Image
Өмірімізде қайта жаңғыртуға тиісті болған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 12 сүннеті
Бұл мақалада біз, бұл өмірдегі табыстылыққа және ақыретте, Алланың қалауымен сүйікті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ортасында болуға үміт арта отырып, Пайғамбардың (о...
7 593
29 декабря, 15

Өмірімізде қайта жаңғыртуға тиісті болған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 12 сүннеті

7 593
29 декабря, 15
АВТОР ЦИКЛА
Өмірімізде қайта жаңғыртуға тиісті болған Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 12 сүннеті
Мұхаммед Пайғамбарды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйген адамдар ретінде, біз үшін өмірімізде әр сүннет маңызды.
 
Жадымызды жаңарту үшін бір жылдам сұрақ: Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кім болған? Мұсылман ретінде, біз оның әлемді Жаратушының соңғы Елшісі болғанына сенеміз. Оның өмірі – Алла Тағалаға құлшылық ету деген ең маңызды рөлімізбен бірге, өмірді қалай пәк және сыпайы сүру жайында ақырзаманға дейін ұрпақтан ұрпаққа өтетін үлгі.
 
«Сүннет» сөзі Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі мен ілімін баяндау үшін қолданылады. Сүннет – жемісті және табысты өмір сүру үшін бастапқы нұсқау.

Біз кейде сүннетті елемей, «қалай табысты/ақылды/жемісті болуға болады» деп интернеттен іздейміз, ал Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті бізге ондай болу үшін бар асылды берген. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Менің сүннетімді жандандырған мені жақсы көреді. Ал мені жақсы көрген жәннәтта менімен бірге болады». (Тирмизи).

 
Өз пайдамыз үшін ғана емес, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат үшін біз өмірімізді барынша сүннетпен сүргеніміз жөн. Соңғы Елшінің өмірін зерттеуде белсенді болуымыз керек. Адамның өмірі туралы көп білсең, оған деген құрмет көбейе түседі. Дәл солай, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайлы көбірек білген сайын, оған деген махаббатымыз да арта түседі.
 
Бұл мақалада біз, бұл өмірдегі табыстылыққа және ақыретте, Алланың қалауымен  сүйікті Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ортасында болуға үміт арта отырып, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қайта жаңғыртылуға тұрарлық 12 сүннеті жайында талқылаймыз.
 
1. Ерте ұйқыға жатып, ерте тұру
 
Біздің ұйқы кестеміз күні бойы нәтижелі жұмыс істеу қабілетімізде үлкен рөл атқарады. Таң намазынан кейінгі сағаттар ең жарылқаулы уақыттар болып саналады. Күнді таң намазынан бастау сізді күні бойы керемет сезінетін дұрыс райға салады. Дегенмен, ерте тұру үшін ерте жату қажет, себебі денеңізге жеткілікті уақыт тынығу керек.
 
Аиша анамыз (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір салты туралы былай деген:
 

«Ол түнде ерте жататын, және түннің соңғы сағатында тахажут намазына тұрып, артынша таң намазынаң уақытына дейін ұйқысын жалғастыратын» (Бұхари).

 
Күнделікті шаруаларыңызға бой беріп алсаңыз, өте нашар хәлге түсіп, ерте жатып, ерте тұру сізге қиынға соғары сөзсіз. Осының кесірінен сіз ерте тұра алмай, бүгінге жоспарлаған шаураларыңызды бітіре алмай, тағы да кеш ұйықтауға мәжбүр боласыз. Бұл бітпейтін шеңберді бүгіннен бастап үзу қажет. Күнделікті шаруаларыңызды дер кезінде аяқтау үшін, ерте жатып, ерте тұрыңыз.
 
2. Үнемі күлімсіреп жүруге тырысыңыз
 
Ибн Джәз (оған Алла разы болсын) былай хабарлайды:
 

«Алланың Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп күлімсірейтін адамды көрмедім» (Тирмизи).

