Image
Имам Әбу Ханифа Имам Джағфар әс-Садықтан білім алды ма?
Имам Әбу Ханифа, Алла Тағала оған разы болсын, біршама уақыт Имам Джағфар әс-Садықтан сабақ алды деген болжамға қатысты назарларыңызға төмендегі жайттарды ұсынамыз: Имам Әбу Ханифа білімде ө...
4 336
19 декабря, 14

Имам Әбу Ханифа Имам Джағфар әс-Садықтан білім алды ма?

4 336
19 декабря, 14
АВТОР ЦИКЛА
Имам Әбу Ханифа Имам Джағфар әс-Садықтан білім алды ма?
Имам Әбу Ханифа, Алла Тағала оған разы болсын, біршама уақыт Имам Джағфар әс-Садықтан сабақ алды деген болжамға қатысты назарларыңызға төмендегі жайттарды ұсынамыз:
 
Имам Әбу Ханифа білімде өзінің ұстазы Хаммад ибн Әби Сүлейманның шәкірті және ізбасары болған. Ал, ол Ибрахим ән-Нахаидің жолын қуған. Ал, Ибрахим ағасы Әлқама ибн Қаис ән-Нахаидің ізбасары болған. Ол өз кезегінде Сайидина Абдулла ибн Масғудтың ізбасары болған. Оны Куфа қаласына ұстаз ретінде мүміндердің әмірі Омар ибн Әл-Хаттаб жіберген, Алла олардың баршасына разы болсын. Білімді жеткізудің бұл тізбегі Ислам шариғатының тарихынан хабардар кез келген адамға мәлім.

Шындығында, Имам Әбу Ханифаның Куфа мешітінде сабақ үйреткен жерінде бұрын Абдулла ибн Масғуд, Алла Тағала оларға разы болсын, сабақ берген. Бұл ұстаздық тізбегі жоғарыда аты аталған адамдардың арасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. Ибн Масғудтан Әлқамаға, Әлқамадан Ибрахимге, Ибрахимнен Хаммадқа және ең соңында Хаммадтан Әбу Ханифаға. Содан кейін Әбу Ханифаның орнына үш шәкірті мынадай реттілікпен келген: әуелі Зафар ибн Хузайл, содан соң Әбу Юсуф, содан кейін Мұхаммед ибн әл-Хасан, Алла олардың баршасына разы болсын.

Ал, енді Әбу Ханифа мен Джағфар әс-Садықтың арасындағы байланысқа қатысты төмендегі жайттарды қаперге тұтқан жөн:

Біріншіден:

Имам Әбу Ханифа Хижра бойынша 80 жылы дүниеге келген. Ал, Имам Джағфар әс-Садық Хижра бойынша 83 жылы дүниеге келген. Басқаша айтқанда, ол екеуі замандас болғанымен қоса, Имам Әбу Ханифа Джағфар әс-Садықтан үлкен болған.

Екіншіден:

Имам Әбу Ханифа Абдулла ибн Масғуд, Алла Тағала екеуіне де разы болсын,  негізін салған Куфадағы мектепте білім алған. Өз заманының басқа да ғұламалары секілді, ол да қажылық жасау үшін Хиджазға баратын. Сол кездерде Мәдинадан өтіп бара жатып, Имам Джағфар әс-Садықтың әкесі – Имам Мұхмаммед әл-Бакир сияқты көрнекті ғұламалардың діни ілімінен нәр алған. Оның (Әбу Ханифаның) кейін Имам Мұхаммед әл-Бакирден жеткізген көптеген хадистері шәкірттері Әбу Юсуф пен Мұхаммед ибн әл-Хасанның, баршасына Алланың рақымы болсын, еңбектерінде көрсетілген.

Үшіншіден:

Расында да, Имам Әбу Ханифа Имам Джағфар әс-Садықтан бірнеше хадис жеткізген. Алайда, сол замандағы ғұламалардың арасында замандастарынан хадис жеткізу қалыпты жағдай болған. Егер Имам Әбу Ханифа Имам Джағфар әс-Садықтан білім алды деген сөзге дәлел ретінде тек қана осы мәліметті негізге алар болсақ, онда Имам Джағфа әс-Садық әкесінен басқа Ибн Щихаб әз-Зухри, ‘Ата ибн Әби Рабах, ‘Урва ибн Зубайр және Мұхаммед ибн Әл-Мункадир секілді  басқа да адамдардан сабақ алды деген тұжырым шығаруға тура келеді. Себебі, Имам Джағфар әс-Садық та сол ғұламалардан және тіпті басқа да ғұламалардан хадис жеткізген (Тахзиб әл-Камаль, 5-бөлім, 75-бет).

