Image
Кәсібімнің берекелі болуы үшін қандай дұға оқуым керек?
Сұрақ: Кәсібім берекелі болу үшін қандай дұға оқысам болады? Жауабы: Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен. Ас-саляму аляйкум уа рахматуллахи уа баракатух! Кәсібіңіз берекелі болуы үші...
7 259
14 ноября, 14

Кәсібімнің берекелі болуы үшін қандай дұға оқуым керек?

7 259
14 ноября, 14
АВТОР ЦИКЛА
Кәсібімнің берекелі болуы үшін қандай дұға оқуым керек?
Сұрақ: Кәсібім берекелі болу үшін қандай дұға оқысам болады?
 
Жауабы: Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен. Ас-саляму аляйкум уа рахматуллахи уа баракатух!
 
Кәсібіңіз берекелі болуы үшін төмендегі дұғаларды оқысаңыз болады:

1.

اللهم آتنا في الدنيا حسنة و في الآخرة حسنة و قنا عذاب النار


Транслитерациясы: "Аллахума атина фи-д-дуния хасана уа фи-ль-аахирати хасана уа қыйна ғазааб-ан-наар"

Аудармасы: «Я, Алла! Бізге бұл дүниенің де жақсылығын бере гөр, ақыреттің де жақсылығын бере гөр және бізді тозақ азабынан сақта» (Бұхари, № 6389, Муслим, № 2690)

 

2.

لا اله الا أنت سبحانك اني كنت من الظالمين

 
Транслитерациясы: "Ля Иляха илля анта субханакя инни кунту мин-аз-заалимиин"

Аудармасы: «Сенен басқа Құдай жоқ, барлық мақтау-мадақ өзіңе ғана лайық, расында, мен әділетсіздік етушілерден болдым».

Бұл дұғаны әзіреті Жүніс (әлейһиссәләм) киттің ішінде отырғанда оқыған. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Осы дұғаны қай мүмін оқыса да, Алла Тағала оны қабыл етеді», - деген. (Тирмизи, № 3500, Мустадрак Лил Хаким, 1 Том, 505 бет, Әл-Азкар, 196 бет).
 
3.

اللهم اكفني بحلالك عن حرامك و اغنني بفضلك عمن سواك

 
Транслитерациясы: «Аллахумма-кфини би-халяликя ‘ан харамика уа-гнини би-фадлика ‘амман сиуак».

Аудармасы: «Я, Аллаһ! Мені халал еткен нәрселерің арқылы харам еткен нәрселеріңе жүгінуден сақтай гөр, әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаларға  мұқтаж етпе» (Тирмизи, № 3563, 2 том, 196 бет, Маснун Дуа, 72 бет, Дар әл- Ислам Бардули)
 
4.

توكلت علي الحي الذي لا يموت الحمد لله الذي لم يتخذ ولدا و لم يكن له شريك في الملك و لم يكن له ولي من الذل و كبره تكبيرا


Транслитерациясы: «Тауаккяльту ‘аляль-хаййи-ль-лязи ля ямут, альхамду-ли-Лляхи-ль-лязи лям йат-тахиз уа ляда, уа лям якуль-ляху шарикун филь-мульки, уа лям якуль-ляху уалиййюн мин-аз-зулли уа каббирху такбира»

Аудармасы: «Өлмейтін Мәңгі Тірі Аллаға тәуекел етемін. Барлық мақтау бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекшісі болмаған Аллаға лайық және мен Оны ұлықтаймын» (Maариф әл- Коран, 5 том, 543 бет, Маснун Дуа, 72-73 бет, Дар әл- Ислам Бардули)
 
5. Әзіреті Айшаға (оған Алла разы болсын), Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын),  үйреткен Тасбих Фатимиді оқыңыз. Тасбих Фатими төмендегі зікір сөздерінен тұрады:
 
  • СубханаЛлах (33 рет)

 

  • Аллаху Акбар (33 рет)

 

  • АльхамдулиЛлях (34 рет)
 
6.

لا اله الا الله الملك الحق المبين

 
Транслитерациясы: "Ля иляха илляЛлах-уль-малик-уль-хакк-уль-мубин"
 
Байығысы келетін адамның осы дұғаны 100 рет оқығаны абзал. (Канх әл-Уммал, № 2896, 2 том, 233 бет, Маснун Дуа, 73 бет, Дар әл- Ислам Бардули)
 
Дұға – мұсылманның қаруы. Алла Тағаладан барлық қажеттіліктеріңізді өтеуін және қиындықтардан құтқаруын сұраңыз.

Бұған қоса, дұға жасаудың әдебін сақтап, өзгелердің құқықтарын бұзбауыңыз керек, күнәдан аулақ болып, кәсібіңіздің Шариғатқа толық сай екеніне сенімді болуыңыз тиіс.
 
Ең дұрысын Алла біледі.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Ескі діни кітаптарды не істеуге болады?
Сұрақ: Ескі кітап немесе журнал яки басқа да діни кітаптарды не істеу керек? Оларды қағаз ұсақтағышпен ұсақтап, көміп тастауға бола ма?...
1 355
2 марта, 18
Image
Рамазаннан өзіңе ұлағат алудың жолдары
Мүбәрак Рамазан айы келгенде оны мейлінше ізгілікпен өткізіп, өзімізге пайдасын алуға тырысуымыз керек. Өкінішке орай, көптеген адамдардың өмірлеріне Рамазан ешқандай оң өзгеріс әкелместен, ...
7 912
29 июня, 16