Image
Игі мінез
Исламды түпкілікті үйрене бастағанда тапқан көркем нәрселердің бірі — жақсы әдеп пен игі мінез. Әсіресе, маған бір шейхтың өз дәрісінде айтқан сөздері қатты әсер етті — жақсы әдеп сені мұсыл...
2 922
11 ноября, 15

Игі мінез

2 922
11 ноября, 15
АВТОР ЦИКЛА
Игі мінез
Исламды түпкілікті үйрене бастағанда тапқан көркем нәрселердің бірі — жақсы әдеп пен игі мінез. Әсіресе, маған бір шейхтың өз дәрісінде айтқан сөздері қатты әсер етті — жақсы әдеп сені мұсылман жасайды, яғни біздің әдебімізге қарап, адамдар біздің мүмін екенімізді анықтайтын болады. 

Алайда қазіргі кезде осы мәселемен (игі мінезбен) ақылға қонбайтын нәрселер болып жатыр. Ислам мектептері мен институттарының шәкірттері өздерінің жаман қылықтарымен белгілі болып барады. Мұсылмандар істі өздері жүргізуге немесе мұсылман еместерге жұмысқа тұруға тырысады, өйткені мұсылмандардың әділетсіздігінен және ұқыпсыздығынан қауіптенеді. Мұсылмандар тұратын аудандар, әшейінде,  ең лас болып саналады. Осындай қылықтарымызбен адамдарға қандай үлгі көрсете аламыз?
 
Бұл жерде анық дұрыс еместік бар. Алла Тағала бізді үйреткенмен және қоғамда көретініміздің арасында неліктен зор айырмашылық бар? Жауап біреу-ақ -  біздің мінез-құлықымызда.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан:
 

«Бірде-бір әке өз баласын жақсы әдепке үйретуден артық ешнәрсе бере алмайды». (Тирмизи).


Бір сәтке болсын ойланыңызшы: біздің мінез-құлқымыз бен әдебіміз — Алла бізді Жұмақ бақтарына кіргізетін себептерінің бірі болады. Қандай мінез-құлықтың Аллаға ұнайтынын сіз білмеуші ме едіңіз? Осындай мәнерлерді өзіңізден көрсетіп Жаратушыңызды қуантқыңыз келмей ме? Бұдан әрі сізді Жұмаққа кіргізетін бес көркем нәрселер туралы сөз қозғаймыз, ол жөнінде Құранда былай айтылған:
 

«Бүгін шыншылдардың шындықтары пайда беретін күн. Оларға астарынан өзендер ағатын жұмақтар бар. Олар онда мәңгіге қалады да, Алла олардан разы болады әрі олар да Алладан разы болады. Бұл ірі қол жеткендік» (Құран, 5:119).

 
«Рахмет!»,- деп айт», «Мархабат», - деп айт» - біз білеміз, ата-аналар бірінші кезекте балаларына осы сөздерді үйретуге тырысады. Олар неге олай жасайды?Өйткені бұл ата-ана үшін фитра (табиғи бейімділік)  болып табылады, олардың балалары жақсы әдептегі тәрбиелі адамдар болып өссін дегені.

Біз жақсы мінез-құлыққа ол қоғамда марапатталғандықтан ғана тырыспауымыз керек. Бізге игі мінезді болуға тырысу қажет, өйткені Алла бізге әмір еткен. Сол үшін де Оған және Оның разылығына жақын байланыста болу үшінжақсы мінезді болыңыз.

Игі мінез үлгісін біз қайдан табамыз? Пайғамбармызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қараңызшы – жақсы әдеп пен игі мінездің көркем өнегесі болып табылады. Алла Өзінің Пайғамбары жөнінде былай дейді:
 

«Расында сендер үшін, Алланы да ахирет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар».  (Құран, 33:21).


Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мінезінің басты ерекшелігі, оның мүлтіксіздігінде еді: ол бәрін де өте жақсы жасауға тырысқан. Біреу бірнәрсе сұраса, ол адамға бұрылып, оны мұқият тыңдайтын. Қол беріп амандасқан адамның қолын еш қашан бірінші жібермейтін. Егер ол біреумен сөйлессе, сөзін бітіріп, әңгімелесушіден кейін ғана  бұрылатын. Кезінде өз балаларын тірідей көмген адамдардан өзіне мықты сахабалар тәрбиеледі. Біз де дәл осылай, жасап жатқан ісіміздің маңыздылығына қарамастан, барылқ жағынан мүлтіксіз болуға тырысуымыз керек.

Орындалуы қиындық тудырмайтын бес іс-әрекеттер бар және соларды тәжірбиелеу арқылы біз өзіміздің мінезімізді Алла разылығы үшін көркейте аламыз.

1. Шыншыл болыңыздар
 
Құранның көп жерінде Алла игі мінездері үшін мүміндерді күтетін сый жөнінде айтады.

Әр қашанда шындықты айту оңай емес, кейде ол бізге жағымсыз болуы мүмкін. Бірақ ойлап қараңызшы — осыдан кейін де сізде мәселелер туындаса, сіз өзіңізді жақсы сезінетін боласыз — себебі бұны сіз Алла разылығы үшін жасадыңыз.

Өзіңізді шыншылдыққа негіздеңіз. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан:
 

«Шыншылдық тақуалыққа әкеледі, ал тақуалық Жұмаққа кіргізеді. Адам Алланың қасында шыншыл адам деп жазылмайынша шындықты айтуын жалғастыра береді. Өтірік адамды зұлымдық пен жаман әрекеттерге итермелейді, ал олар болса Тозақтың отына кіргізеді. Өтірікші адам Алланың қасында  өтірікші деп жазылмайынша өтірік айтуын жалғастыра береді» (Әл-Бұқари).

2. Өз уәдеңізде тұрыңыз
 
Адам сөздерімен емес, істерімен анықталады. Негзінде біз уәдемізді бұзуға тырыспаймыз, бірақ үәде етіп алып, ешқашан жасамайтын көп нәрселеріміз бар. Әсіресе бұл жақын адамдарымызға жиі қатысты болады,- оларға берген уәделерімізге немқұрайлы қараймыз, себебі олар «өзіміз». Мысалы, балаларымызды бір жерге апаруға немесе олардың сабағына көмектесуге уәде бергенде... Бұл ұсақ нәрсе сияқты, бірақ Алла бұның бәрін көріп тұр — сондықтан да өзіңізден: «Расымен мен біреуге берген уәдемді орындау үшін барлық мүмкіндікті жасадым ба деп?» жиі сұраңыз.
 
Алла былай дейді:
 

«Әй иман келтіргендер! Істемеген істеріңді неге айтасыңдар?  Істемейтін істеріңді айқтандарың үшін Алланың құзырындағы жеккөрушілік аса зор» (Құран, 61: 2-3).

3. Бөтен адамның сенімін ақтауға тырысыңыз
 
Мысал үшін, досыңыз сізбен жеке бас мәселесімен бөліседі де оны ешкімге айтпауды өтінеді. Сіз басқа бір танысыңызды кездестіресіз де оған өзіңіз де байқамай бөтен адамның құпиясын айтып қоясыз.
 
Ондай адамды сенімді деп айтуға бола ма? «Алла сенімге лайық» деп айтқанымыз, Ол бізді ешқашан жәрдемсіз қалдырмайды әрі Өз уәделерін орындайды дегенді білдіреді.
 
Есіңізде болсын, Алланың пайғамбарлары (олардың бәріне игілік болсын) ең сенімді адамдар болған. Худ пайғамбар (оған игілік болсын) өз еліне былай деген:
 

«Сендерге Раббымның жолдауларын жеткіземін және мен сендер үшін сенімді бір насихатшымын (Құран,7: 68).

