Image
Мешітте екінші жамағаттың болуының қалаулы еместігі
Сұрақ: Мешітте парыз намазды бөлек жамағат болып оқудың қалаулы еместігі жайлы хадистер бар ма? Мысалы, бір топ адам екінті намазын мешітте жамағатпен оқыды. Біраз уақыттан соң тағы бір топ ...
3 230
4 марта, 16

Мешітте екінші жамағаттың болуының қалаулы еместігі

3 230
4 марта, 16
АВТОР ЦИКЛА
Мешітте екінші жамағаттың болуының қалаулы еместігі
Сұрақ: Мешітте парыз намазды бөлек жамағат болып оқудың қалаулы еместігі жайлы хадистер бар ма? Мысалы, бір топ адам екінті намазын мешітте жамағатпен оқыды. Біраз уақыттан соң тағы бір топ келіп, екінші жамағат болып оқыды. Ханафи әлімдеріне сай, бұл қалаулы емес. Олай қайда айтылған?
 
Жауап:
 
1. Әбу Һүрәйра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды:
 

«Шынында, менде біреуге мешітте намазды жамағатпен өткізуді тапсырып, ал өзім жамағат намазына келмегендердің үйлерін аралап, өртеу деген ниет болды» (оларға соншалықты ашуланғаны). (Сахих Бұхари, 2420 хадис және Сахих Мұслим, 1481хадис).

Мухаддис Зафәр Ахмад Османи (оған Алланың рақымы болсын), былай түсіндіреді:
 
«Екінші жамағат рұқсат болғанда, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазды жамағатпен оқуға келмейтін адамдарды үйлерін өртеумен қорқытпас еді, өйткені оларда жамағатпен оқыған намаздың сауабын кейінірек алуға мүмкіндік болар еді». (Иләус-Сунан, 4 том, 278 бет).
 
2. Сахаба Әбу Бәкр (оған Алла разы болсын) былай жеткізеді: Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиненің шетінде орналасқан мешітке келіп, сахабалар жамағатының намазды аяқтағанын көреді. Сондықтан ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне оралып, үй ішіндегілерін жинап, солармен намаз оқыды [мешітте емес, үйде].
 
(Әл-Мұжәмүл Кәбир. Һәйсәми ғұлама (оған Алланың рақымы болсын) хадистің хабарлаушыларын сенімді деп атаған, Мәжмәүз-Зәуәид, 2 том, 45 бет).
 
Намазды екінші жамағат болып мешітте өткізуге болғанда, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны үйінде емес, мешітте өткізер еді.
 
3. Имам Шәфиғи (оған Алланың рақымы болсын) былай деген:
 
«Намазды екінші жамағатпен мешітте оқуды қалаулы емес деп санаған жалғыз себебім – біздің алдымыздағыларда ондай әдеттің болмағаны. Шынында, олардың кейбіреулері оған тіпті тыйым салған». (Китәбүл Умм, Иләус-Сунан, 4 том, 283 бет)
 
Жоғарыда келтірілген себептермен, фиқһ имамдарының көбісі бұл әдетті қалаулы емес (мәкрүһ) деп жариялаған.
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Истихара намазын дұрыс түсіну»
Адамдардың көбісі истихараның мағынасын түсінбейді. «Истихара» сөзі «хайыр» сөзінен шығып, «Алладан қайыр тілеу» дегенді білдіреді. Осылайша, бұл Алла Тағалаға шешімімізді қабылдап, бізге ос...
1 891
3 марта, 16
Image
Әйел намазда басқа әйелдерге имам бола алады ма?
Сұрақ: Білуімізше, әйелдердің бөлек жамағаты рұқсат емес, дегенмен, Айша мен Умм Саләма аналарымыз (оларға Алла разы болсын) намазда әйелдерге имам болған деген риуаяттар бар. Бұл екеуін қал...
2 748
25 февраля, 16