Image
Мүфти Сухайл Тармахомед: ТМД мұсылмандарына үндеу және Рамазанның соңғы онкүндігін қалай өткізу керектігі жайында кеңестер
Сіздерді Алланың қалауымен тағы бір Қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін және алдағы келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтағым келеді....
9 358
27 июня, 16

Мүфти Сухайл Тармахомед: ТМД мұсылмандарына үндеу және Рамазанның соңғы онкүндігін қалай өткізу керектігі жайында кеңестер

9 358
27 июня, 16
АВТОР ЦИКЛА
Мүфти Сухайл Тармахомед: ТМД мұсылмандарына үндеу және Рамазанның соңғы онкүндігін қалай өткізу керектігі жайында кеңестер
Сухайл Тармахомед
Автор:
СУХАЙЛ ТАРМАХОМЕД
Azan.kz
Источник:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Құрметті Ресей, Қазақстан және өзге де бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердегі бауырлар, әпке-қарындастар!

Әссаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Сіздерді Алланың қалауымен тағы бір Қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін және алдағы келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтағым келеді. Алла Тағала жасаған ғибадаттарымызды қабыл алып, алдымыздағы Рамазанның соңғы он күндігін ерекше бағалап, құлшылықпен өткізуге күш-жігерімізді арттырсын деймін! Әмин.
 
Әрине, Рамазан өз алдына сауабы мол ай, бірақ, оның ішіндегі соңғы он күнінің алар орны тіпті ерекше. Дәл осы он күннің ішінде Құранда айтылған, мың айдан да қайырлы болған бір түн бар.

Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) айтуынша, Алла Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазанның соңғы он күндігі кіргенде әдеттегісіне қарағанда уақытының көбін ғибадатқа арнайтын, отбасын түнгі құлшылыққа оятып, түндерін Аллаға ғибадат етумен өткізетін (Сахих Бұхари, хадис 2024).

Біз де бұл айдың әрбір мезетін бағалауымыз тиіс, өйткені, Рамазан – өмірімізді жақсы жаққа өзгерту үшін таптырмас мүмкіндік. Дәл осы Рамазан айында өзімізді өзгертуге ұмтылмасақ, онда басқа қай кезде өзгере алмақпыз?!

Қасиетті айдың соңғы он күнін барынша пайдалы өткізу үшін, төменде келтірілген мына кеңестерді әрқайсысымыз қаперде ұстағанымыз жөн:

Алладан өміріңізді жақсы жаққа өзгертуін және Қасиетті Рамазан айында сауапқа молынан кенелтуін тілеңіз.

Сіз үшін Рамазанның әрбір күні – Рамазанның соңғы күніндей болсын. Бүгін Рамазанның 29-шы әлде 30-шы, яғни, соңғы күні делік, сіз осы күнді және түнді қалай өткізер едіңіз? Әлбетте, әрбір минутыңызды бағалап, Алладан дұға тілейтін едіңіз, Құран оқып, зікір етіп, намаз оқисыз, жақсылық жасап, адамдарға көмектесер едіңіз, себебі, бұл Рамазанның соңғы күні болғасын, сіз оның құндылығын ескересіз. Сонымен бірге, күнә атаулыдан сақтанып, Құран оқыңыз, тіліңіз зікір етуден босамасын.

Құран сіздің ең жақсы серігіңізге айналсын. Жақсы орталардан табылудың пайдалы екенін бәріміз білеміз, ал, Құран оқылатын ортадан асқан қандай керемет орта бар? Рамазан – Құран айы, сондықтан, өміріміз нұрға бөленсін десек, уақытымызды Құран оқуға арнайық. Осы айда Құран оқуды мықтылап әдет қылыңыз, Алла қаласа, осы әдетке үйреніп кетесіз де, жыл бойы Құран оқитын боласыз.

Намаздарыңызға мұқият болыңыз. Намазға немқұрайлылық танытып, оразаның рухани мәнін бұзып алмаңыз.