 
Ғалымдардың жариялаған дәлелдері, күлімсіреудің табиғи депрессияға қарсы гормон серотонинді көбейтіп, күлімсіреген адамды қанағатты ететінін көрсетеді. Біз күлімсіреудің өзімізге және айналымыздағыларға деген күшін жете бағаламаймыз. Ол қатты еліктіріп, айналаңыздағылармен қарым-қатынас орнатуда зор рөл ойнайды. Позитивті ойлау мен қарау жемісті болып, өмірлік мақсаттарыңызға жетуде орны толмас нәрсе. Күлімсіреу –көңіліңізді көтеріп, разы әрі құнды сездіретін жеңіл және оңай іс, өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі күлімсірейтін. Ендеше, бұл керемет сүннетті қолданайық. Әдеттегі бет әлпетіңізге назар аударыңыз: қалыпты түріңіз бақытты ма әлде ылғи жабыраңқы, шаршаған, абыржыған не қапаланған болып  көрінесіз бе? Бұл күнделікті кішкене бір әрекет, алайда тұндырап жүруді азайтады, көбірек күлімсіреп, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тапсырғандай айналаңызға шаттық пен татулық таратып жүріңіз.
 
3. Мисуак қолданыңыз
 
Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін хабарлайды:
 

«Егер үмбетіме қиындық бермейтіндігін білгенімде, әр намаздың алдында мисуак қолдануды әмір етер едім» (Тирмизи).

 
Бұл хадис Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мисуакқа деген көзқарасын көрсетеді. Мисуак «арак» деген ағаштан жасалып, көптеген пайдалы қасиеттерге ие, соның ішінде ауыз қуысындағы көптеген бактерияларды жояды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ему) біздің мисуак қолдануымызды бекер қалаған жоқ, себебі ол ауыз қуысының гигиенасын өте көп көңіл бөлетін. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ему) оянғанда мисуак қолданатыны хабарланған. Тіс деген өте әлсіз мүше болғандықтан, оның зақымдалуы үлкен ауру тудырады, сондықтан бұл сүннет сізді көптеген қолайсыздықтар тудыратын тіс ауыруларынан сақтайды. Мисуакты табу оңай, әрі бағаса қолжетімді, демек бұл сүннетті ұстану қиын емес. Ол ауыз қуысын үнемі таза да балғын ұстайтын табиғи және оңай тәсіл.
 
Абдуррахман ибн Әбу Ғатиқ былай деген: «Әкем маған: «Аиша анамыз Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін келтіре отырып, былай деген:
 

«Мисуак – Алла Тағалаға ұнайтын ауыз тазалау тәсілі»».(Сунан ән-Нәсәи).

 
4. Шашты майлау
 
Жәбир бин Самұраның Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақ шаш туралы сұрағанында, ол:
 

«Егер басыңа май жақсаң, олар көрінбейді», - деді. (Ән-Нәсәи).

 
Май жағуды көбіміз сүннетке санамайды. Бұл хадис Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеті өмірдің әр саласын қамтитындығына ерекше көңіл аударып, ақ шаш көрінбеуі үшін май жағу керек екендігін айтып тұр. Шашты әрдайым майлап тұру оны түсуден және ағарудан қорғап, күшейтетін шаш протеині оны мықты әрі жарқын етеді, мидың тамырлары мен қылтамырларын, жүйкелерді тыныштандырады. Біз бұл мақсатқа жету үшін ақша құртып, шаштараз бен спа-салондарды іздейміз, ал бұл қарапайым сүннет ақша, уақыт пен күшімізді сақтап, сүйікті Пайғамбарымыза (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұқсап өмір сүруге мүмкіндік береді.
 
5. Тамақтануда «үштен бір» ережесін ұстану
 
Миқдам ибн Мәдикәріп (оған Алла разы болсын) айтыпты: «Мен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естідім:
 

«Адам өз асқазаны секілді ешбір жаман ыдысты толтырған емес. Солай бола тұра, бойды жазу үшін бірнеше түйір тағам жеткілікті. Асқазанды толтыру қажет болса, үштен бірін тамақпен, үштен бірін сумен және үштен бірін ауамен толтырсын» (Ибн Маджа).

