Image
Христиан дініндегі жамылғы
Батыста «мұсылман әйелдер ғана бастарын бүркейді» деген жаңсақ пікір кең қанат жайған. Алайда, «басты бүркеу туралы әмірді көптеген ерушілері (әйелдер) орындайтын бірден-бір дін – Ислам» дег...
7 079
1
9 апреля, 16

Христиан дініндегі жамылғы

7 079
1
9 апреля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Христиан дініндегі жамылғы
Батыста «мұсылман әйелдер ғана бастарын бүркейді» деген жаңсақ пікір кең қанат жайған. Алайда, «басты бүркеу туралы әмірді көптеген ерушілері (әйелдер) орындайтын бірден-бір дін – Ислам» деген мәлімдеме дұрыс болуы ықтимал. Дегенмен, бұл ондай бұйрық беретін жалғыз дін емес.
 
Бұл мәселені бәрінен де христиандық тұрғысынан қарастыру қызық болатын шығар. Себебі, Батыс елдерінде осы дінге ерушілердің саны басым және  мұсылмандарды хиджаб (баспен қоса бүкіл денені жабатын киім) кигендері үшін сынға алатындар бәрінен де сол діннің өкілдері болар, сірә.
 
Христиандықта әйелдің басын бүркеуі жайлы айтылған ба?
 
Иә, айтылған. Інжілді ашып, Қорынттықтарға арналған бірінші хат, 11-ші тарау, 3-10 аяттарды (стих) қараңыз.
 
«Енді мынаны да білулеріңді қалаймын: әрбір еркектің басы — Мәсіх (Иса),  әйелдің басы — күйеуі, ал Мәсіхтің басы — Құдай. Солай болғандықтан, ер адам Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде басын жапса, өз басын (яғни Мәсіхті) құрметтемегені. Ал Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезінде жалаң бас тұрған әйел өз басын (яғни күйеуін) құрметтемегені. Бұл, шашын тақырлап алып тастағанымен бірдей. Себебі бір әйел басын жапқысы келмесе, онда неге шашын қиып тастамасқа? Ал егер әйелдің шашын қиып немесе басын тақырлап тастағаны ұят болса, онда ол басын жапсын. Сонымен, ер адам басын жаппау керек: ол Құдайға рухани жағынан ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса, күйеуінің ұлылығын бейнелейді. Себебі еркек әйелден емес, қайта, алғашқы әйел еркектің сүйегінен жасалды. Сондай-ақ еркек әйелге бола емес, әйел еркекке бола жаратылды. Сондықтан әйел өкілеттігінің белгісі ретінде басын жауып, періштелер назар аударатын тәртіпті сақтауы керек» (аудармашының ескертпесі: мәтінді түсіндірушілер бұл жерде Құдайдың әміріне бағынып, бүркенген әйелдің қасында Жаратушының рақым періштелері бірге жүретіндігі туралы сөз етілгендігін айтқан)».
 
Бұл үзіндінің мағынасы қарапайым. Біз одан мынадай тұжырым шығарааламыз:
 
1-ші тұжырым. Әйел адамның (басын жаппастан) ғибадат жасауы – тәртіпке бағынбаушылық (тәртіпсіздік). (Әйелдің) басын бүркеместен ғибадат қылуы секілді, шашын түгелдей қырып алып тастауы да дұрыс емес. Сол себепті, әйел адамның басының тақыр болуы – масқарашылық. (Аудармашының ескертпесі: Тәураттың осы тұсы жазылған кезеңде жеңіл жүрісті, зинақор әйелдер ғана шаштарын қиятын, инабатты әйелдер олай істеуді  өздеріне ұят санайтын).
 
2-ші тұжырым: Әйелдің шашын түгелдей қырқып тастауы – масқарашылық болса, демек, оның басын бүркегені жөн. Сондықтан, әйел адамның бүркенгені абзал.
 
Неліктен православ және католик әйелдер мұсылман әйелдерге ұқсас киінеді (Исламда хиджаб деп аталатын киімді киеді – батыстықтардың мұсылман әйелдерді кейде монах әйел деп ойлап қалатындары бекер емес), деген сұрақ сізді ешқешан қызықтырмады ма? Сондай-ақ, Исаның анасы Мәриәмнің (ол екеуіне де Алланың сәлемі болсын) христиандық көркемөнерде ылғи да басы бүркеулі күйде бейнеленетіндігін байқамадыңыз ба? 60 –шы жылдардағы реформаға дейін католик әйелдер шіркеуде бастарын бүркеуге міндетті еді, ал, православ шіркеуінде бұл міндет әлі күнге дейін өз күшінде.
 
