СТАТЬИ

Мұса пайғамбар(оған Алланың сәлемі болсын) және өлім періштесі
Сұрақ: Өлім періштесі Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жанын алуға келгенде, ол оны ұрып көзін ағызғаны туралы хадис бар ма...
Мұса пайғамбар(оған Алланың сәлемі болсын) және өлім періштесі
Сұрақ: Өлім періштесі Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жанын алуға келгенде, ол оны ұрып көзін ағызғаны туралы хадис бар ма?
Жауап:
Бұл риуаят имам Бұхаридің (1339, 3407) және имам Муслімнің (2372) хадис жинақтарында келтіріледі.
Түсініктеме берушілер бұл хадисті былай түсіндіреді:
Өлім періштесі Мұса пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) жанын алуға емес, оның өлім күнін айту үшін адам кейпінде келеді. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) оның үйіне әлдеқандай адам рұқсатсыз кіргісі келіп тұр деп ойлап, оны көзінен ұрады (өйткені ол оның расында кім екенін білмеді). Себебі мұсылманда өз үйіне рұқсатсыз қарайлап тұрған қызыққұмар адамның көзінен ұруға хақы бар.
(имам Нәуәуидің Әл-Минхажы, 6101 хадис және Фатхүл Бәри, 3407 хадис)
Ал Алла Тағала жақсы біледі.
ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Періштелер Алланы еске алатын жерде жиналады
Сұрақ: Адамдар Алланы еске алу үшін және дін ілімін (мысалы, ислам дәрістерін) алу үшін жиналатын жерлерді періштелер қоршайды деп көп ре...

Сиыр еті ауру туғызады ма?
Сұрақ: «Сиыр сүті емдейді, ал еті ауру туғызады» - деген хадисті қалай түсінуге болады?...
Комментарии: 0
Правила форума