Image
Мұхаррам айы мен и Ашура күні: сұрақтар мен жауаптар
Алайда, бұл аймен жалған тәжірибелерді де байланыстырады. Араб жазирасында Мухаррам айында тұрмыс құру бақытсыздыққа соқтарыды деген сияқты ырымдар кең тараған еді. Шиға мұсылмандары Ашура к...
7 806
22 сентября, 17

Мұхаррам айы мен и Ашура күні: сұрақтар мен жауаптар

7 806
22 сентября, 17
АВТОР ЦИКЛА
Мұхаррам айы мен и Ашура күні: сұрақтар мен жауаптар
The Jamiatul Ulama
Источник:
THE JAMIATUL ULAMA

The Council of Muslim Theologians

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Мухаррам айының бірі күні (21 қыркүйек 2017 жылы) хижри жыл санағы бойынша жаңа, 1439 жыл басталады. Бұл айдың атауы «тыйым салынған» («харам» сөзінен), деп аударылады. Мухаррам айы соғыс қимылдарын бастап, жүргізуге тыйым салынған төрт айлардың бірі болған.

Бұл айдағы ең маңызды күн – 10-шы, Ашура күні. Бұл күнді мұсылмандар ерекше құрмет тұтып, ораза ұстайды. Сонымен қатар, отбасы мүшелеріне ерекше жомарттық танытып, қонақ күткен абзал.

Алайда, бұл аймен жалған тәжірибелерді де байланыстырады. Араб жазирасында Мухаррам айында тұрмыс құру бақытсыздыққа соқтарыды деген сияқты ырымдар кең тараған еді. Шиға мұсылмандары Ашура күні қасірет шегу рәсімін өткізеді – фанатизмге ерекше берілгендері Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), немересі имам Хусейн мен оның сахабаларының (оларға Алла разы болсын) Кербеледе қаза болуларын атап өтіп, өз-өздерін зақымдап жатады. Бұндай амалдардың шариғатқа сай емес және дініміз оларды құптайматындығын есте сақтау керек.

Бұл айдың артықшылықтары мен ерекшеліктері жайлы осы мақаладан біле аласыз.
 
Ислам күнтізбесінің бірінші айы қалай аталады, және ол атау нені білдіреді?
 
Мұхаррам – мұсылман ай күнтізбесінің бірінші айы, «мұхаррам» сөзінің мағынасы «тыйым салынған» дегенді білдіреді. Бұл ай тіпті исламға дейінгі дәуірде де қасиетті саналып, оның уақытында соғыс пен қантөгіс бастауға тыйым салынған.
 
Құран мен хадистерде қандай төрт ай жайлы айтылған?
 
Құранда былай айтылған:
 
«Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» (9:36).
 
Тура хадистерде көрсетілгендей, ол айлардың ішіне Зүл-Қағда, Зүл-Хижжа, Мұхаррам және Шағбан кіреді. Бұл айлардың қасиеттілігі алдынғы пайғамбарлардың шариғатында да ұсталған.
 
Мұхаррам айының қай күні ең маңызды болып саналады?
 
Мұхаррам айының  Ашура деп аталатын10-шы күні.
 
Бұл күні Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қандай ерекше әрекеттер жасаған?
 
Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл күні ораза ұстаған. Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) айтуынша, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мединеге келгенде осы күні ораза ұстаған, және сахабаларына да осылай істеуді бұйырған.
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уақытында қандай басқа жамағат Мұхаррам айының 10-шы күнінің оразасын ұстаған, және неліктен?
 
Ибн Аббастың (оған Алла разы болсын) хабарлауынша, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мединеге кіріп, яһудилер бұл күні ауыз бекітетінін білгенде олардан:
 
«Сендер ауыз бекітіп жүрген не күн?» - деп сұрапты. Олар: «Бұл –Алла Тағала Мұса пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) және оның үмбетін құтқарып, перғауын мен оның әскерін суға батырған күн. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға алғысы ретінде осы күні ораза ұстаған, сол үшін біз де бұл күні ораза ұстаймыз», - деп жауап беріпті. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сонда: «Біз Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) еруге сендерден де лайықпыз, және біз оған сендерден де жақынбыз»,- деген екен. Осыдан кейін ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл күні ораза ұстап, сахабаларына да осылай істеуге бұйырған (Муслим, Әбу Дәуд).
 
Ашура күнінің қасиеттелігі мен маңыздылығының Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Хұсейіннің (оған Алла разы болсын), азапты өліміне қатысы бар ма?
 
Мұхаррам айының 10-шы күнін адамдардың көбісі жаңылысып Хұсейіннің (оған Алла разы болсын) азапты өліміне арналған қара күн деп санайды. Имам Хұсейіннің (оған Алла разы болсын) азапты өлімі, шүбәсіз біздің тарихымыздың ең қайғылы оқиғасының бірі. Алайда, Ашура күнінің қасиеттілігі бұл оқиғаға байланыса алмайды, себебі бұл күннің қасиеттілігін Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хұсейіннің(оған Алла разы болсын) дүниеге келуіне едәуір уақыт бұрын белгіліген. Керісінше, Хұсейіннің (оған Алла разы болсын) Ашура күні азапты қаза тапқаны оның абыройы болып саналады. Ашура күнінің қасиеттелігі алдағы өткен пайғамбарлардың шариғатымен де белгіленген.
 
