Image
Кез-келген есіктің кілті
Бір күні имам Ахмад ибн Ханбалдың танымал шәкірті имам Бакы ибн Махлядке (рахматулла алейхи), қайғы жұтқан бір әйел келіп, былай дейді: «Менің жалғыз ұлым византиялықтарға тұтқынға түсіп қал...
3 335
12 января, 16

Кез-келген есіктің кілті

3 335
12 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Кез-келген есіктің кілті
Бір күні имам Ахмад ибн Ханбалдың танымал шәкірті имам Бакы ибн Махлядке (рахматулла алейхи), қайғы жұтқан бір әйел келіп, былай дейді: «Менің жалғыз ұлым византиялықтарға тұтқынға түсіп қалды. Қайғымның үлкендігі сондай, мен не тамақ іше алмаймын, не ұйықтай алмаймын. Мендегі бар нәрсе – ол кішкентай үйім ғана, бірақ оны менен сатып алатын ешкімді таба алмай жүрмін. Өтінемін, менің ұлымның құнын төлеуге көмектесетін біреуді тауып берші».
 
 Бакы оған былай жауап береді: «Үйіңе қайта бер. Саған көмектесуге тырысып көрейін». Осыны айтып, ол қолдарын көтеріп, осы бозбала үшін Аллаға шын дұға жасады. Бірнеше күн өтпей жатып-ақ, әлгі әйел ұлымен бірге оған келеді. Ол Бакы үшін дұға жасап, оған: «Алла саған сый берсін! Менің ұлыма оның әңгімесін айтуға рұқсат етші, ол расымен де таңғажайып»-дейді.
 
Бакы бозбалаға сұраулы жүзбен қарап: «Айтшы – сен қалай азат болдың?» Жас жігіт былай жауап берді: «Мен соғысқа кетіп, византиялық билеушілерінің біріне тұтқынға түстім. Мені де басқа да тұтқындармен бірге шөл далаға ауыр жұмысқа апаратын. Бізді шынжырлап, жұмыс істейтін жерімізге жауынгерлердің қадағалауымен апаратын. Бір күні, күн бата жұмыстан қайтып келе жатқанымызда, менің аяқтарымдағы кісендер өздігінен ағытылып кетті! Күзетшілер кісенді шешуге қалай ғана дәтің барды деп, мені балағаттай жөнелді.  Мен ештеме істеген жоқпын, өзінен-өзі болды деп оларды сендірдім. Сонда олар ұстаны шақыртып, маған қайтадан кісен салдыртты, бірақ бұл бекер еді. Аяғыма тұрып, бір-екі қадам жасаған соң, жаңадан салған кісендері де аяғымнан түсіп қалды. Христиандар абдырап, шошып, өздерінің дін қызметшісін шақыртып, менімен не істеу керек екенін сұрайды. Дін қызметшісі менен: «Сенің анаң бар ма?», - деп сұрады. Мен мақұлдадым. Сонда ол былай айтты: «Сенің анаң сен үшін дұға жасап сұраған көрінеді, алиЖаратушы оның жалбарынуын қабыл еткен», содан кейін ол күзетшілерден мені босатуларын сұраған. Солай олар мені босатқан, тіпті ислам жерлеріне қауіпсіз жетуім үшін қасыма адам да қосып берген».
 
Бакы бозбаладан сұрайды: «Қай күні сенен кісендер түсіп қалып еді?».  Бозбала күнді айтқанда, бұл Бакының (рахимахулла) Аллаға жалбарынып қолдарын көтерген сәтіне дәл келген екен (бұл оқиға «Әл-Мунатазам ли ибн Джаузи» кітабының 12 томының, 274 бетінде келтірілген).
 
Бұл оқиғадан қандай сабақ алуға болады? Әрқайсымызда өзіміздің жеке «кісендеріміз» бар – некедегі мәселе болсын, қаржылық мәселесі болсын, балалы болуды қалау болсын. Әрбір адам шынайы түрде қолдарын көтеріп Алладан дұға сұрай алады. Шынайы дұғаның күші мынада- адам көп жылдар бойы өзін қинап кісендеп келе жатқан мәселелерінен құтылады. Дұға – әсіресе біздің ата-аналарымыздың немесе тақуа адамдардың дұғасы  - расымен де ұлы күшке ие.

 

 

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Өмірімізде қайта жаңғыртуға тиісті болған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 12 сүннеті
Бұл мақалада біз, бұл өмірдегі табыстылыққа және ақыретте, Алланың қалауымен сүйікті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ортасында болуға үміт арта отырып, Пайғамбардың (о...
7 595
29 декабря, 15
Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Сабырлық – екі дүние табысының кілті»
Имам Тирмизидің «Сунанында» Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген хадисі бар: «Адам арасында болып, сабыр сақтаған мұсылман адам арасында болмай, сабыр қылмайты...
3 393
18 декабря, 15