Image
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні өз үмбетіне деген шапағаты
Сұрақ: Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні өз үмбетіне шапағат жасауы жайында айтылған хадистің толық нұсқасын келтіріңізші. ...
2 820
12 февраля, 16

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні өз үмбетіне деген шапағаты

2 820
12 февраля, 16
АВТОР ЦИКЛА
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні өз үмбетіне деген шапағаты
Сұрақ: Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні өз үмбетіне шапағат жасауы жайында айтылған хадистің толық нұсқасын келтіріңізші. 
 
Жауап:
 
Бұл белгілі хадис көптеген әйгілі жинақтарда, соның ішінде Бұхари мен Муслимде келтіріледі. Бұхариде келесі нұсқасы берілген:
 
Әбу Хурейра (оған Алла разы болсын) бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған ет әкелуін сұрады дейді. Ол оған өзі сүйіп жейтін қой жауырынын әкелді. Ол одан бір тістеп, былай деді:
 
«Мен Ақыретте барлық адамдардың басшысы боламын. Сендер бұның себебін білесіңдер ме? Өйткені Алла адамдардың барлығын - алғашқылары мен соңғыларынмахшар алаңына жинайды. Ал күн болса оларға жақындатылып, оларды шыдамдары таусылатындай қиналтады.
 
Олар бір-біріне: «Сендер қандай жағдайға жеткендеріңді көрмейсіңдер ме? Сендер өздерің үшін болысатын шапағатшыны іздемейсіңдер ме?», - дейді.
 
Олар Адамға (оған Алланың сәлемі болсын) келіп, былай дейді: «Йә, Адам, сен - адамдардың әкесісің, Алла саған Өзінің рухынан үрледі, Оның әмірімен періштелер сенің алдыңда сәжде жасады. Біз үшін өзіңнің Раббыңның алдында болысып шапағат жасамайсың ба! Сен біздің қандай күйге жетіп, қандай жағдайда тұрғанымызды көрмейсің бе?».
 
Адам (оған Алланың сәлемі болсын) оларға: «Бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды. Ол маған ол ағаштың жемісін жеуге тыйым салды, ал мен болсам оның айтқанын орындамадым! Мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер менен басқаға, Нұхқа (оған Алланың сәлемі болсын) барыңдар», - дейді.
 
Адамдар Нұхқа (оған Алланың сәлемі болсын) барып: «Йә, Нұх, сен жердегі Алланың ең бірінші елшісісің, және Алла сені ардақты құлым деп атады. Біз үшін өзіңнің Раббыңның алдында болысып шапағат жасамайсың ба?» - дейді.
 
Сонда Нұх: «Бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды. Менің жердегі өмірімде Аллаға бір дұға айтуыма рұқсат берілген болатын, мен сол дұғаны өзімнің халқым үшін жасап қойдым. Мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер менен басқаға, Ибраһимге (оған Алланың сәлемі болсын) барыңдар», - деп жауап береді.
 
Адамдар Ибраһимге (оған Алланың сәлемі болсын) барып: «Йә, Ибраһим, сен - Алланың пайғамбарысың және Оның досысың. Біз үшін Раббыңның алдында болысып шапағатшы болсайшы! Сен біздің қандай жағдайда тұрғанымызды көріп тұрған жоқсың ба?» - дейді.
 
Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) оларға: «Бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды. Кезінде мен үш рет шындықты айтпаған едім, сол үшін қорқамын. Ал сендер менен басқаға, Мұсаға барыңдар», - дейді.
 
Адамдар Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) барып: «Йә, Мұса, сен - Алланың елшісісің, және Алла сенімен сөйлесіп, сені басқалардан гөрі жоғары бағалады. Біз үшін Раббыңның алдында болысып шапағатшы бол! Сен біздің қандай күйде тұрғанымызды көрмейсің бе?»
 
Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) оларға: «Бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды. Мен маған әмір етілмеген адамды өлтірдім. Мен өзім қорғанға мұқтажбын, ал сендер менен басқаға, Исаға барыңдар», - деп жауап қайтарады.
 
Адамдар Исаға (оған Алланың сәлемі болсын) барып: «Йә, Иса, сен – Алланың елшісісің, әрі Оның Мәриямға сыйлаған Сөзісің және Оның рухысың. Сен адамдармен бесікте жатқан кезіңде сөйлестің. Біз үшін Раббыңның алдында болысып шапағат жасасайшы! Сен біздің қандай күйге жеткенімізді көрмейсің бе?» - дейді.
 
Иса (оған Алланың сәлемі болсын): «Бүгін менің Раббымның ашуланғаны соншалық, Ол бұдан бұрын бұлай ашуланған емес және бұдан кейін де бұлай ашуланушы болмайды. Менің үмметім мені Алланың ұлы деп, құдай дәрежесіне көтеріп қойды. Мен өзім шапағатқа мұқтажбын, ал сендер менен басқаға, Мұхаммедке барыңдар», - дейді.
 
Сонда адамдар Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барып: «Йә, Мұхаммад, сен - Алланың елшісісің және Пайғамбарлардың мөрісің. Алла сенің өткен және болашақ күнәләріңнің бәрін кешірді. Біз үшін өзіңнің Раббыңның алдында болысып шапағатшы болсайшы! Сен біздің қандай күйде тұрғанымызды көрмейсің бе?» - дейді.
 
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына былай айтады: «Сонда мен Алланың Аршысының жанына барып, Раббымның алдында сәждеге құлаймын. Сосын Ол маған бұрын соңды ешкімге ашпаған мақтау мен мадақтау сөздерін ашады. Ол маған: «Йә, Мұхаммад, басыңды көтер. Сұра, сұрағаның беріледі. Шапағатшы бол, сенің шапағатың қабыл алынады», - дейді.
 
Сонда мен басымды көтеріп: «Йә, Раббым! Үмбетім, үмбетім!» - деймін.
 
Сонда маған: «Йә, Мұхаммад, үмбетіңнен есептен босатылғандарды жәннаттың оң қақпасынан кіргіз», - делінеді.
 
Сосын Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаным қолыңда Болғанның атымен ант етемін, жәннат қақпаларының екі жармасының арасы Мекке мен (Йемендегі) Химьярдың, не Мекке мен Шамның арасындай», - деді».
 
(Сахих Бұхари, 4712 хадис).
 
Ал Алла Тағала жақсы біледі.

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ғайыпты (кәшф) білемін деу әрдайым ширк болып саналады ма?
Сұрақ: Әбу Ханифа (оғанАлланың рақымы болсын) туралы бір кітапта ол «дәрет алып отырған адамның дене мүшелерінен су тамшыларымен бірге күнәлары ағып жатқанын көретін» деп айтылған. Ал менің ...
2 571
26 января, 16
Image
Адамның Исламға дейінгі жасаған жақсы амалдары жайлы шешім
Сұрақ: Исламды қабылдаған адамның Исламға дейін жасаған игі істері қабыл алынады деген рас па?...
3 128
21 января, 16