Image
Неліктен ханафиттер рукуғтан бұрын және кейін қолдарын көтермейді?
Ханафи мәзһабының шынайы пікірі мынадай: қолды алғашқы тәкбірді айтқанда ғана көтеру керек, намаздың ішінде тағы да көтерудің қажеті жоқ (Хаскафи/Ибн Әбидин, «Радд әл-Мухтар әләәд-дурруль-му...
4 739
4 мая, 15

Неліктен ханафиттер рукуғтан бұрын және кейін қолдарын көтермейді?

4 739
4 мая, 15
АВТОР ЦИКЛА
Неліктен ханафиттер рукуғтан бұрын және кейін қолдарын көтермейді?
Намаз кезінде қолды көкірекке байлау жайлы хабарламаларды (хадистерді) талдау

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен.
 

Ханафи мәзһабының шынайы пікірі мынадай: қолды алғашқы тәкбірді айтқанда ғана көтеру керек, намаздың ішінде тағы да көтерудің қажеті жоқ (Хаскафи/Ибн Әбидин, «Радд әл-Мухтар әләәд-дурруль-мухтар, 1.340, «Булак» баспасы).

 
Мұндай пікір Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла Мәсғуд, Абдуллах ибн Омар сияқты басқа да көптеген үлкен сахабаларынан (Алла оларға разы болсын) риуаят етілген хадистерден алынған. Мәлики мәзһабының да ғұламалары сондай пікірді ұстанады.
 
Рукуғтан бұрын қолды көтеру. Хабарламалардағы (хадистердегі) айырмашылықтар
 
Қолды көтеру жайлы айтылған хадистерді үш түрге бөлуге болады:
 
  • Біріншіден, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғқа барар алдында қолдарын көтергендігі анық айтылған хабарламалар.
     
  • Екіншіден, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазды бастардағы алғашқы тәкбірден (тәкбиратуль-ихрам) басқа кезде намаздың ішінде қолын көтермегендігі айтылған хадистер.
     
  • Үшіншіден, Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазына толық сипаттама беретін хадистер бар. Бірақ, оларда оның алғашқы тәкбірден басқа кезде тағы да қолын көтерген-көтермегендігі айтылмаған.
     
«Рукуғқа бармас бұрын қолды көтеру керек» деген пікірді ұстанатын ғұламалар бірінші топтағы хадистерге сүйенеді. Ал, екінші топтағы хадистерді «рукуғқа бару үшін қолды көтерудің қажеті жоқ» деген пікірдегі ғұламалар арқау етеді. Бірінші топтағы хадистердің екінші топтағы хадистерден гөрі көбірек болып көрінетіндігіне қарамастан, бұл ештеңені білдірмейді. Себебі, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғқа бармас бұрын қолын көтермегендігіне екінші топтағы хадистермен бірге үшінші топтағы хадистерді де дәлел ретінде алуға болады. Баяндаушының қолды көтеру жайлы айтуды қажет деп таппағандығының себебі ─ қолды көтерудің кең таралмағандығы болуы мүмкін. Егер қолды көтеру намаздың маңызды элементі болса, баяндаушының ол туралы жазбауы ақылға сыймайтын дүние. Осылайша, екінші топтағы хадистерге қосымша дәлел ретінде үшінші топтағы хадистерді пайдалану арқылы қолды көтеру керектігі айтылған хадистерге қарағанда «қолды тек қана бір рет көтеру керек» деген пікірді қолдайтын хадистер көбірек болып шығады.
 
Әңгімені ары қарай өрбіту үшін Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын көтергендігі жоқ (орын алмаған) әрекет екендігін түсіну қажет. Әдетте адамдар әңгімелескенде болмаған іс-әрекеттерді айтпайды. Мәселен, біреу мешіттен қайтып келе жатып, жазатайым құлап қалған болса, сол оқиғаны баяндайтын адам: «Пәленше құлап қалды», − дейді. Өйткені, оның құлауы − болған оқиға (шынында да орын алған жайт). Ал, егер дәл сол адам ешқандай оқиғаға душар болмастан, үйіне оралса, ешкім ол жайында: «Пәленше құлаған жоқ», − деп айтпайды. Себебі, бұл − жоқ (болмаған әрекет), орын алмаған дәл сондай жүздеген оқиғалардың бірі.
 
