Image
Қабірлерді қалай зиярат еткен дұрыс?
Қабірді кез келген уақытта зиярат етуге болады. Алайда, зияратты дәрет алып, жұма күні жасаған абзалырақ. Егер кімде-кім жүніп күйде болса, оған Құранды ұстауға болмайды, Құранға қолын тигіз...
5 240
4 сентября, 15

Қабірлерді қалай зиярат еткен дұрыс?

5 240
4 сентября, 15
АВТОР ЦИКЛА
Қабірлерді қалай зиярат еткен дұрыс?
Сұрақ: Менің қабірді зиярат етуге байланысты бірнеше сұрағым бар:
 
1. Сүннет бойынша қабірді қалай зиярат ету керек: қандай сүре, дұға оқу керек, қай күндері оқу керек және т.б.?

2. Мен әкемнің мазарының басына ұдайы барып тұрамын. Сауап аламын деген үмітпен, абзал амал ретінде оны зиярат етемін. Мұным дұрыс па?

3. Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірді зиярат ететін дағдысы болғандығына Сүннеттен дәлелдер бар ма?

4. Қабірге гүл апаруға бола ма? О дүниелік болғандар үшін қандай ізгі амал жасай аламыз?
 
Жауабы:

Әссәләмуғалейкум уа рахматуллахи уа баракәтух!

1. Қабірді зиярат ету ережелеріне қатысты айтарымыз:
 
Қабірді кез келген уақытта зиярат етуге болады. Алайда, зияратты дәрет алып, жұма күні жасаған абзалырақ. Егер кімде-кім жүніп күйде болса, оған Құранды ұстауға болмайды, Құранға қолын тигізбеген күннің өзінде. Әйткенмен, оған жүніп күйінде қабірді зиярат ету рұқсат етіледі және ол мына дұғаны оқи алады.
 
(Раддуль Мухтар, 2-том, 242-бет, Фәтәуа Махмудийя, 9-том, 191-бет).

 

Бейіт басына барғанда алдымен төмендегі сөздерді айтып, қабірде жатқандарға сәлем беру керек:

 

السلام عليكم دار قوم مؤمنين ، وإنا إن شاء الله بكم لاحقون


«Сіздерге сәлемболсын, уа, бұл жерде(мекенде) жатқан му`миндер мен мұсылмандар! Расында, Алла  қаласа,біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз». (Раддуль Мухтар, 2-том, 242-бет).

Содан соң Қасиетті Құраннан үзінді оқу қажет. «Ясин» сүресін оқыған абзалырақ.
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисте былай деген:
 

من دخل المقابر فقرأ سورة يس خفف الله عنهم يومئذ ، وكان له بعدد من فيها حسنات


 «Егер кімде-кім бейіт басына «Ясин» сүресін оқып кіретін болса, Алла сол уақытта қабірдегілердің жазасын жеңілдетеді және оқылған Құранның сауабы қабірде жатқан адамдардың бәріне тиеді». (Шарх әс-судур фи әхуәл әл-мәута уәл-қудур ли Суюты, 304-бет)
 
А лайда, бұл сізге қиындық тудырса, Құраннан төмендегі аяттарды оқуға болады:
 
 «Әл-Фатиха» сүресін және «Бақара» сүресінің алғашқы бес аятын;
 «Бақара» сүресінің соңғы аяттарын;
 «Мүлк» сүресін;
 «Тәкәсур» сүресін;
 «Әл-Ихлас» сүресін үш, жеті, он бір немесе он екі рет.
 
Құранды оқып болғаннан кейін Алладан оның сауабын қабір мекендеушілеріне жазуын сұрау қажет. Сонымен қатар, қабірді зиярат ету кезінде марқұм болғандар үшін мынадай дұға жасауға болады:
 

وفي شرح اللباب ويقرأ من القرآن ما تيسر له من الفاتحة وأول البقرة إلى المفلحون وآية الكرسي - وآمن الرسول - وسورة يس وتبارك الملك وسورة التكاثر والإخلاص اثني عشر مرة أو إحدى عشر أو سبعا أو ثلاثا ، ثم يقول : اللهم أوصل ثواب ما قرأناه إلى فلان أو إليهم .

 
(Раддуль Мухтар, 2-том, 242-бет, Фәтәуә Махмудийя, 9-том, 191-бет).
 
2. Қабірді зиярат ету шынымен де абзал амал (мандуб) болып саналады (1) (2).
 
Қабірді зиярат етуде көптеген пайда бар: зиярат етуші ажалды ойлап, өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін және бұл дүниенің жалған екенін есіне алады. Оның үстіне, өлілер де пайдаға кенеледі. Себебі, зиярат етушілер олар үшін дұға жасап, оқылған Құранның сауабын соларға арнайды.
 
3. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадағы әл-Бақи зиратына барып, сол жерде жерленгендер үшін дұға қылатын болған (3).
 
4. Кейбір мұсылмандар марқұмдардың мазарларына гүл апарады. Бұл әрекеттің шариғатта ешқандай негізі жоқ. Басыңа түскен қайғыны немесе марқұмдарға деген ізгі ниетіңді бұлай білдіру – кәпірлерге тән ғұрып. Өлілерге шын пайда әкелу үшін ғибадат (құлшылық) жасап, соның сауабын марқұмдарға арнаған жөн. Мәселен, Құран оқуға, ораза ұстауға немесе абзал болған намаз оқуға, марқұмның атынан садақа беруге болады. Бұл амалдар игілікті болып табылады әрі, инша Алла, марқұмдарға пайда береді.
 
Ең дұрысын Алла біледі.
 
قولهوبزيارةالقبور) أيلابأسبها،بلتندبكمافيالبحرعنالمجتبى) [1]
  ردالمحتار،٢ / ٢٤٢
 
وفيهذاالحديثدليللاستحبابزيارةالقبوروالسلامعلىأهلهاوالدعاءلهموالترحمعليهم [2]
  شرحالنوويعلىمسلم،٧/ ٤١
 
قولهصلىاللهعليهوسلماللهماغفرلأهلبقيعالغرقد [3]
المرجعالسابق

ИНТЕРЕСНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Image
Ашуланба – Жәннәті боласың!
Ашу – адамдарға сыртқы әлемнен қорғану үшін берілген табиғи әрі сан қырлы сезім. Егер оны саналы істерге пайдаланар болса, ол жақсы нәтижелер береді, алайда оны игере алмаған жағдайда құрдым...
5 624
26 мая, 15
Image
Қалай өмір сүрсең, жан тапсыруың да солай (сондай халде) болмақ..
Дініміз Ислам біздерді өлім жайлы, соңғы қоныстар тұрағымыз – қабір жайлы көбірек ой жүгіртуге үйретеді. Өлімнің жеңіл болуы пенденің өзіне байланысты, яғни, ажал келместен бұрын адам мейлін...
5 984
14 апреля, 15