Image
Мүфти Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри: «Исламда отбасылық озбырлыққа орын жоқ»
Көптеген ғалымдар, қоғам қайраткерлері және басқа да мүдделі тұлғалар біздің қоғамымыздағы отбасыларда әйелге көрсетілетін озбырлық мәселесін қайта-қайта көтеріп жүр. Бұл дұрыс та. Мен де ос...
2 343
7 апреля, 16

Мүфти Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри: «Исламда отбасылық озбырлыққа орын жоқ»

2 343
7 апреля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Мүфти Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри: «Исламда отбасылық озбырлыққа орын жоқ»
Көптеген ғалымдар, қоғам қайраткерлері және басқа да мүдделі тұлғалар біздің қоғамымыздағы отбасыларда әйелге көрсетілетін озбырлық мәселесін қайта-қайта көтеріп жүр. Бұл дұрыс та. Мен де осы жайлы көптеген дәрістерімде, шығармаларымда айтып жүрмін, және айтуды жалғастыра бермекпін.
 
Алайда, біз осы әңгімелерімізде ер адамның зорлық-зомбылыққа ұшырауы туралы сирек айтамыз. Өзімнің отбасылық кикілжіңдерді (шешумен) айналысып келе жатқан он шақты жылдық тәжірибем бойынша, әйел тарапынан да ер адамға деген нашар қарым-қатынас жиі орын алатынын байқадым. Еркектер бұл жайлы біреуге айтуға ұялғандықтан, көбіне үнсіз киналып жүреді.
 
Көп жағдайда бұл зомбылық түрі сөзбен келтіріледі. Жақында бір жігіт менің алдыма келіп, әйелінің оны ылғи балағаттап, қарғайтынын айтып жыларман болды. Әйелі болмашы нәрсеге: «Тезірек өліп қалсаң екен!», «Сен тозаққа түссең еді!», «Сені айықпас дертке шалдықсын деп тілеймін, иншаАлла!» - деп айтатын көрінеді. Сәті келіп қалса, оның туыстарын да сөгеді екен. Мен бұл әйелді науқас деп ойладым. Алайда, ол екеуі де өмірлерінің басқа тұстарында ақыл жүгіртетіндерін айтты.
 
Осыдан бірнеше жыл бұрын бір бауырымыз да әйелімен ажырасуға мәжбүр болды. Ол әйелінің тілінен көп жылдардан бері зардап шегіп келе жатқанын, енді сабыры таусылғанын айтқан болатын. Кейбір келіншектер өздерін әйел жаратылысы болғандықтан, бізге көп нәрсеге рұқсат етілген, ал ер адамдар болса, үндемей, кемшіліктерімізге сабыр етулері керек деп  есептейді. Шынында, әйелдер сезімтал, өзін-өзі бақылап ұстаудан оңай ажырап қалып жатады, бірақ бұл оларға күйеулеріне тіл тигізіп, ренжіте беруге болады дегенді білдірмейді. Тілдің күнәлары адамды тозаққа оңай түсіреді, сондықтан, тілдеріңізді бақылауда ұстауға тырысыңыздар – бұл еркектерге де, әйелдерге де қатысты. 
 
Еркектерге зорлық-зомбылық эмоциялық, психологиялық түрде де көрсетілуі мүмкін. Мен әйелдер күйеулерінің балаларына деген махаббатын пайдаланып, оларды бопсалайтын жағдайлармен де кездескенмін.
 
Кей жағдайларда әйел күйеуіне күш қолданып шабуыл жасауы мүмкін. Естуімше, кейбір әйелдер күйеулеріне ыдыс немесе басқа да өткір заттар лақтырады екен. Бірнеше жыл бұрын мен АҚШ-та отбасылық озбырлық жайында дәріс оқып, уағызымда күнделікті көріп жүргенімдей, әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа көбірек көңіл бөлдім. Дәрістен соң мешіттің имамы – мысырлық адам, маған келіп, оның мешітінің жамағаты арасында әйелдерге қарағанда ер адамдарға деген озбырлық басым келетіндігін айтты. Бұндай әңгімелерді мен басқа елдерде де естіген едім.
 
Соңында айтарым, біз, озбырлықтың қай түріне болмасын, мейлі ол әйелге қарсы немесе еркекке қарсы болсын, тойтарыс беріп, онымен күресуіміз қажет. Исламда озбырлыққа орын жоқ. Алла қиналып жүргендердің ісін жеңілдетсін. Әмин.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Ажырасқан әйелдерді кемсітпеңдер»
Мен бұл жайлы әлдеқайда айтып өткенмін, бірақ тағы да айтқым келеді. Ажырасқан адамдарға деген қатынас мені өте қынжылтады – әсіресе біздің мұсылман елдері мәдениетінде қалыптасқан әйелдерге...
3 283
25 января, 16
Image
Исламдағы ананың орны
Қымбатты бауырлар мен қарындастар, сіздерге Алланың мейірімі мен рақымы болсын. Аллаға шүкір деп, бүгін барлығымыздың бас қосуымызды нәсіп еткен Жаратушымызға сансыз мадақтар айтамыз. ...
7 644
16 декабря, 14