Ашура күні (шиғалар жасайтындай) көшеде болатын шерулер үшін «тағзия» (ағаштан жасалған тұғыр секілді Кербела азапкерлерінің кесенелері) дегенді орнату болады ма?
 
Жоқ, ондай заттар жасауға болмайды. Ибн Маджаның хадистер жинағанда Имран ибн Хасан (оған Алла разы болсын) хабарлағандай, бір күні Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар сыртқы киімдерін шешіп, аза ретінде басқа (айрықша) жейде кигендерін көрді. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұған өте наразы болып, бұл жәһилият кезеңінің салтын жою керек деген. Бұл хадистен ерекше рәсім жасау, айрықша киім кию немесе басқа бір жолдар арқылы қара жамылуға тыйым салынғаны анық.
 
Мұхаррам айында некелесуге болады ма?
 
Бұл имам Хұсейіннің қайғылы оқиғасы салдарынан Мұхаррам айы жамандық пен бәлекет айы дейтін тағы да бір әбестік. Осы қателесу кесірінен адамдар бұл мезгілде некелесуден қашады. Бұндай ырым – Ислам бәлекет айлар мен күндер деген ұғымдардың барлығын жойды деп айтқан Құран мен Сүннетке қарама-қайшы келеді. Қандай да болсын әйгілі адамның өлімі ол күнді болашақта әрдайым сәтсіз етеді деп санаса, жылда сәтті бос күн табылмас, себебі күн сайын біреулер қайтыс болады, оның арасында беделдісі де бар, тақуасы да бар. Ондай ырымдардың барлығын назарға лайық еместей ұмыту керек.
 
Имам Хұсейіннің (оған Алла разы болсын) атына жоқтау айтып, қаралы рәсімдер өткізу рұқсат па?
 
Жоқтау және имам Хұсейіннің (оған Алла разы болсын) азапты өліміне арнап әр түрлі қаралы рәсімдер өткізу –бұл да жаңылыс дағды. Кербеладағы оқиға біздің тарихымыздың ең қайғылы оқиғасының бірі болып табылады, алайда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да болсын адамның өлімін қаралы рәсімдермен өткізуге тыйым салды.

Жәһилият (надандық) кезінде қайтыс болған адамдардың туыстары мен бауырлары дауыстап жылап, өз киімдерін жыртып, беті мен кеуделерін тырнап жоқтайтын әдеті болды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға бұның бәрін істеуге тыйым салып, қайғы кезінде «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиғун» деп, сабыр сақтауды бұйырды.

Бұл жөнінде тура хадистер көптік. Олардың бірінде:
 
«Жәһилият адамдары секілді өзінің бетінен ұрып, киімін жыртып, айқайлайтындар біздің жамағатымыздын емес», деп айтылған.
 
Қайғыны олай білдіру тыйымды екеніне барлық әлімдер бірауыздан келіскен. Имам Хұсейіннің өзі (оған Алла разы болсын) ажалының алдында ғана сүйікті қарындасы Зейнепке (оған Алла разы болсын) оның өлімін олай жоқтамауына кеңес берген. Ол оған:
 
«Сүйікті қарындасым, мен қаза тапсам, сен киіміңді жыртып, бетіңді тырнап, біреуді қарғап немесе өзіңнің өліміңді тілемеуің керек», - деген.
 
Яғни, оның атына жасалып жатқан сондай рәсімдерді тақуаның өзі айыптаған. Әр мұсылман ондай тұрмыстан аулақ болып, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен оның сүйікті немересі имам Хұсейіннің (оған Алла разы болсын) өсиеттерін ұстану керек.
 
Ашура күні қандай амал таңдаулы және рұқсат етілген болып саналады (Мұхаррам айының 10-шы күні)?
 
1. Бұл күні ораза ұстау мұстахап (ұнамды) саналады.

2. Сондай-ақ, мүмкіншілікке қарай өз жанұясының қажеттілігіне (басқа күндерден) молырақ жұмсау рұқсат етілген (мұбах) болады.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Ережеп айының айрықша оқиғалары
Барша халықтардың тарихында елеулі оқиғалар, елеулі күндер, апталар және айлар бар. Мұсылмандардың да тарихы да сондай. Біздің тарихымыз еске алуға тұрарлық оқиғалар мен құбылыстарға бай. ...
7 517
23 марта, 18
Image
Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар
Əссəлəумағалейкум уə рохматуллаһи уə бəрəкəтуһ, құрметті бауырлар мен əпке-қарындастар! Алланың қалауымен 2018 жылдың 18 наурызында мүбәрак Ережеп айы басталды, осыған орай, жиі қойылатын сұ...
14 624
19 марта, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мұхаррам айы мен Ашура күні туралы
Мұхаррам — мұсылмандардың хижра бойынша ай күнтізбесін бастайтын айы. Биылғы жылы Мұхаррам айының бірінші күні 21 қыркүйекке түседі деп күтілуде. Бұл – Қасиетті Құранда айтылған қасиетті төр...
35 141
21 сентября, 17
Image
31-ші тамыз – Арапа күнгі ораза
Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жа...
36 989
1
29 августа, 17