Пайғамбарлардан өнеге алып, өздеріңізде тек кейбір жағдайда емес, әрқашан сенімді адам болу әдетін қалыптастырыңыз. Егер өзіңізге бір нәрсені жасаймын деп міндет алсаңыз, соны жасаңыз. Басқа біреулер сізге сенсе, олардың сенімін ақтаңыз.
 
4. Адамдарды татуластырыңыз

Сіз адамдарды татуластыруға көмектесу арқылы, Алла рақымымен Жұмақтық бола алатыныңызды білесіз бе? Әрине, ұрсысып жатқан адамдардың дауына араласу, екеуінің біреуі туралы жаман нәрселер айту - оңайдың оңайы. Бұл жақсы ма? Адамдарды татуластыру әрі олардың қарым-қатынастарын реттеуге көмектесу жақсы әдеп белгісі болып табылады.
 
Алла мүміндерге былай дейді:
 

«Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр. Сондықтан екі бауырларыңның арасын жарастырыңдар және Алладан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер» (Құран, 49:10).

5.  Шын жүректен беріңіздер
 
Мысал үшін, әлдебір адам сізден көмек сұрайды. Сіз әлде оны елемейсіз, әлде оны қуланып тұр деп ойлайсыз, әлде оған көмектесуден қорқасыз, өйткені сіздің ақшаңызды ол әлдебір жаман нәрсеге ұстап қоя ма деп қауіптенесіз. Алайда біздің Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан көмек сұраған адамдардан теріс айналмаған.
 
Шынайы мүміндердің ерекшеліктері.
 
Мұсылманның көркем мінездерінің бірі — батылдық пен ерлік. Іс экстремалдық спорт түріне және сондай дүниелерге келгенде, біз өз батылдығымызды көрсетеміз. Дін ұстау жөніндегі батылдық ше? Әнәс ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) айтқан:
 

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың ең жақсысы болған, ол адамдардың ең жомарты және ең батылы болған»  (Әл-Бұқари, Муслим).

Оның батылдығы пұтқа табынушыларды Исламға шақырғанда және шайқас алаңдарындағы ұрысқа қатысқанда көрінген.
 
Күнделікті өмірде дінді ұстану жолында, біз бәріміз де осындай батылдыққа зәруміз.
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол үшін арнайы дұға жасайтын:
 
اَللّهُمَّ إِنِّيْ أَعُوْذُ بِكَ مِنَ الْعِجْزِ ، وَالْكَسْلِ، وَالْجُبْنِ ، وَالْهَرَمِ ، وَالْبُخْلِ ، وَأَعُوْذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَأَعُوْذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ

«Иә, Алла!Мен әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен рухсыздықтан, қорқыныш пен қайғыдан Саған сыйынамын, және қабір азабынан Саған сыйынамын, және өмір мен өлім сынақтары мен тауқыметінен Саған сыйынамын» (Әл-Бұқари, Муслим).
 
Жақсы әдепке ие болуға көмектесетін екі дұға:
 
Пайғамбарымыз айтқан:
 

«Иә, Алла, Сенен мықты денсаулық, пәктік, сенімділік, игі мінез бен өз тағдырыма разы болуды сұраймын». (Әл-Бұқари)

Жаман мінезден қорғану дұғасы: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алладан былай сұрайтын:
 

«Иә, Алла!  Мен ұят қылықтардан, жаман мінез-құлықтан және қыңырлықтан Саған сыйынамын». (Тирмизи).

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Бақытсыздыққа тап болғанда оқылатын дұға
Сұрақ: Адамның көңіл күйі болмаса, немесе бақытсыз жағдайға тап болса қандай дұға оқығаны жөн? Бұндай жағдайда Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қандай кеңес берген, хадис ...
3 519
22 октября, 15
Image
Қабірлерді қалай зиярат еткен дұрыс?
Қабірді кез келген уақытта зиярат етуге болады. Алайда, зияратты дәрет алып, жұма күні жасаған абзалырақ. Егер кімде-кім жүніп күйде болса, оған Құранды ұстауға болмайды, Құранға қолын тигіз...
5 239
4 сентября, 15