Image
Instagram әлеуметтік желісіндегі әйелдер парақшасы
Сұрақ: Instagram әлеуметтік желісінде тек Ислам дінімен байланысты ақпараттарды тарату мақсатында парақша ашқан едім. Ниетім – бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мәселелерді өзгелерге үйре...
4 744
1
29 сентября, 14

Instagram әлеуметтік желісіндегі әйелдер парақшасы

4 744
1
29 сентября, 14
АВТОР ЦИКЛА
Instagram әлеуметтік желісіндегі әйелдер парақшасы
Сұрақ: Instagram әлеуметтік желісінде тек Ислам дінімен байланысты ақпараттарды тарату мақсатында парақша ашқан едім. Ниетім – бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мәселелерді өзгелерге үйрету. Мұсылман әйел болып табылатындықтан,  өз парақшама тек әйел адамдарды қабылдауым керек па?

Жауап:

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен!

Ас-Сәләму ғәлейкум уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!
 
Сіздің мұсылман әйелі ретінде өз міндеттеріңізді түсінетініңіз бізді қуантады. Алла тағала сізді Өз дінінде берік орнықтырсын. Ислам діні қоғамда ізгілікті орнататын жүйеге ұмтылып, фитнаға апаратын жолдарды жабуда. Барлық басқа әлеуметтік желілер сияқты, Instagram желісінде де сіз бен басқа адамдар арасында аз ғана қарым-қатынас орнатылғанымен, сіз оларды өз парақашаңызға қабылдау арқылы, болашақта сіз бен басқа адамдар арасында тікелей қарым-қатынас пайда болу жағдайын тудырасыз.  Бұны анығырақ түсіну үшін сізге мына сұрақты қояйық, сіз діни форумдарда ер кісілермен бірге пікір таластарға қатыса алар ма едіңіз?
 
Сіз Ислам дінімен байланысты ақпараттарды қоюға ниет етсеңіз де, жадыңызда сақтайтын бір маңызды жайт бар.  Интернет –дүниежүзінен  адамдарды бір-бірімен байланыстыратын, ашық бүкіл әлемдік желі. Сіз тек исламдық ақпараттарды қоюға ниет етіп жатқан кезіңізде, бөгде адамдарға сізбен хабарласуға мүмкіндік тудырып жатқаныңызды да ескеруіңіз керек.

Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

إِنَّ الشَّيْطَانَ يَجْرِي مِنَ الإِنْسَانِ مَجْرَى الدَّمِ


«Шын мәнінде шайтан адамның қан тамырымен жүреді».
 
Желіде қолданушы жайындағы мәлімет толықтай жасырын болғандықтан, адамдар осыны пайдаланып, шариғат шегінен шығып кетіп жатады. Интернет желісінде адамдар нәтижесін ойламай бір-бірімен еркін хабарласуға мүмкіндігі бар, бұл өз кезегінде фитнаға алып келуі әбден мүмкін.
 
Сол себептен біз сізге Instagram желісіндегі қолданушылар тізіміне ер кісілерді қабылдамауға кеңес береміз.
 
Алла жақсырақ біледі

Уассәләм
 
[1] Sahih Al-Bukhari, 2038, The Book of I'tikāf

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Біздің әлсіз жеріміз – сәлем намазы (тахийәтул- мәсжид)
Үйіңізге келіп отырып, өзінің бір істерімен айналысып, бар қажеттіліктеріне қол жеткізіп, сізбен тіпті аман-саулық сұраспай кетіп қалған қонақты елестетіңізші?... Қонақтың бұл қылығының соңы...
2 394
10 апреля, 18
Image
Тұрмысқа шыға алмай қойдым
Сұрақ: Маған құда түсіп келген жігіттер болды, бірақ, біршама уақыт өткеннен кейін менімен некеге тұрудан бас тартып жатты. Соған көңілім құлазып, еңсем түсіп кеткен жайым бар. Тұрмысқа шығу...
1 883
7 апреля, 18

Комментарии: 1

Правила форума
Avatar
Tester
0
test\nОтправлено с iPhone
28 октября, 14