Төртіншіден:

Хижра бойынша 132 жылы Омейядтарды тақтан құлатып, Аббасидтер билікке келгенде, Имам Әбу Ханифа 52 жаста болатын. Аббасидтердің Халифі Әбу Джағфар әл-Мансур, Имам Әбу Ханифаны бас қади (бас сот төрешісі) етіп тағайындағысы келді. Әбу Ханифа ол ұсыныстан бас тартты. Сөйтіп, Халифтің кек қайтаруынан және қыспағынан қашып құтылу үшін Хиджазға қоныс аударып, екі жылын сол жерде өткізген. Ол мына сөздерді Хиджазға сол қоныс аударуы кезінде айтқан деп саналады: «Бұл екі жылға созылмаса, Ну’ман (яғни, Әбу Ханифа) құрдымға кетер еді». Ал, шииттер Әбу Ханифаның, оған Алланың рақымы болсын, мұны айту арқылы өзінің сол кезеңде Джағфар әс-Садықтан білім алғандығын меңзеген деп тұжырым жасаған. Бұл жорамалдың ақылға сыймайтын дүние екені мынадан белгілі: ол кезде Әбу Ханифа, оған Алланың рақымы болсын, үлкен ғұлама ретінде кеңінен танымал болатын, тіпті Халиф оны бас қади (сот төрешісі) етіп тағайындаған. Оның үстіне, ол кезде Әбу Ханифаның, оған Алланың рақымы болсын, жоғарыда айтылғандай, жасы елуден асқан шағы болатын.

Бесіншіден:

Имам Джағфар әс-Садықтың Имам Әбу Ханифаға Қыяс тәсіліне (ұқсастық бойынша талдау) қатысты сұрақ қойғаны жайлы кең тараған хикая бар. Кеңінен тараған бұл хикаяның әл-Кафи секілді шииттік ғалымдардың кітаптарынан алынғандығын білгендеріңіз жөн. Сүнниттік кітаптарда бұл оқиға айтарлықтай өзгешеліктермен келтірілген.

Ең алдымен, пікірталас шындығында Әбу Ханифа мен Джағфар әс-Садықтың емес, Әбу Ханифа мен Мұхаммед әл-Бакирдің арасында жүрген.

Бұл хикая былай сипатталады:
 
Әл-Бакир Әбу Ханифадан: «Менің атамның (Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дінін Қыяс әдісімен бұрмалап жүргенің рас па?» - деп сұраған. Әбу Ханифа дінді бұрмалап жүрмегендігін айтып, жауап қатқан. Сөйтіп, ол ондай сыбыстың шындыққа жанаспайтынын дәлелдеу үшін Мұхаммед әл-Бакирдің алдына тізерлеп отырып, (1) әскери олжаларды бөлудегі ер мен әйелдің үлесін салыстырады; (2) етеккір кезеңіндегі әйелдің оразасы мен намазын салыстыра келіп, оның ол кезең басталғаннан кейін емес, бұрын құлшылық жасауы қажеттігін айтады; (3) несеп пен аталық ұрықты салыстыра келіп, олардың әрқайсысынан тазару әдістерін айтады. Ол мәтіндерде (Құран мен Сүннетте) айқын дәлел жоқ мәселелерде ғана қыяс әдісін пайдаланатынын, ал, айқын дәлел бар жерде шариғатта келтірілген әмірлерді қатаң ұстанатынын анық көрсетіп бергеннен кейін Имам Мұхаммед әл-Бакир орнынан тұрып, Имам Әбу Ханифаның маңдайынан сүйген (Мунакиб Әби Ханифа, Әл-Кардари, 99-бет).

Кейінірек шииттер осы хикаяны өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес бұрмалап, бейімдеп алған.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Қанша сәжде жасағаныңды ұмытқан жағдайда
Сұрақ: Намаз оқып тұрғанда сәждеге қанша рет барғаныңды ұмытып қалатын кездер болады (бір рет пе, екі рет пе). Кейде ондай күмән басым болса, кейде әлсіз болады. Сондай жағдайда не істеу кер...
1 843
5 апреля, 18
Image
Білімді ұмытудың себебі – күнә
Сұрақ: Абдулла ибн Мәсғудтың (Алла оған разы болсын) мына сөзі баяндалған хабарламаны келтіріңізші: «Біліміңді ұмытудың себебі күнә жасау болып табылады»....
1 368
5 марта, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Имам Абу Хәнифаны «Имам әл-Ағзам» деп атаған кім?
Сұрақ: Имам Абу Хәнифаны «Имам әл-Ағзам» деп атаған кім? Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен! Ассаләму ғәлейкум уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу! Төменде Ислам ғұламаларының Имам Абу Х...
3 486
30 сентября, 14
Image
Имам Әбу Хәнифа, рахимаһуЛлаһ
Имам Әбу Хәнифаның толық аты – Нұғман бин Сәбит бин Нұғман бин Марзұбан. Хижраның 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 жылы қайтыс болады. ...
3 452
4 сентября, 14