفسيرالكبيرللرازي،دارإحياءالتراثالعربي،ج٢ص٤٤٩)

[4] سننابنماجه،مؤسسةالرسالة،ج٣ص١٨٠،سننأبيداود،مؤسسةالريان،ج٣ص٦٤،مستدركالحاكم،دارالمعرفة،ج٢ص١٩٦

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ерлермен қандай жағдайда тілдесуге болады, қандай кезде - болмайды
Сіз теориялық тұрғыдан алғанда тұрмысқа шыға алатын адамдармен сөйлесуге қатаң шектеу қойылады. Алла Тағала ерлер мен әйелдерді бір-біріне тартымды етіп жаратты. Кез келген тілдесу, бір сәтк...
10 591
5
6 апреля, 15
Image
Ер адамның намазды бас киіммен оқуы
Хадис: Хасан әл-Басри (оған Алланың рақымы болсын) сахабалардың (Алла оларға разы болсын) әдетте намазда бастарындағы сәлделері және тақияларымен сәждеге барғандығын жеткізген....
5 152
18 декабря, 14