Дұғаның қабыл болатын мезгілін жіберіп алмай, Аллаға шын көңілмен жалбарыныңыз. Хадисте айтылғандай, пенденің ауыз ашар алдындағы дұғасы қайтарылмайды. Сонымен қатар, сәресі уақытында да бес минутыңызды бөліп, екі рәкағат намаз оқып, Алладан қажетіңіз бен тілегіңізді сұраңыз. Бұл уақытта Алла Тағала құлдарына бүкіл мейірімін төгіп:
 
«Араларыңда Менен дұға тілейтіндерің бар ма, дұғаларыңды қабыл етейін, Менен кешірімім тілейтіндерің бар ма, кешірімдеріңді қабыл етейін?» -, деп, сұрайды. (Сахих Бұхари)

Соңғы он күндікте мына хадисте келген дұғаны көбірек оқыған абзал:

Мүміндердің анасы Айша (Алла оған разы болсын) бірде Пайғамбарымыздан (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деп сұрайды:
 
«Егер мен Қадір түніне тап болсам, қандай дұға айтқаным жөн?» Сонда Алла Елшісінің (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқаны: 
 
«Аллахуммаиннака афуунтухиббульафуафа’фуанни»
 
«Уа, Алла, шын мәнінде Сен Кешірімдісің, кешіруді ұнатасың, мені де кешіре гөр!»

(Тирмизи)

 

Ораза ұстаудағы мақсат өзіңді тақуалыққа үйретуде жатыр: Алладан шынайы қорқу, Оның бізді әркез бақылап тұрғанын біліп, күнәлі істерге бармау. Ораза ұстасаңыз, оны бір ғана Алла разылығы үшін ұстағаныңызды түсініп, Ол бәрінен хабардар екенін ұғыныңыз. Сонда ыстық күнде сізді ешкім көріп тұрмаған болса да, алдыңыздағы суық судан бас тартып, Алланың әмірін бұзып алудан қорқатын боласыз. Мұндай сезімді, яғни, қорқынышты жыл бойы өз бойыңызда сақтап қалыңыз, сонда Алланың барлық харам еткенінен өзіңізді оңай тыятын боласыз. Егер Рамазанда тіпті бізге рұқсат етілгеннен де бас тарта алған болсақ (ішіп-жем), онда, Алланың кез-келген тыйым еткендерінен Рамазан айынан соң да сақтана аламыз деген сөз.

Бұл айда жомарттылық танытыңыз, дін қамы мен отбасыңыз үшін қолдан келгенді аямаңыз. Алла Елшісі (Оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Рамазан айында құтты бір желдің есуіндей ерекше жомарттық танытатын. (Сахих Мүслім)

Рамазан айының сауапқа толы бұл күндері, Айт мерекесінде, яғни, адамдардың көпшілігінің жүрегі жұмсаратын сәтті пайдалана отырып, отбасылық қарым-қатынасты нығайтып әрі отбасыңыздағылар үшін көп дұға етіңіз.

Алла Тағала Рамазан айының соңғы он күндігінде біздерді мол сауапқа кенелтіп, Қасиетті Қадір түнінің қадіріне жеткендердің қатарынан етуін тілеймін! Әмин.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Муфтий Таки Усмани о месяце Рабиуль-авваль и оживлении Сунны
9 ноября этого года наступил месяц Рабиуль-авваль, третий месяц мусульманского лунного календаря. …В месяце Рабиуль-авваль мы организуем собрания, мероприятия и конференции, чтобы вспомнить ...
7 068
9 ноября, 18
Image
Сохраните свой духовный уровень и после Рамадана
Дорогие читатели. Мы постились, читали Коран, давали милостыню и проводили ночи в молитве перед Аллахом. Мы старались избегать сплетен, клеветы, других грехов, чтобы не испортить свое поклон...
3 867
1
16 июня, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»
Алланың көмегімен біз, Ислам дінін жаңадан қабылдаған орыс ұлтты мұсылман әпке-қарындастарымыздың өздерінің алғашқы Рамазан айы туралы, алғашқы оразалары жайлы және Рамазан айының оларға қан...
8 085
10 июня, 16
Image
Рамазанға 25 ақыл-кеңес «Хуләсатул Кәләм» кітабынан
Өткен күнәларыңыздың кешірілуі үшін Рамазанда Алланың сауабынан үміт етіп, сеніммен ораза ұстаңыз...
15 657
10 июня, 16