Image
Пайғамбарымыз Мұхаммед, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), қандай азық және тағам түрлерін қолданған?
Төмендегі тізімде Алла Елшісі, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), әдетте өзі қолданған әрі өзгелерге де кеңес еткен азық пен тағам түрлері келтірілді. Ал, толығырақ, нақты тізім мүфти...
5 442
17 марта, 15

Пайғамбарымыз Мұхаммед, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), қандай азық және тағам түрлерін қолданған?

5 442
17 марта, 15
АВТОР ЦИКЛА
Пайғамбарымыз Мұхаммед, (Оған Алланың  игілігі мен сәлемі болсын), қандай азық және тағам түрлерін  қолданған?

Сұрақ: 1. Пайғамбарымыздың, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), сүннеті болған азық пен тағам түрлері туралы көбірек білгім келеді – ол  қандай көкөніс, жеміс, ет, сусын түрлерін және тағамдарды ұнатқан?2. Жасап жатқан еңбектеріңіз үшін, әсіресе сауалдарымызға жауап беріп, бізді тура жолға бастап жүрген мүфти Ибрагим Десаиге үлкен алғысымды білдіргім келеді.


Жауап:
 
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.
 
Әссәләму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!
 
Төмендегі тізімде Алла Елшісі, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), әдетте өзі қолданған әрі өзгелерге де кеңес еткен азық пен тағам түрлері келтірілді (1).
 
Ал, толығырақ, нақты тізім мүфти Мұхаммед Ахмад Касимнің «Шамаиль-и-Кубра» кітабының (урду тілінде жазылған) 1-ші томында көрсетілген, біз келтірген тізім де осы кітаптан алынды.

Ағылшын тіліндегі аудармасында бұл еңбек «Алла Елшісінің, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), көркем  жүріс-тұрысы » деп аталады, 1-ші том.
 
Ет және соған ұқсас азықтар:
 
Түйе, тауық, қоян, бөкен, тау ешкісі, балық, шіл(құс) және хубара ( құс, бірақ, құстың қай түрі екені жөнінде талас бар). Кейбір ғұламалар оны бөдене деп санаса, тағы бірі қаздың бір түрі деген, ал, қалған ғұламалар оны тез ұшатын, қоңыр түсті құс дейді.
 
Ал, сиыр етіне келсек, Пайғамбарымыздың, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), оны жегендігі жайлы ешбір сенімді дәлелдер жоқ. Дегенмен, бір кездері ол сиыр сойып, оның ас ішер алдында сиыр еті болғаны жайлы мәлімет бар. Бұл туралы мауляна Ашраф Али Санави (Алла оны рақымына алсын)«Бавадир ан-Навадир», (356 б.) кітабында жазады.
 
Көкөністер:
 
Асқабақ, қызылша, таро (бұл Азия, Африка мен өзге оңтүстік елдерде кезігетін өсімдіктердің жалпы атауы, Үндістан мен Пәкістанда ол арви немесе арби деп танылған ), қияр мен тұз, және пияз (жуа).
 
Жемістер:
 
Құрма (өзін жеке немесе  су, сүт, май, нан, қияр, хош иісті қауын (мускусная дыня), қарбыз секілді азық және сусындармен бірге).
 
Кабат (арак ағашының жемісі). Арак –бұл ағаш түрі, оның тамыры мен бұтақтарынан мисуак (тіс тазалайтын таяқша) дайындалады. Алляма Айнидың пайымдауынша, мұндай асты Пайғамбар, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Исламның алғашқы жылдары мұсылмандар өте кедей болған кезеңде қолданған. Ал, кейінірек ол, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), мұсылман қауымының жағдайы түзелген соң бұл жемістерді қолданбаған.
 
