Image
Менің сақалға деген құрметімнің 7 себебі
Мен сақалымды мақтан тұтамын. Мен еш тәкаппарланып жатқаным жоқ, айтайын дегенім, сақал жібергенім үшін еш ұялмаймын. Кемелдікке жеткен ...
8 384
1
1 октября, 14

Менің сақалға деген құрметімнің 7 себебі

8 384
1
1 октября, 14
АВТОР ЦИКЛА
Менің сақалға деген құрметімнің 7 себебі
1. Мен сақалымды мақтан тұтамын. Мен еш тәкаппарланып жатқаным жоқ, айтайын дегенім, сақал жібергенім үшін еш ұялмаймын. Кемелдікке жеткен  себебімнен емес, тек оны жіберген адамдарға ұқсау үшін өсірдім. Бұл Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан, мен оған еліктеймін. Мен оны үлгі тұтатамын. Мұса, Иса және т.б. пайғамбарларда (әлейһим сәләм) сияқты менде де сақал бар.


2. Мен бұл істі уәжіп деп ойлаймын. Мен бұны экстремист болғанымнан емес, көптеген ислам ғалымдары мен мектептеріне сүйеніп айтамын. Дегенмен, бұл дәрежемді сіздерден жоғары етпейді, керісінше, көбілеріңіздің дәрежелеріңіз менен жоғары.


3. Сақал өсіру дінімізде ең маңызды іс деп ойламаймын.  Дегенмен, бұл істің еш маңызы жоқ дегенге де сенбеймін. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) маңызды емес істерге көңіл бөлмеген еді.

4. Сақалыңыздың ұзындығы қандай? Өз басым орташалықты ұстанамын. Мен оның шексіз өсе беруі дұрыс деп ойламаймын. Ибн Омар мен Әбу Хурәйрәдан жеткізілген хадисте, сақал жұдырықтан үлкен болғанға дейін өсіруге жол берілгендігі айтылған.  Сондықтан сақал қоюда мен хәнафи мазхабын ұстанушымын.

5. ӘлхамдулиЛләһ сақалды 20 жасымда жіберіп, оны еш алған емеспін. Бұл маған әрдайым  жеңіл болған жоқ. Туысқандарым қарсы болып, жұмыс таба алмайтынымды айтты. Алайда, Алла тағаланың құдыреті шексіз, менің жақсы жұмысым бар. 

6. Ең өкініштісі, сақалды өзіміздің мұсылмандардың мазақ еткені. Кейбір мұсылмандардың оны «сыпырғыш» деп айтқанын естіп, мен: «Ұялмайсыздар ма? Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  өзі сақал қойғанын білмейсіздер ме?»-дедім. Сақал қою немесе қоймау, әр адамның жеке ісі. Сақал өсіретіндерді мазақ ету дұрыс емес. Сонымен қатар, оны алып тастайтындарды да айыптауға болмайды. Баршаға құрмет!   

7. Менің ойымша, егер оны жақсылап күтсе, ол адамды көрікті етеді. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) шаштарың болса күтіндер («оларға мейірімді болыңдар» ) деген. Егер сақал өсіруді жөн көрсеңіз, оған жақсылап көңіл бөліп, өз бетімен өсе беруіне жол бермей,  үңгірдегі адамға ұқсаудан аулақ болыңыздар.

Ал сіз, қандай сақалды жөн көресіз?
 


 

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Адамды Алла разылығы үшін зиярат ету
Қазіргі қоғамда эгоцентризм, яғни, адамдардың тек өзін ғана ойлап, қара басының қамын жеуі, басқа адамдарды, олардың қажеттіліктерін елем...
4 018
23 февраля, 18
Image
Әдепті жан – бақытты,  әдепсіз адам – бақытсыз
Құран мен хадистерде әдептіліктің, инабаттылық пен көркем мінезді болудың маңыздылығы бірнеше мәрте айрықша атап өтіледі. Әр жанұяда өмір...
3 113
19 февраля, 18

Комментарии: 1

Правила форума
Avatar
Kuaniysh
4
альхамдулилЛях менде осы сақалымды Аллах ризалыгы ушін өсіремін, бірақ кей кезде менің бір түсінбейтін жәйттар бар, мысалыға, сақал өсіру пайғамбарымыздың сүннеті(кей ғалымдар уажіп деп жатырса, кей ғалымдар парыз дәрежесіне көтеріп жатырады) бірақ біз орташа көз қараспен алсақ сақал өсіруді суннет деп алайық, яғни өсіремін деген ниеті болса өсірсін деген пікірді, тақырыптан кетпей айтқым келгені, неге осы имамдардың басым бөлігі сақал өсірмейді? Мәселен әр жұмысшының өзіне тиесілі ережесі болады, бір маман иегерлері жұмыс барысымен ақ көйлекпен жүруге міндетті болса, бір маман иегерлері Аллах-қа қалай құлшылық етуді үйретеді, яғни біз имам ағаларымыздан пайғамбарымыз жайлы тануымыз керек емеспе? Барлық имам деп жатырғаным жоқ, Аллах одан сақтасын, бірақ менің ойымша, имам ағаларымызға қарап пайғамбарымыздың тәлім-тәрбиесін алуымыз керек емеспе? Бұл айтып отырғаным, кезінде бір адаммен жолда журіп бара жатыр едім, сонда айтады бұл сақалың не деп, адасқан жолда шығарсың деп айып тақты, кейін айтып отырдым бұл пайғамбарымыздың қалдырған суннеті еді деп, сонда әлгі жолаушының айтқаны, сен не имамдардан артық білесің ба? деп сурағаны бар, неге олай айтасыз дегенімді қанша имамды коремін сакалдарын кырып алып қойғанғо деп үн қатты. Жаным қатты ашыды, егер осы жолаушыға кезінде сақалы бар имам кездескендеғой, сақал өсірген пайғамбарымыздың үмметінен болуды аңсаған мұсылман бауырларымызды адаскан қауым деп ойламас еді!
10 октября, 14