 
Астың дене мен миға деген қатты әсері жете бағаланбайды. Бұл хадис артық тамақтанудың біз шеттену керек айыпты қасиетін анық көрсетеді. Десе де, аз тамақтанудың да адамға зиян екенін есте сақтаған жөн. Дұрыс жүмыс істеу үшін асқа үйлестірілген көзқарас керек, асыра тамақтану ұйқыны келтіріп, жалқаулық қасиетті дамытады, біз ондай кемістіктен Алладан жәрдем іздейміз. Сол себепті де тамақтануда шеттен шықпау өте маңызды.
 
6. Жақсы сөз айту немесе үндемеу
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Кімде-кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірген болса, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» (Мүслім).

 
Біз отырып, бізге қатысы жоқ заттар туралы әңгіме құратын жағдайларда жиі боламыз. Құнды минуттар мен сағаттарымызды біздің білімізді де, мінезімізді де, басқаны да арттырмайтын нәрселерге құртамыз. Бір адамды немесе жағдайды сөз қылғанда, әңгіме созылып, өсекке айналып кетеді. Бұл көркем сүннет сіздің болмашы нәрселерді талқылауға кететін уақытыңыз бен қуатыңызды сақтайды.Ол қуат пен уақытты Құран оқу, Алланы зікір ету, пайдалы дүниәуи амалдар жасау, немесе екі дүниеде де өзіңізге және басқаларға пайда әкелетін тақырыптарға сөйлесу секілді нәрселерге жұмсауға болады.
 
7. Хиджама жасау (қан алдыру)
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Үш нәрседе ем бар: қан алдыруда, бал шәрбатында, отпен күйдіруде. Бірақ отпен күйдіріп емдеуді ұсынбаймын» (Бұхари).

 
Пайғамбар(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі хиджама жасататын. Бұл емдеу тәсілі тарихта көптеген елдерде қолданылатын. Қан алудың пайдасы сан алуан, оның ішінде – қаннан уыт шығару. Зерттеулер көрсеткендей, қан алу бас ауруы, белсіздік және буын ауруларын емдеуде тиімді. Ол шаршағанды басып, адамның күш-қуатының жоғарлауына көмектеседі.
 
8. Науқасты зиярат ету
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Қарны аш адамды  тамақтандырыңдар, науқастарды зиярат етіңдер және құлдарды азат етіңдер» (Бұхари).

 
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бүкіл ілім бұлағында өзгелерге қамқор болу табылады. Өкінішке орай, таныстарымыз арасында ауыр болсын, жеңіл болсын – сырқаттарға шалдығып жатқан адамдардың барын білеміз. Оларға барып, уақыт өткізуде екі сауап бар. Бір-біріңізге сүйіспеншілік көрсетіп, туыстық/достық байланыстарыңызды мықтайсыздар. Оның үстіне, біреудің ауырудан қатты қиналып жатқанын көріп, бізге сый етіп берілген денсаулығымыз үшін дың , бағаланбайтын  денсаулық бақытын еске салады. Біреудің науқастанғаны туралы келесі рет естігенде, жай ғана «тез жазылып кет» демей, ұмытылған сүннетті қолдануға тырысып, оған барып, көңілін сұраңыз.
 
9. Отырып тамақтану ішу
 
Әнәс (оған Алла разы болсын) баяндағандай:
 

«Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тұрып су ішуге тыйым салған». Одан: «Тамақ жеуге де ме?»- деп сұрағанда, Пайғамбар: «Ол одан да жаман», - деп жауап берді. (Тирмизи).

 
Тұрып ішіп-жейтін адамдар ылғи асығыста секілді көрінеді. Отырып тамақ ішу адамның жеу әдетін баяулатып, тағам көлемі мен жылдамдығын азайтады. Адам тамағын отырып жеген кезде, ол асты асықпастан шәйнайды, ал ол болса адам ағзасына пайдалы әсерін тигізеді. Жалғыз отырып тамақтанғаннан достармен, жанұңямен бірге отырып ас ішу қарым-қатынас бекіту үшін маңызды.
 