Сусындар:
 
Пайғамбарымыз, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), қолданған сусындар арасында: су, бал қосылған су, сүт, су қосылған сүт (бұл қоспа жеке қолдануға жараған және ыстық климатта су сүтті салқындату үшін қажет болған)
 
Сонымен бірге, Алла Елшісі, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), набиз (бұл – сусын, оны мейіз бен құрғақ құрманы суда жібітіп, тәтті болғанша, бірақ, ашып кетпегенше ұстап, даярлаған). Егер бұл сусынды таң ертең даярласа, оны кешкісін ішкен, ал, кешке дайын болғанды, түске жақын ішкен.
 
Тағам түрлері:
 
Тәттілерден (халуа), бал, хариса ( ет пен бидай талқанынан жасалған тағам), хайс (құрма, немесе жаңа дайындалған ірімшік (кейде ірімшік орнына ұн болған) пен еріткен майдан жасалатын тағам, қазіргі тілмен айтқандағы  десерт). Хазира  (етті суда қайнатып оған ұн мен кебек(отруби) қосқан), хабис (бұл да бізше десерт түрі, құрма, бидай мен еріткен майдан жасайды), савик (арпа мен бидайдан жасалған ботқа), дашиша ( ет пен құрмадан жасап, бидайға араластырып қайнатқан) (2).
 
Сарид (бұл тағам, нан тілімдерін ет сорпасына малып, тұздықпен ұсынылады), асқабақпен жасалған сарид, ірімшік, сірке суы, арпа мен бидай ұнынан жасалған нан. Ал, бір сөзінде Алла Елшісі, (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), тальбинаны (арпа ұны немесе кебектен (отруби) жасалған), жеуді ұсынып:
 

«Тальбина ауырған адамның жүрегін тыныштандырады әрі қайғының жартысын әкетеді», - дегені мәлім (3).


Алла Тағала жақсырақ Білуші.

 

شمائل كبرى ١/ ٥٩ - ٩٧ و ١٢٣ – ١٢٧ [i]
 
قال ابن قتيبة: الخزيرة لحم يقطع صغاراً ويصب عليه ماء كثير فإذا نضج ذر عليه الدقيق فإن لم يكن فيها لحم  [ii]
فهي عصيدة. وقال الهيثم: إذا كان من دقيق فهي حريرة، وإذا كان من نخالة فهي خزيرة. وقال ابن السكيت: الخزيرة النَّفِيتة (139) من لبن أو ماء أو دقيق يتوسع به.
(139) في (ج) "النفيئة" فهي تحريف.
 المعلم بفوائد مسلم، ١/ ٤٣٧
 
أنها كانت إذا مات الميتُ من أهلِها، فاجتمع لذلك النساءُ، ثم تفرقن إلا أهلَها وخاصتَها، أمرت ببُرمةٍ من [iii]
 تلبينةٍ  فطُبختْ، ثم صُنع ثريدٌ فصبَّت  التلبينة عليها، ثم قالت : كُلن منها، فإني سمعتُ رسولِ اللهِ صلَّى اللهُ عليهِ وسلَّمَ  يقول :  التلبينةُ مُجمةٌ لفؤادِ المريضِ، تذهب ببعضِ الحزنِ
  صحيح البخاري  الرقم: ٥٤١٧ 

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы – Барака Умму Әйман
​​​​​​​Ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы мен бағушысы болған Барака Умму Әйман, ол кісіге Алла разы болсын, Алла елшісінің (ол кісіге Алланың и...
1 460
2
12 февраля, 18
Image
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапардан оралған сайын қызы Фатиманы (Алла оған разы болсын) сүйгені рас па?
Сұрақ: Пайғамбар (оған Алланың игілігі  мен сәлемі болсын) сапардан оралған сайын қызы Фатиманы (Алла оған разы болсын) сүйгендігі айтылған хабарлама бар ма?...
2 012
22 января, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Қытай императорының Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайында жазған мадақ өлеңі
Император Чжу Юаньчжан Қытайды 1368 жылдан 1398 жылға дейін басқарып келген. Ол бүкіл елді жаулап алып, моңғолдық Юань династиясын күйреткен Мин әулетінен шыққан алғашқы әмірші. Өзі мұсылман...
4 552
2
10 ноября, 14