Image
Күніне 1000 рәкат намаз. Ол мүмкін бе?
Бұл қойылған шағын ғана сұрақ, кейбір тақуалардың қысқа уақытта көп ғибадат істей алғандығы жайында күмән тудыруы мүмкін....
4 413
22 июля, 14

Күніне 1000 рәкат намаз. Ол мүмкін бе?

4 413
22 июля, 14
АВТОР ЦИКЛА
Күніне 1000 рәкат намаз. Ол мүмкін бе?
Бұл қойылған шағын ғана сұрақ, кейбір тақуалардың қысқа уақытта көп ғибадат істей алғандығы жайында күмән тудыруы мүмкін. 
 
Сұрақ: Шейх Мұхаммед Закария аль-Кандахлауидің «Сауапты істердің  құндылықтары» атты кітабінің тақырыптары Құран мен хадис ілімі аясында жазылғаны мен үшін түсінікті болып табылады.  Бұған қарамастан, бұл кітаптың кейбір деректерін түсіну мен үшін қиынға соғады. Мысалы, «Намаздың құндылықтары» атты бөлімде автор атақты ғалым Ибн Ъабидин әл-Шәмидің [1] (Алла оны рахым етсін), күніне мың рәкат намаз оқығаны туралы жазады. 

Тәулігіне 24 сағатта  бұл қалай болуы мүмкін? Егер, әр рәкатқа 1,5 минуттай уақыт кетсе, ол күніне 25 сағат намаз оқығаны ма?

Сонымен қатар, бұл кітапта кішкентай баланың күнде ораза ұстап, түнімен намаз оқып жүдегені соншалық, өмірден озып кеткені туралы айтылады. Бұл мүмкін бе? Бұл іс шариғатымызға қайшы емес пе? Орталықты ұстануға шақырған дінімізде мұндай тұжырымдар орын ала ма?  

Мен бұл жұмысты сынауға еш ниетім жоқ. Тек бұл мәлімдемелердің шындыққа қаншалықты жанасатынын білгім келеді.  

Жауап: Әһли суннет уә ль-жамағатының ақидасына сәйкес, Алланың сүйіктісі болғандардың  караматы шындық болып табылады (Ақида Тахауия) [2].

Бұны білмейтіндер үшін мұндай құбылыстар әдеттен тыс болып көрінуі мүмкін. Алла тағала өзінің таңдаулы ғана құлдарына мұндай ғибадаттарды орындау үшін уақытты берекелі етуі әбден мүмкін. Одан басқа, бұндай оқиғалардың жиі кездесіп, көптеген ұлы мухаддистермен (хадис ілімінің мамандары) айтылуы, оның айқын дәлелі. 

Бірнеше мысал келтірейін:

Имам ат-Тирмизи, Масләма ибн Амрдан, Үмәйр ибн Хәнидің  (Алла оны рахым етсін), күніне 1000 рәкат намаз оқып, 100 000 рет тәспих (СубханАлла) тартқаны жайлы жеткізген.

Имам Әбу Нуъәйм да, Әмір ибн Абдаллаһтан (Алла оны рахым етсін), дәл осы мәліметті жеткізген.

Имам Мәлік (Алла оны рахым етсін), Әли ибн Хусейн ибн Әлидің (төртінші халиф Әлидің (Алла оған разы болсын) төртінші немересі) өзі өліміне дейін  әр түні 1000 рәкат намаз оқығанын жеткізеді. Бұл мәлімет Хафиз әз-Захабидің «әл-Ғибар» атты кітабында жазылған.  

Хафиз ибн Хаджар әл-Асқалани (Алла оны рахым етсін), Әли ибн Абд Аллаһ ибн Аббастың күніне 1000 рәкат намаз оқығаны жайлы айтады.
 
«Иқамату Худжа» кітабынан алынған бұл мәліметтер, ғибадат етушілерге алғыс ретінде исламның ұлы ғалымдары мен мухаддистерімен  жеткізілген. Олар бұл істе еш күмән келтірмесе, біздің күмәндануымыз орынды бола ма?
 
Алла жақсырақ біледі.
 
[1] Ибн Абидин (1198-1252/1784-1836, Дамаск)

(Саййид Мухаммед Амин б. Умар б. Абдуләзиз б. Ахмад б. Абдуррахим ад-Димашқи). Хәнафи мәзхабының ілімін хижраның 13-ші жүзжылдығында ғұламалардан жеткізген исламның беделді ғалымдарының бірі.
 
Оның «Радду’ль-Мухтар аля’д-Дурри’ль-Мухтар Шархи Танвири’ль-Абсар» атты кітабы жиі қолданылып, «Ибн Абидин» деген атпен белгілі болған. Бұл кітап қазіргі кезде, Хәнафи мәзхабының фиқһы бойынша ең анық та құнды еңбек болып табылады.
 
[2] Саләфтардың бірі имам Әбу Джаъфар ат-Тахауи (229-321 х.ж.) (Алла оны рахым етсін), Әхли суннет уә ль-жамағат ақидасын «Ақида ат-Тахауийя» кітабында түсіндіре келе:
 
«Біз әулиелердің караматына сенеміз. Олар туралы ілім бізге сенімді жеткізушілерден келген».
 
[3] «Иқамату Худжа» 64, 65, 71, 74 беттер

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Время макрух в намазе
Какие виды действий макрух существуют в ханафитском мазхабе и чем они отличаются друг от друга; в какое время порицается совершать обязательную и желательную молитвы - об этом пойдёт речь в ...
1 965
6
17 сентября, 18
Image
Можно ли совершать масх на резиновые сапоги?
Вопрос: Можно ли протирать ботинки или резиновые сапоги (вместо мытья ног) во время омовения?...
2 308
2
16 апреля, 18