Осы мысалды пайдаланып, біздің әңгімеміздің мәнін – Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын көтермейінше, баяндаушылардың ол жайлы не себепті хабарламағандығын түсіндіруге болады. Егерде ол (қолды көтеру) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анда-санда ғана жасаған әрекеті емес, дағдылы іс-әрекеті болса, хабарлаушылардың ол туралы айтатыны сөзсіз. Осы жерде тамақты тек белгілі бір уақытта ғана ішетін адамды мысалға алуға болады. Егер бір күні ол күнделікті уақытында тамақ ішпей қалса, оның тамақтанбағанын біреу болмаса біреу байқайды. Себебі, белгілі бір уақытта тамақтану − ол үшін «бар әрекет». Бірақ, ол бір кезде болмай қалды. Оның басқа уақытта тамақ ішпегенін ешкім айтпас еді. Өйткені, ол адам үшін басқа уақытта тамақ ішу «жоқ әрекет» болады. Ал, адамдар әдетте ондай әрекеттерді айтпайды.
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын көтергендігі туралы айтылмаған хадистердің де жайы сондай. Ханафиттер өздерінің көзқарасын дәлелдеу үшін оларды да пайдалана алады. Бұл (аталмыш хадистерді қабыл алу) ханафиттердің пікірін қолдайтын хадистердің санын айтарлықтай ұлғайтар еді. Сонда бұл хадистердің саны бірінші категориядағы хадистерден асып түсер еді.
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғқа бармас бұрын қолын көтергендігі туралы хадистер
 
Әдетте бірінші топ дәлелдердің негізгі қайнар көзі ретінде Ибн Омар мен Мәлік әл-Хувайристен (Алла оларға разы болсын) жеткен дәлелдермен келтіріледі. Екі сахаба да Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғқа бармас бұрын қолдарын көтергендігін хабарлаған. Алайда, сонымен бірге, осы екі сахаба да жоғарыда айтылған жеті жағдайда да қолды көтеру жайлы хабарлаған. Бірінші (хадистер) тобына сол екі сахабаның Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы тәкбірде және рукуғқа барарда қолын көтергендігі айтылған және басқа хабарламаларды жоққа шығарған баяндамалары қабылданады.
 
Енді біз Абдулла ибн Омардың (Алла оған разы болсын) хабарламалары жайлы мәселеге кеп жеттік. Намазда қолды бірнеше рет көтеру керек деген пікірді ұстанатындар сол хабарламаларға сүйенеді. Имам Мәліктің (Алла оны рақым етсін) Абдулла ибн Омардан жеткен көптеген хабарламаларды білгендігі белгілі. Оның Нәфи арқылы Абдулла ибн Омарға (Алла оларға разы болсын) алып баратын әйгілі жеткізушілер тізбегі мәлім. Оны әдетте алтын тізбек (сильсиләт әз-захаба) деп атайды. Алайда, бұл (қолды көтеру) мәселесінде имам Мәлік ол хабарламаларды негізге алмаған, Ибн Мәсғудтан жеткен хабарламаларды қабыл алып, қолдарын алғашқы тәкбірде ғана көтерген Мәдинаның тұрғындарының тәжірибесін (таамуль) құп көрген.
 
Екінші мәселе. Ибн Әби Шейба мен имам Тахауи, Мудждахид арқылы Ибн Омардан тағы бір хадисті риуаят еткен. Онда (алғашқы тәкбірді алатын кезден басқа) ешқандай қолды көтеру жайлы айтылмаған. Егер Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолдарын намазда әрдайым көтерген болса, онда неге бұл хабарламада ол туралы айтылмаған?
 
Оның үстіне, қолды көтеру жайлы Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадистер көп болса да, оларда қайшылықтар көптеп табылып жатады. Белгілі бір баяндаушының хабарламаларының мұндай шатасқан, түсініксіз тұстары одан жеткен хабарламаларды қабыл алуға жол бермейді. Әсіресе, олардан әлдеқайда нақты, бірізді басқа хабарламалар болған жағдайда. Мәселен, имам Тахауи «Мушкиль әл-Асарда» айтып кеткен (Ибн Омардан жеткен) сондай хабарламалардың бірінде Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаздың әр қимылында қолын көтергендігі жеткізілген. Ал, оның басқа хадистерінде ол туралы айтылмаған.
 
Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын көтермегендігі туралы хадистер
 
Қазір біз Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тек алғашқы тәкбірде ғана қолын көтергендігі туралы әр түрлі сахабалардан, оның ішінде Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен хабарламаларды келтіреміз.
 