10. Оң жақпен жатып ұйықтау
 

«Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұйқыға кеткенде, ол оң жағымен жатып ұйықтайтын» (Бұхари).

 
Адам күнін жемісті және хайырлы өткізгісі келсе, назар аударатын басты жағдайлардың бірі – ұйқы әдебі. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), күндерін өткізуде ең табысты болған, және бұған оның ұйқтау әдісі көп септігін тигізетін. Оның жолын қуу – салауатты да пайдалы өмірдің кілті.
 
11. Үйге «сәлам/бисмилляһ» деп айтып кіру
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Егер адам үйіне кіргенде және тамағын жер кезінде Алланың атын айтатын болса, шайтан жендеттеріне: «Бұл үйде сендерге жататын жер, жейтін тамақ жоқ», - дейді. Егер адам үйіне кіргенде, Алланың атын айтпаса: «Бұл үйде сендерге жататын орын бар», - деп, ал тамақ жегенде айтпаса, шайтан: «Бұл үйде сендерге жататын орын да бар, кешкі ас табар», - дейді. (Муслим).

 
Ешқайсымыз үйіне шайтанды кіргізгісі келмейді. Сондықтан, оның арам істерінен жәрдем іздеу маңызды. Үйге кірерде есігіміз оған ашылмау үшін Алланың атын айту басты нәрсе. Шайтанның мақсаты – бізді Алла разылығына апаратын жолдан тайдыру, сондықтан шайтанның өмірімізге кіріп кететін жолдардың барлығына тосқауыл қою керек. Жауыңыздың басымдылық алуына мұрша бермеңіз!
 
12. «Үш түйінді шешу» тәсілін ұстаныңыз
 
Таң намазға тұру көбіміз үшін күрделі бір мәселе. Жоғарыда айтылғандай, таңғы сағаттар білім алу, жұмыс істеу мен құлшылық жасау үшін ең бағалы уақыт. Ақиқаттың шындығы -  біздің көпшілігіміз осы уақытты өткізіп алатынымызда, себебі таң намазына уақытында тұра алмаймыз.
 
Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
 

«Сендерден кез келгенің ұйықтағанда, шайтан оның желкесіне үш түйін түйіп: «Сенің түнің ұзақ болады, ұйықта», - дейді. Егер адам таң намазына оянып, Алланы мадақтаса, онда бірінші түйін шешіледі. Егер дәрет алса, екінші түйін шешіледі. Ал егер намаз оқыса, онда үшінші түйіні шешіледі. Осылайша ол таңертең сергек тұрады әрі көңіл күйі көтеріңкі болады. Олай істемеген жағдайда, ол таңертең көңілсіз әрі дел-сал болып оянады» (Бұхари).

 
Бұл хадис бізге табысты болу үшін әрекет жоспарын береді: оянып, Аллаға мадақ айту, дәрет алу, таң намазын оқу. Сергек әрі көтеріңкі көңілде болу жемісті күн сүрудің тамаша құрамдас бөлшегі, оған, иншАлла, осы сүннетті ұстана отырып, қолыңызды жеткізесіз.
 
Табысты өмірдің бар құрамдасын дініміз үйрететіні үшін қандай бақыттымыз! ӘлхамдулиЛләһ!

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мұхаммад Ибн Адам Әл-Кәусари: «Сабырлық – екі дүние табысының кілті»
Имам Тирмизидің «Сунанында» Алла Елшісінің (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген хадисі бар: «Адам арасында болып, сабыр сақтаған мұсылман адам арасында болмай, сабыр қылмайты...
3 391
18 декабря, 15
Image
Пайғамбарға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтудың артықшылығы
Алла Тағала біздің үмметке нәсіп еткен ұлы ғибадаттардың бірі – Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту. ...
6 787
12 декабря, 15