Image
Марқұмды жоқтауға бола ма?
Сұрақ: Неге кейбір кісілер марқұмның артынан жылап, жоқтауға болмайды деп айтады? Мысалы, егер бір адамның жақыны өмірден озса, ол жыламауы керек пе?...
4 230
8 января, 16

Марқұмды жоқтауға бола ма?

4 230
8 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Марқұмды жоқтауға бола ма?
Сұрақ: Неге кейбір кісілер марқұмның артынан жылап, жоқтауға болмайды деп айтады? Мысалы, егер бір адамның жақыны өмірден озса, ол жыламауы керек пе?
 
Жауап:
 
Марқұмның артынан жылауға әрине болады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірден озған я болмаса өлім аузында жатқан адам үшін жылағаны жайлы көптеген хадистер жеткен.
 
Мысалы мынадай төмендегі хадистер:
 
Әнәс ибн Мәлік (Алла одан разы болсын) былай жеткізеді:
 

«Біз Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге ұлы Ибраһимнің (Пайғамбардың ұл баласы) сүт анасының әкесі, ұста Әбу Сайфқа бардық. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ибраһимді сүйді де, оны иіскеді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Ибраһим өлім аузында жатқанда оны көруге қайта бардық. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзінен жас аға бастады. Бұған таңқалған Абдуррахман ибн Ауф (Алла одан разы болсын) сұрайды: «Иә, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), тіпті сіз де жылап отырсыз ба?»


Алла Елшісі былайша жауап береді: «О, Ауф, бұл – мейірімділік». Сосын ол одан да қаттырақ жылап: «Көздер жылайды, жүрек сыздайды, бірақ біз Алла разы болатын сөздерден басқа еш нәрсе айтпаймыз. Уа, Ибраһим, сенің (бізден) кеткеніңе қайғырып отырмыз». (Сахих Бухари, хадис 1303, Сахих Муслим, хадис 2315).

 

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Зейнеп (Алла одан разы болсын) оған былай деп хат жібергенін Усама ибн Зайд (Алла одан разы болсын) жеткізуде: «Балаларымның бірі өлім аузында жатыр, бізге келіңізші».

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған сәлем жолдап, былай дейді: «Алла оны алып кетуде; Ол (бізге) берген нәрсенің барлығы Оған тиесілі. (Дүниедегі) барша нәрсенің мерзімі бар, сол үшін сауапқа деген үмітпен сабырлық танытуымыз керек».
 
Біраз уақыт өткен соң Зейнеп бұлтартпастан қайтадан әкесінің келуін сұратып, кісі жібереді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тұрып, Саъд ибн Убада, Мұғаз ибн Жабал, Убай ибн Каъб, Зейд ибн Сәбитпен (Алла олардан разы болсын) бірге оған барады. Баланы Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келгенде ол жылап жібереді. Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көздерінен жас ағып отырғанда Саъд (Алла одан разы болсын): «О, Алланың  Елшісі, бұл не?» деп сұрайды.
 
Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл құлдарының жүректеріне Алла нәсіп қылған мейірімділік. Алла [басқа адамдарға] мейірім болған құлына мейірімділік етеді», - дейді. (Сахих Бухари, хадис: 1284 Сахих Муслим, хадис: 923)
 

Саъд ибн Убада науқастанып қалғанын Абдуллаһ ибн Омар (Алла ол екеуінен разы болсын) хабарлайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдуррахман ибн Ауф, Саъд ибн Әбу Уаққас және Абдуллаһ ибн Масғұдпен (Алла олардан разы болсын) оның халін білуге келеді. Олар келгенде Саъдтың жақындары оны қоршап қасында отыр еді, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардан былай деп сұрады: «Ол өліп кетті ме?». Олар: «Жоқ, иә, Алланың Елшісі» –  деп жауап қатады.
 

Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жылайды, оны көрген қасында отырған адамдардың барлығы да қосылып жылайды.
 
Сосын Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Тыңдаңыздар, Алла (адамдарды) көздеріндегі жасы я болмаса жүректеріндегі қайғысы үшін жазаламайды, алайда Ол, міне, мынау үшін жазалайды не кешіреді», –  деп, тілін көрсетеді. (Сахих Муслим, хадис 924, және Сахих Бухари, мазмұнында сәл өзгерістер бар, хадис 1304)

 

Жоғарыдағы келтірілген хадистер арқылы марқұмның артынан да, оны еске алуда да жылауға болатындығын түсінеміз.

 
Алайда келесі келтірілген хадистер бойынша қатты бақырып жылап, айқайлауға болмайды:
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын Омар (Алла одан разы болсын) жеткізуде:
 

«Өлген кісіге оның артынан өкіріп жылаған үшін қабірде азап болады (Сахих Бухари, хадис 1292 және Сахих Муслим, хадис 927).


Омар (Алла одан разы болсын) былай деп айтқан:
 

«Халид ибн Уалидтің (Алла одан разы болсын) қыздарына оны жоқтап жылауларына кедергі етпеңдер, егер олар өз бастарына құм сеуіп, айқайламайтын болса». (Сахих Бухари жинағының кіріспесінде 1291 хадистің алдында)

 

Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мәһр қандай болуы тиіс?
Мәһрді қай кезде берген дұрыс: неке қиылған сәтте ме әлде одан кейін бе? Мәһр жайлы шешім қалай қабылданады? Оның мөлшері қандай болуы тиіс?...
5 190
28 августа, 15
Image
Ханафи мәзһабы бойынша сапардың арақашықтығы қалай есептеледі?
Ханафи мәзһабының бастапқы жағдайы бойынша адам сапарға шығу (саяхаттау) мақсатымен, қашықтығы үш күндік жолға шығып, өзінің тұрғылықты қала немесе ауылдық жеріндегі соңғы тұрғын жайлардың а...
4 047
13 мая, 15