1. Әлқама (Алла оны рақым етсін) Абдулла ибн Мәсғудтың (Алла оған разы болсын) былай дегенін риуаят еткен:
 

«Мен саған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазды қалай оқығанын көрсеткен жоқ па едім? Ол намаз оқығанда алғашқы тәкбірден басқа кезде қолын көтермейтін» (Сунан әт-Тирмизи, 1:59, Сунан ән-Нәсәи, 1:161, Сунан Әбу Дауд, 1:116).

 
Имам Тирмизи бұл хадисті жақсы (хасан) хадистердің санатына жатқызған. Әлләмә Ибн Хазм бұл хадисті сахих дейді (әл-Мухаллә, 4:88). Әлләмә Ахмад Мухаммад Шакир өзінің Сунан әт-Тирмизиге түсіндірмесінде кейбір ғұламалардың бұл хадисті сынға алғандарын теріске шығарып, былай жазған:
 
«Бұл хадистің сенімділігін Ибн Хазм мен басқа да хадис ғұламалары растаған. «Онда кемшіліктер бар» деген мәлімдемелердің барлығы дұрыс емес деп танылды». Ол «Әл-Джаухар ән-накыкат» кітабында бұл хадистің жеткізушілері мен Сахих Муслимдегі хадистердің жеткізушілері бірдей екенін айтқан (Иләус-сунан, 3:45).

2. Әлқама (Алла оны рақым етсін) Абдулла ибн Мәсғудтың (Алла оған разы болсын) былай дегенін риуаят еткен:
 

«Мен сендерге Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазды қалай оқығандығын жеткізбеп пе едім? Ол намаздың басында қолын көтеретін де, содан кейін көтермейтін». (Сунан ән-Нәсәи 1: 158, Иләус-Сунан 3:48).

 
3. Әлқама (Алла оны рақым етсін) Абдулла ибн Мәсғудтың (Алла оған разы болсын) былай дегенін риуаят еткен:
 

«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы тәкбірде қолын көтеретін де, содан соң қайтадан көтермейтін» (Шарх Мәәни-л-Асар 224).

 
4. Абдулла ибн Мәсғуд (Алла оған разы болсын) былай риуаят еткен:
 

«Мен Алла Елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкірмен және Омармен (Алла оларға разы болсын) бірге намаз оқығанда, олар қолдарын намаздың басында көтергеннен кейін көтерген жоқ» (Нәсб әр-райя, 1:526, Мәджму з-зәуәид, 2:101).

 
Жоғарыда келтірілген хадистерге сүйене отырып, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намаз кезінде қолын үнемі көтермеген деген тұжырым жасауға болады. Ибн Мәсғуд, Әли және өзге де сахабалар (Алла оларға разы болсын) Алла Елшісі мен әділ халифтердің әрдайым қолдарын көтергендерін көріп жүрген болса, мұндай хабарламаларды риуаят етпес еді. Сондай-ақ, Ибн Мәсғудтың барлық хабарламаларының бірізділігі мынада: ол хабарламаларда намаздың басында қолды көтеру жайында айтылады да, басқа кезде көтеру туралы айтылмайды.
 
Сонымен қатар, Урва ибн Мурра (Алла оны рақым етсін) былай деген:
 
 «Мен Хадрамаут (Йемен) мешітіне кіргенде Әлқама ибн Уәйлдің әкесінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) рукуғқа дейін және кейін қолын көтергендігін риуаят еткенін естідім. Сол жайында Ибрагим ән-Нәкәға (Алла оны рақым етсін) хабарлағанымда, ол ашуланып, былай деп қарсылық білдірді: «Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көрген адам Уәйл ибн Худжр ғана деймісің? Ибн Мәсғуд пен басқа да сахабалар оны көрмеді деймісің?» (имам Мухаммадтың Мууаттасы, 92).

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Халяла (әйел адамның үшінші талақтан кейін өзге еркекпен некеге тұруы) шешімінің даналығы неде?
Сұрақ: Менің сұрайын дегенім: әйел адамның үшінші талақты алғаннан кейін бұрынғы күйеуімен қайта некеге тұру үшін өзге еркекпен неке қидыруының қисынды негізі бар ма және оның қажеті қанша?...
6 861
8 апреля, 15
Image
Ерлермен қандай жағдайда тілдесуге болады, қандай кезде - болмайды
Сіз теориялық тұрғыдан алғанда тұрмысқа шыға алатын адамдармен сөйлесуге қатаң шектеу қойылады. Алла Тағала ерлер мен әйелдерді бір-біріне тартымды етіп жаратты. Кез келген тілдесу, бір сәтк...
10 591
5
6 апреля, 15