Image
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?
Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нақты қай күні дүниеге келгені тарихшылар мен ғұламалардың арасында пікірталас тудырған. Ибн Джәузи Пайғамбардың (оған Алланың ...
7 357
22 ноября, 17

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?

7 357
22 ноября, 17
АВТОР ЦИКЛА
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?
Ан-Ниса
Источник:
АН-НИСА

Мұсылман әйелдер порталы

Azan.kz
Перевод:
AZAN.KZ

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Какого числа родился наш Пророк (мир ему и благословение Аллаха)?
Сұрақ: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?

Жауап:
 
Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нақты қай күні дүниеге келгені тарихшылар мен ғұламалардың арасында пікірталас тудырған. Ибн Джәузи Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (біздің заманамыздың 570 жылы) Рабиуль-Әууәл айында жарық дүние есігін ашқандығы жайлы ғұламалардың иджмасын келтірген.
 
Көптеген адамдар Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рабиуль-Әууәлдің 12-ші жұлдызында дүниеге келген деп сенеді. Бірақ, ғұламалардың көпшілігінің пікіріне сәйкес, оның дәл қай күні туылғандығы беймәлім.
 
Әбу Қатада (Алла оған разы болсын) Мұхаммед Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралғандығын хабарлаған. Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген:
 
«Бұл – менің жарық дүние есігін ашқан күнім және маған ең алғаш уахи түсірілген күн». (Сахих Муслим)
 
Жоғарыда баяндалған хадистен белгілі болғандай, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күні дүниеге келген.
 
Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәл қай күні туылғандығына қатысты пікірлер әр түрлі.
 
  • Көрнекті ғұлама Әл-Кәусәри (Алла оны рақымына бөлесін) Рабиуль-Әууәлдің 9-шы жұлдызын дұрыс деп біледі (Мәқаләтул Кәусәри).
     
  • Үлкен ғұлама имам Қасталәни (Алла оны рақымына бөлесін) де көпшілік ғұламалар мен тарихшылардың Рабиуль-Әууәл айының 9-шы жұлдызын дұрыс көретіндігін жазған.
     
Көптеген ұлы оқиғалар Алланың ең соңғы елшісі – Абдалланың ұлы Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келмес бұрын орын алған. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абраха патша пілдердің үлкен әскерінің көмегімен Қағбаны талқандамақ болған оқиғадан елу немесе елу бес күн өткеннен кейін туылған. Сол себепті де арабтар сол жылды «піл жылы» деп атап кеткен.
 
Ал, ең дұрысын Алла біледі.

СТАТЬИ ПО ТЕМЕ

Image
Ережеп айының айрықша оқиғалары
Барша халықтардың тарихында елеулі оқиғалар, елеулі күндер, апталар және айлар бар. Мұсылмандардың да тарихы да сондай. Біздің тарихымыз еске алуға тұрарлық оқиғалар мен құбылыстарға бай. ...
7 517
23 марта, 18
Image
Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар
Əссəлəумағалейкум уə рохматуллаһи уə бəрəкəтуһ, құрметті бауырлар мен əпке-қарындастар! Алланың қалауымен 2018 жылдың 18 наурызында мүбәрак Ережеп айы басталды, осыған орай, жиі қойылатын сұ...
14 622
19 марта, 18

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Неге Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазды кейде өткізіп қоятын болған?
Сұрақ: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейде намазды өткізіп, содан соң қазасын өтеп жүргені қалай түсіндіріледі? Мысалы, Хандақ шайқасы кезінде Пайғамбар (оған Алланың иг...
3 417
19 января, 16
Image
Тәлбина – мүбәрәк Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті асы
Тәлбина (تلبينة) – араб ботқасы. Бұл тағам ләбән, яғни сүттен жасалатын болғандықтан «тәлбина» деп аталған. Бұл өте пайдалы тамақ, сондай- ақ мұны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәл...
11 114
5
23 июня, 15