
Имам Абу Хәнифаны «Имам әл-Ағзам» деп атаған кім?
Жауап:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен!
Төменде Ислам ғұламаларының Имам Абу Хәнифа (ол кісіге Алла рахым етсін) жайында айтқан сөздері келтірілген:
1) Макки ибн Ибрахим (хижреттің 215 ж. қайтыс болды [1]) былай деді [2]:
كان أعلم أهل زمانه
2) Абдуллаһ ибн Мубәрак (хижреттің 181 ж.қайтыс болды [3]) мынандай өлең жолдарын жазады [4]:
لقد زان البلاد ومن عليها - إمام المسلمين أبو حينفة ...
3) Имам Абу әл-Хасан әл-Ашари (хижреттің 330 ж.қайтыс болды [5]) былай деген [6]:
... وحاشى الإمام الأعظم أبو حنيفة رضي الله عنه من هذا القول
4) Имам әд-Дабуси (хижреттің 430 ж.қайтыс болды [7]) былай деп айтқан[8]:
وعند الإمام الأعظم أبي حنيفة رحمه الله تدخل الأولى ولا تدخل الثانية
5) Маусили (хижреттің 683 ж. қайтыс болды [9]) «әл-Мухтар» [10] кіріспесінде былай деп жазады:
فقد رغب إلي من وجب جوابه علي أن أجمع له مختصرا في الفقه على مذهب الإمام الأعظم أبي حنيفة النعمان
6) Имам әл-Захаби (хижреттің 748 ж. қ.б. [11]) Имам Абу Хәнифаның өмірі жайында жазған кезде былай дейді [12]:
أبو حنيفة الإمام الأعظم فقيه العراق النعمان بن ثابت
7) Имам әл-Сафди ( 764 ж.қ.б. [13]) «Абу Хәнифа» деген атағы барлар жайында былай деп жазады: [14],
أبو حنيفة جماعة منهم الإمام الأعظم صاحب المذهب اسمه النعمان
8) Имам әл-Кураши (775 ж.қ.б. [15]) ол жайында былай деп жазады [16],
الإمام الأعظم أبو حنيفة النعمان بن ثابت
Имам Абу Хәнифаның өмірбаянын оқи келе, күдіксіз ол білім мен амалда мінсіз болғанына көзіміз жетеді.
ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Комментарии: 0
Правила форума