Image
Имам жұқа шұлыққа мәсіх тартқан жағдайда не істеу керек
Сұрақ: Білуімше, дәрет алған кезде жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болмайды. Алайда, жұмыс орнымда көбісі бұлай мәсіх тартатынын байқадым, олар имамдыққа да тұрып жатады. Ондай имамның артынан ұй...
4 650
7 ноября, 14

Имам жұқа шұлыққа мәсіх тартқан жағдайда не істеу керек

4 650
7 ноября, 14
АВТОР ЦИКЛА
Имам жұқа шұлыққа мәсіх тартқан жағдайда не істеу керек
Сұрақ: Білуімше, дәрет алған кезде жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болмайды. Алайда, жұмыс орнымда көбісі бұлай мәсіх тартатынын байқадым, олар имамдыққа да тұрып жатады. Ондай имамның артынан ұйып намаз оқуға болмайды, өйткені оның дәреті дұрыс емес екенін түсінемін. Сол себептен, олармен бірге намаз оқып, кейін намазды жасырын түрде бөлек қайта оқимын.  Мен жалғыз болғандықтан, жамағатты бөлуге қорқамын. Бұрыңғы жұмысымда, жай шұлыққа мәсіх тартуға қарсы болғандар себебінен, жамағат арасында фитна болған еді. Сол себептен, қайта бұған ашық қарсы шығуға батылым жетпейді.

Бір досым, жай шұлыққа мәсіх тартқан имамның намазына күмәнданған жағдайда, біз жамағаттың намазына қосылсақ та, ішімізден  жеке намаз оқуға ниет етіп оқуымызға болады деп кеңес берген еді. Яғни, ішімізден Фәтиха  және басқа сүрелерді өз бетімізше оқып, рукуғ пен сәждеге имаммен бірге барамыз. Демек, жамағатта оқығандай болып, шын мәнісінде, жеке оқимыз. Бұл намазды қайта оқымас үшін жасалады. Мен бұл істің дұрыстығына күмәнмен қараймын. Бұлай істеуге бола ма? Құран мен Сүннетте бұл жайында айтылған ба?

Жауап:

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Ас-Сәләму ғәлейкум уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!

Сіздің ойыңыз дұрыс болып табылады. Хәнафи мазхабы бойынша, шұлықтың үстінен мәсіх келесі үш шарт орындалса ғана тартуға болады:
 
1. Шұлық суды өткізбейтіндей болу керек
 
2. Бір фарсах жүргеннің өзінде жыртылып қалмайтындай берік болуы керек
 
3. Аяққа киілгенде байламбай-ақ өздігінен  тұратындай болу керек. Әдетте бұл шарттар нейлон мен мақтадан жасалған шұлықтар үшін келмейді. Бұдан шығатын қорытынды, жай жұқа шұлыққа мәсіх тартуға болмайды. [1]
 
 Сондай-ақ, жұқа шұлыққа (мақта мен нейлон және т.б. )мәсіх тартқан имамның артынан намаз оқуға да болмайды, жоғарыда айтылғандай, хәнафи мазхабы бойынша, бұл имамның дәреті толық болып саналмайды. [2]
 
Досыңыздың айтқан әдісі, намазды тиісті дәрежеде оқып, фитнаны болдырмауға арналған.  Бұл тосын жағдайларға негізделіп, фитнадан қорғану үшін орын алатын болса, бұлай намаз оқуға рұқсат етіледі.
 
Алла жақсырақ біледі
Уассәләм
 
[1] لايجوز المسح على االجوربين عند ابي حنيفة الا ان يكونا مجلدين او منعلين و قال ابو يوسف و محمد يجوز المسح على الجوربين اذا كان ثخينين لا يشفان الماء (قدورى ص54 موسسة الريان)
ام المسح على الجوارب فلا يخاو اما ان يكون الجورب رقيقا غير منعل و فى هذا الوجه يجوز المسح  بلا خلاف و المراد من الثخين ان يستمسك على الساق من غير ان يشده بشي ولا يسقط فاما اذا كان لايستمسك و يسترخى فهذا ليس بثخين فلايجوز المسح عليها و ام اذا كان ثخينا غير منعل لايجوز المسح عليه عند ابي حنيفة رحمه الله و عندهما يجوز و فى النصاب و عليه الفتوى (تاترخانية ج1 ص406 م زكريا)
و المسح على االجوربين اذا كان مجلدين كالمسح على الخفين لانهما كالمسح على الخفين لانه يمشى فيهما كما يمشى فى الخفين وان كان غير مجلدين و هما صفيقان لايشفان فان ابا حنيفة قال لايمسه عليهما و قال ابو يوسف و محمد يمسح عليهما (مختتصر الطحاوى ج1ص455 دار البشائر)

[2] و من اقتدى بامام ثم علم انه على غير وضوء اعاد الصلاة (قدورى ص80 موسسة الريان)

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Резеңке етікке мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ: Дәрет алған кезде (аяқты жуудың орнына) бәтеңкеге немесе резеңке етікке мәсіх жасауға бола ма?...
1 287
16 апреля, 18
Image
Имам Ағзам Әбу Ханифа, Алла оған разы болсын, тақуалық пен аскетизмнің үлгісі ретінде
Имам Әбу Ханифа, оған Алла Тағаланың рақымы болсын, бойы орташадан ұзындау қараторы адам болған. Ол сымбатты әрі салиқалы келбетімен ерекшеленетін. Ұзын сақалды болатын, әсем киім, сәлде жән...
6 599
1
12 февраля, 15

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Діндар жанға қандай діни және дүнияуи ілімдерді алу міндетті?
Сұрақ: Менің білейін дегенім, біздер үшін қандай (діни және дүнияуи) ілім міндетті болып саналады? Жауап: Әссаләму алейкум уа рахматуллахи уа бәракәтух! Жалпы, парыз (яғни міндеттелген) ілім...
3 407
20 октября, 14
Image
Менің сақалға деген құрметімнің 7 себебі
Мен сақалымды мақтан тұтамын. Мен еш тәкаппарланып жатқаным жоқ, айтайын дегенім, сақал жібергенім үшін еш ұялмаймын. Кемелдікке жеткен себебімнен емес, тек оны жіберген адамдарға ұқсау үші...
6 230
1
1 октября, 14