Image
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасымен уақыттың кері бұрылғаны рас па?
Сұрақ: Оқуымша, бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әли (оған Алла разы болсын) екінті намазын оқып үлгеруі үшін күн кейін бұрылғанын сұрап дұға жасаған. Осы тақырыпқа қ...
3 363
22 января, 16

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасымен уақыттың кері бұрылғаны рас па?

3 363
22 января, 16
АВТОР ЦИКЛА
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғасымен уақыттың кері бұрылғаны рас па?
Неге Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазды кейде өткізіп қоятын болған?
Сұрақ: Оқуымша, бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Әли (оған Алла разы болсын) екінті намазын оқып үлгеруі үшін күн кейін бұрылғанын сұрап дұға жасаған. Осы тақырыпқа қатысты толық хадис келтіре аласыз ба? Бұл қалайша мүмкін болды?
 
Жауап:
 
Асма бинт Ұмайс (оған Алла разы болсын) риуаят еткендей, бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басын Әлидің (оған Алла разы болсын) тізесіне қойып уахи алып жатқан. Сондықтан Әли екінті намазын уақтылы оқи алмай, күн батып кетті. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) одан: «Йә, Әли! Екінті оқыдың ба?» - деп сұрады. Ол: "Жоқ", - деп жауап берді.
 
Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келесі дұғаны оқыған:
 
«Йә, Алла! Шынында, оның (Әлидің) Саған және Сенің Елшіңе бағынумен қолы босамады, ендеше күнді ол үшін қайтара гөр».
 
Содан соң Асма былай хабарлайды: «Күннің әлдеқашан батып, сосын қайта шыққанын көрдім!»
 
(Имам Тахауидің (рахимахуллаһ), «Шарх Мүшкилил Асары» 1067 хадис)
 
Оған ұқсас оқиғалар алдыңғы пайғамбарлардан да риуаят етіледі. (Фатхүл Бәри, 3124 хадис).
 
Алла Тағала – бар жаратылыстың Әміршісі, сондықтан да Өзінің таңдаулы құлдары үшін уақыт қайтаруда Оған еш қиыншылық жоқ.

Ал Алла жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Мұса пайғамбар(оған Алланың сәлемі болсын) және өлім періштесі
Сұрақ: Өлім періштесі Мұса пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жанын алуға келгенде, ол оны ұрып көзін ағызғаны туралы хадис бар ма?...
4 494
20 января, 16
Image
Періштелер Алланы еске алатын жерде жиналады
Сұрақ: Адамдар Алланы еске алу үшін және дін ілімін (мысалы, ислам дәрістерін) алу үшін жиналатын жерлерді періштелер қоршайды деп көп рет естігенмін. Ол қай хадисте айтылған?...
2 866
10 декабря, 15