Image
Instagram-дағы әйел адамның аккаунты
Сіздің мұсылман әйел ретінде өз міндеттеріңізді біліп-түсінуіңіз қуандырады. Алла Тағала Өзінің дінінде сізді қуаттасын. Ислам діні фитнаға (бүліктерге) апаратын барлық себептер мен жолдарды...
3 295
30 ноября, 15

Instagram-дағы әйел адамның аккаунты

3 295
30 ноября, 15
АВТОР ЦИКЛА
Instagram-дағы әйел адамның аккаунты
Сұрақ: Мен жақында тек Исламға қатысты мәліметтерді салу үшін Instagram-да өзіме парақша аштым. Менің ниетім –бүгінгі таңда туындап отырған әрқалай сұрақтарға байланысты басқалардың ілім алуына өз үлесімді қосу. Мен мұсылман әйелмін, сондықтан ол жаққа тек әйел кісілерді ғана қосуым керек пе, соны білгім келеді?
 
Жауап:
 
Мейірімді әрі Рахымды Алланың атымен бастаймын!

Әссәләму ъалейкум уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Сіздің мұсылман әйел ретінде өз міндеттеріңізді біліп-түсінуіңіз қуандырады. Алла Тағала Өзінің дінінде сізді қуаттасын. Ислам діні фитнаға (бүліктерге) апаратын барлық себептер мен жолдарды жауып, қоғамдағы игілік пен тепе-теңдіктің бұзылмай сақталуын қамтамасыз ететін жүйенің құрылуын көздейді. Сіз бен басқа адамдардың арасында аз да болса байланысты тудыратын әлеуметтік желілер секілді, тіпті Инстаграмда өзгелердің жазылушыларыңыздың қатарында болғаны да болашақта сізбен олар арасында өзара қарым-қатынастың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мұны анығырақ түсіну үшін айталық, сіз өзіңізбен қатарлас исламдық форумдарда әр түрлі талқылауларда ер кісілердің бірге қатысуына жол берер ме едіңіз?
 
Исламға қатысты мәліметтерді ғана салу ниетіңіздің болғанына қарамастан, мән беретұғын бір өте маңызды фактор бар. Интернет – бұл әлемнің түкпір-түкпіріндегі бүкіл адамдарды бір-бірімен байланыстырып отыратын ашық ғаламдық желі. Тек ислами мағлұматтарды салу ниетімен өзіңізге парақша ашсаңыз да, бөтен кісілердің сізбен байланысқа шыға алуына мүмкіндік бересіз.
 
Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан:
 

إِنَّ الشَّيْطَانَ يَجْرِي مِنَ الإِنْسَانِ مَجْرَى الدَّمِ


Расында, шайтан адамның денесінде (тамыр арқылы) қанымен араласып жүреді. [1]
 
Интернет парақшаларындағы адамдар жайлы мәліметтер жасырын және құпия болуы олардың еш қаперге алмастан шариғаттың шеңберінен асып, шеттен шығуларына жол береді.
Интернет желісінде кейінгі салдары жайында ойланбастан адамдар бір-бірлерімен емін-еркін байланысқа түсуі мүмкін, және бүлікке апаруы ықтимал кез-келген жағдайда сақтық жасап, абайлауымыз қажет.
 
Сол себепті Instagram-дағы жазылушылар қатарына ер кісілерді қоспауыңыз жөн деп кеңес береміз.
 
Аллаһ дұрысын біледі.

Уәссәләм.
[1] Sahih Al-Bukhari, 2038, The Book of I'tikāf

 

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Күйеуіңізді бақытты қылатын он жеті әдіс
Оны сұлу кейіпте қарсы алыңыз. Ол жұмыстан, оқудан, сапардан немесе сізден алыс әлдебір жерден оралған кезде көтеріңкі көңіл күймен сәлемдесіңіз. ...
9 511
1
17 ноября, 14
Image
Instagram әлеуметтік желісіндегі әйелдер парақшасы
Сұрақ: Instagram әлеуметтік желісінде тек Ислам дінімен байланысты ақпараттарды тарату мақсатында парақша ашқан едім. Ниетім – бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мәселелерді өзгелерге үйре...
4 742
1
29 сентября, 14