Сонымен қатар, Тәураттағы бұл үкімнің бірқатар қызықты тұстары бар:
 
1) Әйел күйеуінің оған билік ететінін көрсету үшін басын жабуы керек. Апостол Павел жазғандай, жамылғы – еркектің әйелге қожалық ететінінің белгісі. Ал, ислами хиджабтың мәні – ең алдымен ибалылық және әйелдің сұлулығын бөтен ерлердің назарынан жасыру. Сөйте тұра, көптеген батыстық адамдардың «ислами хиджаб әйелді қанап, езгіде ұстау үшін қолданылады» деген сенімділіктеріне таң қалмасқа шараң жоқ. Ал, шынтуайтына келер болсақ, олардың өздерінің діндерінде әйел адамға басын бүркеу дәл сол (еркектің әйелге деген өктемдігін бекіту үшін) мақсатта бұйырылған.
 
2) Христиан әйел құлшылық жасағанда, мейлі ол шіркеуде немесе үйінде болсын, басын бүркеуі тиіс. Бұл дегеніміз – ол құлшылықтан тыс уақытта өзіне туыс болып саналмайтын еркектердің алдында ашық жүре алады. Немесе, керісінше, ол қасында тек күйеуі мен өзге де жақын туыстары ғана  болғанына қарамастан, құлшылық жасаған кезде бүркенуі тиіс. Біз бұдан христиандықтағы жамылғының (әйтеуір әу баста) инабаттылық үшін бүркенуге ешқандай қатысы болмаған деген қорытынды шығара аламыз.
 
Мұндай пайымдамалар хиджабтың дәрежесін мүлде өзгертеді. «Хиджаб -  әйелді қанаудың белгісі» деп ойлап, оны киюге қымсынып жүрген әпке-қарындастар, сіздерден жоғарыда баяндалғандарды оқып шығуларыңызды,  содан соң әйел жамылғысы жайындағы Құран аяттары мен хадистерді оқуларыңызды өтінемін. Алла Тағала хиджабты еркектің әйелге билігін бекіту үшін әмір еткен болса, Тәураттағыдай Құранда да бұл жайлы ап-анық айтылған болар еді, бірақ, біз одан ондай ештеңе таба алмаймыз.
 
Қазіргі кезде христиандық әйелдер бүркене ме?
 
Көптеген христиандық әйелдердің бұл қағидаға ермейтіні рас болғаны секілді, олардың көпшілігі өз діндерінің өзге де үкімдерін (некеге дейін жыныстық қарым-қатынасқа түсу, зинақорлық және т.б. сияқты) қабылдамайтыны да рас. Десе де, бір айта кететіні, Тәуратта жазылған қағидаларға сәйкес жүріп-тұратын христиан әйелдер де бар. Лайым Алла Тағала олардың бәрін тура жолға бастағай.

Олай болса, мұсылман әйелдер Жаратушы Иеміздің бұл үкімін орындауға тіптен міндетті. Бірақ, жамылғы денеде ғана емес, жүректе де болуы керектігін, яғни, ибалылықты, көркем мінезділікті сақтап, ар-ұятымызды таза ұстауымыз керектігін жадымыздан бір сәтке де шығармайық.

Комментарии: 1

Правила форума
Avatar
Еркебұлан Жәлел
0
Библяның қазақшасы інжіл. Таурат-тора Мұса (ғ.с) түскен кітап
9 апреля, 16

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Бірінші сәуір жайлы
Халид Байг Ақымақтар күні (Бірінші сәуір) жайлы сұраққа жауап бере келе былай дейді: «Мәселе «сіз оған неліктен қатысқыңыз келеді» деген сұрақта. Осы жайлы ойланыңыз және бұның бәріне сіздің...
2 948
31 марта, 16
Image
Әйеліме лайк басшы, бауырым!
Біз әлеуметтік желілердің парақшаларында хиджаб киген тұрмыстағы қыз-келіншектердің суреттерін ауық-ауық көріп тұрамыз. Кейде олар өз суреттерін өздері шығарады, кейде күйеулері жариялап жат...
9 318
9
18 марта, 16